Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2309 материал табылды

Тарих • 25 Шілде, 2023

Алтын моншақты қабір

Таяуда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археологтары ерте темір дәуіріне жататын отбасылық қабірді тапты. Жерлеу рәсіміне қарағанда, бұл қабірлер әртүрлі уақытта салынған. Экспедиция жетекшісі қорған үйіндісінің астында тағы да жерлеу орындары болуы мүмкін екендігін айтады. Келешекте бұл қорған толығымен зерттелмек. Қазіргі уақытта барлық олжалар далалық зертханада айқындалып жатыр. Табылған археологиялық кешендер жетісулық көне тұрғындардың заттық және рухани мәдениетінен мәлімет береді.

Қоғам • 24 Шілде, 2023

Сергелдеңге салған сергіткіш сусын

Адам баласы әлмисақтан ағзаны еліртетін тұнбалар мен шөптердің сырын білді десек те, осы күнде талай адамның қолынан түспейтін сергіткіш сусындардың салдарына терең мән бере бермейтініміз рас. Ақиқатында энергетикалық сусындарды жиі ішкеннің кесірінен жүрек тоқтап қалуы мүмкін бе? Адамның уақытша күш-қуатын еселейтін стимулятордың өтеуі қандай болмақ?

Технология • 20 Шілде, 2023

Бұлтты технологиялар кімге тиімді?

Отандық компаниялар, оның ішін­де шағын және орта бизнес өз үдерістерін белсенді түрде авто­маттандырып, әртүрлі ІТ-шешім­ді енгізуді, онлайн-сервис­терді пайдалануға көшкені бүгін емес. Өйткені цифрлық тұрғы­да даму үшін компанияларға тех­но­логиялық іргетас қажет.

Медицина • 10 Шілде, 2023

Дәрігер маманды ауылға қалай тартамыз?

Бұл күндері Мәжіліс депутаттарының өңірлердегі жұмыс сапары жалғасып жатқаны белгілі. Жер-жерлердегі кездесулерде көтерілген мәселелер айтылған жерінде қалмай, халық қалаулылары арқылы құзырлы мекемелердің құлағына жетсе, құба-құп.

Еңбек • 04 Шілде, 2023

Еңбек адамына – ерекше жағдай

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркістандағы ІІ Құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Біз ел болып еңбек адамын қадірлей білуіміз керек. Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбек еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады. Ал кәсібін толық меңгерген адам қашанда сұранысқа ие. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз», деп атап өтті. Қазірде еліміз көлемінде қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына қажетті тауар түрлерін шығаруды дұрыс жолға қойып, жаңа тетіктерді, нәтижелі механизмдерді өндіріске батыл енгізудің арқасында сала жұмысын қарыштап алға бастырып отырған кәсіпорындар баршылық. Құрамында мыңға тарта жұмысшы еңбек ететін, өңірдегі өнеркәсіптің көшбасшысы саналатын Алматы көпір құрылымдары зауыты – солардың бірегейі.

Қазақстан • 28 Маусым, 2023

Ұлттық журналистика: «Қазақ» газетінен – «Қазақ газеттеріне» дейін...

Ұлттың айрықша басылымы – «Қазақ» газеті жыл басында 110 жылдығын атап өтті. Өткен ғасырдың бейресми энциклопедия­сы іспеттес, әлі де толық зерттеліп бітпеген тарихи басылым туралы әңгіме қозғалған сайын ұлт мүддесіне қызмет еткен тың деректер табылады.

Медицина • 28 Маусым, 2023

Күткен қадам

Заманауи медицина әлі де церебралды сал ауруымен дү­ниеге келген балаларды толық емдеп жазуға қауқарсыз. Әйтсе де, орталық жүйке жүйесіндегі кінәратты сапалы оңалту мен баланың өз бетінше жүріп-тұру қабілетін дамыту арқылы реттеуге болады.

Пікір • 26 Маусым, 2023

Есірткінің әлегі

Қазіргі балалар ештеңеден тар­­шы­лық көрмей, емін-еркін жүр. Өсіп келе жатқан ұл-қызына өзегін жұлып берер­дей өбектеп, өмірін сарп ететін тағы да – сол әке-шеше. Дегенмен қазіргі ұрпақ­тың көріп отырған игілігі көп бол­ғаны­мен, соның өтеуіндей – қауіп-қатері одан да асып түседі.

Өнер • 22 Маусым, 2023

Суретпен салынған поэзия

Бұл күндері Алматыда Әзербайжаннан шыққан әйгілі қылқалам шебері Баби Бадаловтың «To See, To Read, To Tell» атты алғашқы көрмесі өтіп жатыр. Күзге дейін жалғасатын дербес көрменің өзіндік ерекшелігі, Бадаловты «бейнелеу өнеріндегі ақын» десек те болады.

Мәдениет • 22 Маусым, 2023

Қазақстанда сұлулық индустриясындағы «Italian Beauty Days» атты ауқымды оқиға басталды

Бұл күндері Алматыда Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігінің Сауда алмасуды дамыту бөлімі мен Cosmetica Italia ұлттық қауымдастығының ұйытқы болуымен, үш күнге ұласатын «Italian Beauty Days» іс-шарасыөтіп жатыр.