Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2302 материал табылды

Пікір • 14 Қаңтар, 2024

Салық мәдениеті

Жаңа жыл басталғалы бері қара басына жұмыс істеп келе жатқан жеке кәсіпкерлер мен такси жүргізушілерінің мобильді аударымдардан бас тартуы жұртты әбігерге салып отыр. Қандай да бір қызмет түрімен күнелтіп жүрген отандастарымыз табысын түгел тартып алатындай күй кешіп жатыр. Ал осының бәрі де білмегендіктен, жаңа талапты толық түсінбегендіктен туындап жатқаны аян.

Жастар • 14 Қаңтар, 2024

Қауымдастық менеджментке көңіл бөлу керек

Бизнесте, қоғамдық өмірде болсын бір мүдде төңірегінде тоғысып, жақтастарды көздеген мақсатқа жетелеу – маңызды мақсат. Қазір мұны жаһандық тілмен айтқанда «комьюнити» деп те атайды. Ендеше, комьюнитиді қалай дамытуға болады? Халықаралық маркетологтер гильдиясы, «Marcom club Central Asia» сынды бірқатар халықаралық қауымдастықтың резиденті, Лондон Бизнес және қаржы мектебінің «диджитал маркетинг» бағытындағы магистрі, маркетолог-стратег Әсел АЛДАБЕРГЕНОВА 2024 жылға арналған ел нарығындағы сауда мен PR-ға қатысты кәсіби пікірімен бөліседі. Әселдің жас та болса ірі халықаралық компаниялармен, отандық брендтермен жұмыс істеуде айтарлықтай тәжірибесі бар. Ол «DigitalArt» медиаагенттігімен бірге Алматыдағы әйел-кәсіпкерлер қауымдастығының негізін қалап отыр.

Қаржы • 13 Желтоқсан, 2023

Сақтандыру төлемі 6,4 млрд теңгеден асты

Соңғы мәліметтерге сәйкес «Евразия» сақтандыру компаниясы Түркияның оңтүстік шығысында орын алған алапат жер сілкінісінен зардап шеккендерге халықаралық мүлікті қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша кезекті 2,4 млн еуро немесе 1,2 млрд теңге төлем жасаған. Осылайша, отандық сақтандыру компаниясының жалпы төлем сомасы 13 млн еуро немесе 6,4 млрд теңгеге жетті. «Евразия» СҚ – Түркиядағы жер сілкінісінен кейін сақтандыру төлемін жүзеге асыруға шыққан Қазақстандағы жалғыз компания екендігін бөле-жарып айта кеткен жөн.

Алматы • 07 Желтоқсан, 2023

Күзде еккен көшет те көгереді

Биыл Алматыда 16 мыңдай кәрі ағаш кесіліп, оның орнына 170 мың көшет егілді. Қай кезде де қураған ағаш жауапты орындардың қаперінен шыққан емес. Өйткені олар көліктерге, тіпті адамдардың өміріне қауіп туғызады.

Көрме • 07 Желтоқсан, 2023

Бүгінгі суретші туындысы қанша тұрады?

«Елімізде қылқалам шеберлерінің еңбегі қалай баға­ланады?» деген сауалдың жауабын алғашқы «Ala Art Fair – 2023» заманауи өнер жәрмеңкесінен таптық.

Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023

Заманауи суретшілердің картиналары қанша тұрады?

Оқылатын кітап, оқылмайтын кітап дегендей, салған суреттері сатылатын, өнері мойындалған, өзімізбен қатар өмір сүріп жатқан небір қылқалам шеберлері бар. Ендеше олардың еңбегі қалай бағаланады, деген сауалдың жауабын Алматыда алғаш рет өткен «ALA ART FAIR 2023» заманауи өнер жәрмеңкесінен таптық.

Алматы • 05 Желтоқсан, 2023

Туысқан мемлекеттердің медиа бірлігі

Кеше Алматыда ақпарат айдынындағы ауызбірлікті нығайтуға өзіндік үлесін қосып отырған ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы мәреге жетті. Отандық медиа кеңістігінде пікір алуандығына жол ашатын басқа да ауқымды жиындар жеткілікті болғанымен, бұл форумның айырмашылығы да басқа.

Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023

Қазақстанда алғаш рет АИТВ жұқтыру оқиғалары азайды

Мемлекеттің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының жұмыла қимылдауының арқасында АИТВ-ға қарсы әрекеттер өз нәтижесін бере бастады. Қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларын анықтау көрсеткіші төмендеп келе жатқаны байқалады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 27 Қараша, 2023

Медиасауаттылыққа арналған науқан жүріп жатыр

Бүгінгі таңда отандастарымыз сәт сайын, күн сайын түрлі дерек көздерінен үлкен көлемдегі  жаңалықтар легіменен бетпе бет келіп жатқандықтан,  ақпараттардың осындай орасан көлеміне бейімделу де қиын.

Технология • 23 Қараша, 2023

ТМД елдері VK Cloud бұлтты қызметіне теңгемен төлем жасай алады

Қазақстанда бизнесті дамытып жатқан ТМД елдерінің компаниялары мен ІТ-кәсіпкерлер үшін республика аумағында бұлтты қызметтермен жұмыс істеу айтарлықтай жеңілдеді. Себебі VK Cloud бұлтты платформа қызметі Қазақстанда Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне банктік карталарымен төлем жасауға мүмкіндік беріп отыр. Демек Қазақстандағы VK Cloud ТМД елдері карталарымен төлем қабылдай бастайды.