Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2309 материал табылды

Медицина • 22 Қаңтар, 2023

Тиімді дәрігерлік тәжірибе алмасу

Ертеден келе жатқан ескі кеселдің бірі – талма ауруы жайлы талай трактаттар жазылған, әлі де зерттелуде. Дамыған медицинаның өзі тұқым қуалайтын дерттің дауасын толық таба алмаса да, мидың созылмалы ауруына шалдыққандардың денсаулығын озық медициналық технологиялар, операция­лар көмегімен жеңілдетуге, жақсартуға болады.

Қазақстан • 20 Қаңтар, 2023

Үш қалада 3580 call-орталықтары жұмысын бастады

Психиатр мамандарымыз зерттей келе, адамдар қиын жағдайларға тап болып торыққанда түрлі қателіктерге ұрынатынын, тіпті өз-өзіне қол салуға дейін баратынын, бірақ тікелей психитриялық көмек көрсететін медициналық мекемелерге қаралуға қаймығатынын алға тартып келеді.  Ендігі жерде денсаулық сақтау саласы сөзден нақты іске көшіп, бір айдан бері Алматы, Тараз және Семей қалаларында call-орталықтарды іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кино • 16 Қаңтар, 2023

Қалыңдығын іздеген грузин хикаясы немесе актер Фархад Әбдірайымовтың соңғы рөлі

Жаһанды жайлаған індет кезінде Қазақстан мен Грузия кинематографистері бірігіп, «Махаббаттан да маңызды» («Больше чем любовь») атты романтикалық комедия түсіруді бастаған болатын. Амандық болса, алдағы наурыз айында аталған фильмнің тұсауы кесіліп, еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бас­тайды.

Медицина • 15 Қаңтар, 2023

Нәрестені неонатальді тексеруден өткізу маңызды

Қазіргі медицинаның артықшылығы – дүниеге шыр етіп келген кез келген нәресте, әсіресе шала туған шараналар перзентханада міндетті неонатальді скринингтен өтеді. Мұндай скрининг біздің елде ғана емес, басқа елдерде де жүргізіледі.

Өнер • 13 Қаңтар, 2023

Сыншылар сыйлығы қай театрға бұйырды

Қоштасқанымызға санаулы күндер ғана өткен ескі жылда Алматыда Қазақстан Республикасы Театр сыншылары қауым­дастығы өзінің дәстүрлі сыйлығына қандай қойылым лайық­ты екендігін анықтаған-ды. Сыншылар қауым­дасты­ғының нұсқасы бойынша «Жылдың үздік балеті» атағы «Астана Балет­тің» «Жібек жолы» спектакліне берілді.

Экономика • 13 Қаңтар, 2023

Тауар сертификаты – өнімнің айнасы

Қазіргі таңда Алматыда тауар өндіру көлемі артып келеді. Осыған сәйкес кәсіпорындарға берілген тауардың шығу түбін растайтын сертификат саны 2 есеге өсті.

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2023

Бестөбе шахтасынан заңсыз алтын өндірген адамның мәйіті табылды

Бестөбе кенішінің жұмыс істемейтін шахтасының аумағында заңсыз алтын іздеушінің мәйіті табылды. Бұл туралы шахтаның кезекші қызметкері полицияға хабарлаған. Оның қасында бірге заңсыз алтын іздеген адамдар мәйітті сыртқа көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 11 Қаңтар, 2023

Экономикалық қарақшылық нарықты да, халықты да діңкелетіп отыр

Заңды белінен басып, авторлық құқықтардан аттап өтіп, өтімді тауарлардың көшірмесін жасау – кез келген мемлекеттің басын қатырып келе жатқан өзекті мәселенің бірі. Түрлі технологиялар дамыған сайын экономикалық қарақшылық та заманауи сипатқа ие болып, контрафактілік өнімдер ел экономикасына орасан зиянын тигізіп отыр.

Өнер • 10 Қаңтар, 2023

Қайта оралған «Азия дауысы»

Осыдан 33 жыл бұрын «Медеу» мұз айдынында тұсауын кескен «Азия дауысы» халықаралық фестивалі аз уақытта талай дарынды танытқаны баршамызға аян. Осынау музыкалық думан аясында өткен қызықты да тосын оқиғалар жадымыздан шыға қойған жоқ. Әлемнің әр шалғайындағы даңқы жер жарған өнерпаздарды Алматы төрінде тоғыстырып, әлі танылмаған жас әншілердің томағасын сыпырған да осы «Азия дауысы» болатын. Өкінішке қарай, аталмыш фестиваль кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты тоқтап қалған еді. Енді, міне, араға 18 жыл салып «Азия дауысы» үлкен сахнаға оралды.

Медицина • 09 Қаңтар, 2023

Заманауи қабылдау бөлімі

Мегаполистегі ең ірі емдеу мекемелерінің бірі – №7 қалалық клиникалық ауруханасының операциялық бөлімшесі бар жаңа қабылдау бөлімі жұмысына кірісті. Алматы халқының ауқымды бөлігіне ем-дом жасап, дер­тіне дауа тауып келе жатқан аурухананың жаңа қабылдау бөлімі шамамен 2 мың шаршы метрді алып жатыр.