Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2310 материал табылды

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Қазақ ұлттық би академиясы Еуроодақтың 2 грантына ие болды

Бұл туралы Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратованың Академияның 2018-2019 оқу жылының қорытындысы туралы елге есеп берген кезінде қуана мәлімдеді.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Алматының жас ғалымдары өнертабыс патентіне ие болды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалымдары «Bi0,1Dy0,9MnO3 құрамды висмутпен допирленген диспрозий манганитін алу жолы» атты патентке ие болды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019

АИТВ жұқтырғандардың 10 пайызы ем қабылдамайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметі бойынша әлемде АИТВ жұқтырғандардың саны 37 млн-нан асып жығылады. Бұл дерек мұнан да көп болуы ықтимал. Өйткені дауасыз дертке шалдыққандардың бір бөлігі өз ахуа­лынан хабарсыз болып келеді. Оны абайсызда жұқтырған жасөспірімдердің бірқатары ата-анасына өтірік айтуға, жағдайды жасыруға мәжбүр.

Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

Лондонда «Астана Балет» театрының гастролі қошеметпен аяқталды

Бұл күндері даңқты «Ковент Гарден» Қазақстанның балет труппасын алғаш рет үлкен қошеметпен қарсы алғаны өнерсүйер қауымға аян. «Астана Балет» әртістері Корольдік театрдың жаңа – Линбури Холл сахнасында өнер көрсетті. Лондонның талғампаз көрермені астаналық ұжымның шеберлігіне тәнті болып, гастрольдік бағдарламаны зор қошеметпен қабылдады. Көрермен залында ине шаншыр орын қалмады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Технология • 16 Қыркүйек, 2019

Суперкомпьютер ұсыну жөніндегі құжатқа қол қойылды

Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездескені белгілі. Жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу аясында маңызды мемлекетаралық құжаттарға, оның ішінде Қазақстан тарапына суперкомпьютерді ұсыну жобасы бойынша ынтымақтастық туралы ҚР мен ҚХР Үкіметтері арасындағы келісімге қол қойылған. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019

Цифрлық даму министрлігіне қарасты мекемелер экочэлленджді жалғастырды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді. Республикалық чэлленджге министрлікке қарасты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Зерде» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар акцияға министр Асқар Жұмағалиевте қатысты.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

Алматыда Университеттердің жаһандық саммиті өтеді

Алдағы күндері әлемнің әр шалғайындағы университеттердің белді өкілдері Қазақ жерінде тоғысады. 18-19 қыркүйекке белгіленген жаһандық саммит еліміздің жетекші жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтеді. Бұл шара ең алдымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарын іске асыруға, отандық жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және білім беру қызметтерін экспорттауға бағытталған.

Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2019

Онкологиядағы әлемдік медицина майталмандары Қазақстанға келеді

Алдағы 15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Онкологиялық  Бүкіләлемдік көшбасшылар Саммиті (World Cancer Leaders' Summit 2019) өтеді. Аса ауқымды шара «Hilton Expo Hotel» және «Expo Астана» Конгресс орталығында өткізіледі деп ұйғарылған.

Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2019

Алматыда «Ұлы дала тарихы» оқулығы жарыққа шықты

Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ұлы дала тарихы» атты оқулық жарық жарық көрді.

Руханият • 06 Тамыз, 2019

Ыстамбұл шаһарында әл-Фараби үйі ашылды

Келесі жылы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы атап өтілетіні аян. Заманалар ғұламасының мерейтойына орай, кіндік қаны тамған Қазақ елі де біраз ілкімді істерге ұйытқы болып отыр.