Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2309 материал табылды

Пікір • 05 Қараша, 2023

Шектен шыққан бәсеке

Кадрлық ауыс-түйіс, қаржылық, саяси себептерге байланысты Үкіметте түр­лі өзгерістер жүріп жатады. Жаңа ми­нистрліктер құрылады, қосылады, тіпті жабылып қалғандары да бар. Мәселен, кеңес өкіметінің тұсында Құрылыс материалдары министрлігі болған. Осынау министрлік қазіргі ТМД кеңістігінің шартарабында жүріп жатқан ауқымы орасан құрылыс нысандарына материалдардың өндірілуін, жеткізілуін, әсіресе сапасын қатаң қадағалап, ісін жүргізіп отырған. Бертінде осы министрлікті қайта құру туралы мәселе қаузаған материалдар да жазыппыз. Әлбетте, бұл – басы бөлек әңгіме.

Денсаулық • 31 Қазан, 2023

Отандастарымыздың өмір салты туралы не ойлағаны бар?

Бүгін Алматыда «Денсаулық» адам денсаулығына қауіп факторларының зиянын азайту жөніндегі ұлттық қауымдастығы» ЗТБ мен «Стратегия» Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» Қоғамдық қоры Қазақстанның ересек тұрғындарының өз денсаулығы мен өмір салтына қатынасын бағалау бойынша қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Алматы • 22 Қазан, 2023

Алматыдағы «Балдырған» аллеясы

Мизамшуақ мезгілге шомылып тұрған мегаполисте Республика күні мерекесі қарсаңында эко-белсенділердің мұрындық болуы­мен «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты жалпықалалық сенбілік қана өткізіліп қоймай, күзгі көшеттер отырғызылды.

Қоғам • 21 Қазан, 2023

TikTok Қазақстанда миллионға жуық бейнежазбаны неге жойды?

TikTok интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың екінші тоқсанында өз ережесіне сай келмейтін миллионға жуық бейнероликті жойды.

Алматы • 16 Қазан, 2023

Сәлемдемелер супермаркеті

Күн сайын Алматыға қай елдерден сәлем-сауқат келеді? Яки болмаса алматылықтар қай жақтарға сәлемдеме аттандырады, тіпті болмаса осы күні қолымен хат жазатын адам қалды ма деп сұрайтын болсаңыз, онда бұл сұрақққа қала пошташылары жауап береді.

Қоғам • 13 Қазан, 2023

Оқушыларды мектепте дұрыс тамақтануға дағдыландыру мәселелері талқыланды

Алматыда «Қазақстандағы балаларды салауатты өмір салты негіздеріне оқыту жүйесіндегі инновациялар: «Салауатты тамақтану мектебі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын өскелең ұрпақты дұрыс тамақтана білуге дағдыландыруға септесетін заманауи құралдарды талқылауға арналды.

Қоғам • 13 Қазан, 2023

Digital Bridge 2023: Мемлекет басшысына «Құжаттамалық терминал» жобасы таныстырылды

Бүгін Digital Bridge 2023 форумында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті мен шара қонақтарын құжаттама терминалымен таныстырды.

Қоғам • 10 Қазан, 2023

Алматыда гаджеттерге тәуелділіктен құтқаруға септесетін нұсқаулық жарық көрді

Алматыда тұңғыш қазақ тілінде «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы гаджеттерге тәуелділіктің алдын-алу шаралары» атты оқу-әдістемелік нұсқаулық жарық көрді.

Медицина • 05 Қазан, 2023

Башпайын бас бармақтың орнына салып берді

Таяу күндері Алматы қаласының травматолог-микрохирургтері аяқ-қол­дарында туабітті кеселдері бар және жүре келе жазымға ұшы­раған алты балаға операция жасап, 1,5 жа­сар баланың аяғындағы баш­пайын сол қолына салып берді.

Қоғам • 02 Қазан, 2023

Алты баланың анасы Виктория Момынбаева қайырымдылық бағдарламасын қостады

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам бала шала туылады. Айы-күні жетпей туған нәрестелердің салмағы аз, денесі жұдырықтай ғана, терісі аса нәзік екендігін ескерсек, бұл сәбилерге ерекше дәрігерлік бақылау мен медициналық процедуралар ғана емес, күнделікті ерекше күтім де қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.