Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2309 материал табылды

Әлем • 03 Қазан, 2019

«Қазақстан аруы» Лондондағы әлемдік сайыста еліміздің әсем жерлері туралы баяндайды

Биыл сәуір айында ел сұлуларының ішіндегі ең сұлу 19 жастағы павлодарлық студент Мәдина Батықтың бағы жанып, «Қазақстан аруы» атанғаны аян. Енді алдағы күндері, яғни 14 жел­тоқсанда Лондонда өтетін 69-шы «Әлем аруы» сұлулық байқауына біздің елімізден Мәдина Батық барады.

Аймақтар • 02 Қазан, 2019

Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығына 70 жыл

Бүгін Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясында Денсаулық сақтау министрлігінің Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қауіпті инфекциялар: «Жаңа сын-тегеуріндер – болашаққа көзқарас» атты халықаралық ғылыми конференциясын бастады.

Медицина • 02 Қазан, 2019

Алматылықтар медициналық сақтандыру жарнасын төлеуде алдыңғы орында тұр

Алматы қаласы медициналық сақтандыру жарнасын төлеу жағынан алдыңғы орында тұр. Қорға түскен қаржының бестен бір бөлігі бұрынғыша оңтүстік астаналықтарға тиесілі.

Қоғам • 01 Қазан, 2019

Алматыда «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта - 2019» халықаралық конгресі өтеді

Осы апта, яғни 3 қазанда Алматыда VI Халықаралық «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта - 2019» конгресі (ОАГА) өз жұмысын бастайды. Іс-шараны ұйымдастыруға Денсаулық сақтау министрлігі, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Бауырды зерттеу бойынша Қазақ қауымдастығы, Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы мұрындық болып отыр.

Қоғам • 30 Қыркүйек, 2019

«Ковчег» балалар үйі қар барысымен танысты

«Шин-Лайн» компаниясы талғарлық «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Қызыл кітапқа енген, Қазақстанның символы саналатын барысын зерттеуге маманданған қазақстандық ғалыммен танымдық кездесу ұйымдастырды. Балалар үшін бұл кездесу кездейсоқ емес. Өйткені, аты аңызға айналған қар барысы Талғар тауларын мекендейді.

Қоғам • 30 Қыркүйек, 2019

Қыздар университеті балаларды ұлттық ойындарға баулиды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Аулаға асығыңыз!» атты әлеуметтік жоба бастау алды.

Қоғам • 30 Қыркүйек, 2019

Иордания ханшайымы Дина Майред Қазақстанға келеді

Алдағы 15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Hilton Expo Hotel» мен «Expo Астана» Конгресс орталығында Онкологиядағы Бүкіләлімдік көшбасшылар Саммиті (World Cancer Leaders' Summit 2019) өтеді.

Руханият • 30 Қыркүйек, 2019

Меценат мектепті жөндеп, ауылына су тартып берді

Кейде журналистерді күтпеген сапарлар шақырады. Әріптестеріміздің қолқалауымен аяқ астынан еліміздегі әйгілі үш мектептің бірі – Жетісу өңіріндегі Мамания мектебін көреміз деп кім ойлаған. Қазақ даласында бой көтерген алғашқы Жәңгір хан, Ыбырай Алтынсарин мектептерінен кейін іргетасы қаланған, Жетісудың атақты байы Маман бидің балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылар 1899 жылы ұйымдастырып, 1903-1904 жылдары салып бітірген тарихи оқу ордасынан осылайша табылғанымыз бар. Бұл мектептің құрылыс жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы «Ғалия» медресесінің тәжірибесіне негізделгені аян.

Қоғам • 27 Қыркүйек, 2019

Қарпып қалу қағидасы

Соңғы кезде атаулы әлеуметтік көмекке қатысты көзқарастары қабыс­пай­тын тараптардың пайда болғанын бай­қап отырмыз. Халықтың әлеуметтік масылдығы туралы да, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы да екіұдай ой, түрлі пайым бар.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2019

ХҚО мамандары ыммен қызмет көрсетеді

Биыл 1300-ден астам ХҚО маманы қазақша ишарат тілі курсынан өткен. Жыл сайын 23 қыркүйек – Халықаралық ым тілдері күні ретінде атап өтіледі. БҰҰ осынау арнайы датаны 2017 жылы белгілеген болатын.