Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
210 материал табылды

Әдебиет • 08 Мамыр, 2023

Ақынның жүрегі – батырдың мінезі

Соғыс туралы өлеңдердің ішінен Сырбай Мәуленовтің жырларын ұнатып оқысам да, алдымнан Қасым Аманжолов шыға береді. Сұрапыл жылдардың рухын сезінгің келсе, бәлкім сәп-пәл жақындағыңыз келсе, Қасым мен Сырбайды қатар оқу керек шығар деп білемін.

Әдебиет • 28 Сәуір, 2023

Кітап оқымайды деген – бос сөз

Астанада бес күнге жалғасып, апта соңында аяқталған «Eurasian Book Fair-2023» Еуразия кітап көрме-жәрмеңкесі елімізде қаншама жылдан бері айтылып келе жатқан «қазір ешкім кітап оқымайды» деген дәйексіз сөздің сеңін бұзды. Мұнда кітап саудасы ғана емес, қазақ мәдениеті мен рухания­тында қордаланып қалған мәселелердің шеті қылтиып, көптеген сұрақтың жауабы табылды. «Фолиант» баспасы осымен алтыншы рет ұйымдастырып отырған рух тойына пара-пар кітап көрмесіне мемлекеттік деңгейде мән беріліп, кең ауқым алғаны көңіл көншітті. Бірақ айтарымыз басқа.

Әдебиет • 24 Сәуір, 2023

Айбоз атанған ақын

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Бақытжан Тобаяқтың 70 жасқа толуына орай «Арқа мен Жетісу айбозы» атты шығармашылық кеш өтті. Ақынның замандастары, зиялы қауым мен оқырмандар қатысқан іс-шарада кеш иесінің шығармашылығы төңірегінде әңгіме айтылып, қазақ өнерінің көрігі қыза түсті.

Әдебиет • 23 Сәуір, 2023

Талапшыл оқырманға тәбәрік

Былтыр жазушы Әлібек Асқаров Саха (Якутия) Республикасына ісса­пар­мен барған. Бұл соның нәтижесінде жарық көрген кітап. «Cаха-Якутия. Ақ қар, көк мұз әлеміне саяхат» деп аталады. Кеше ғана аяқталған Еуразиялық кітап-жәрмеңкесінде Якутиядан келген қонақтардың қаты­суымен кітаптың таныстырылымы өтіп, оны мемлекет және қоғам қайрат­кері Сауытбек Абдрахманов жүргізді.

Жәдігер • 17 Сәуір, 2023

Ертіс-Баян жәдігерлері

Екі иініне ел мұрасын қондырып елордаға Ертіс-Баян өңірі келді. Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай «Алаш аманаты» атты көрме қойып, қарық қылып жатыр. Жәдігерлерді әкелген Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі.

Әдебиет • 17 Сәуір, 2023

Өмір заңы: өлу не жеңу

Сіз де тарихи роман, хикаяларды, билеушілер туралы шығармаларды аз оқымаған шығарсыз. Билеушілер туралы тарихи дүниелердің кей тұстары жаныңды түршіктіреді ғой. Қантөгіс, қатыгездік, көнбегенді жазалау... Тарихта қашан да солай болғанын аңғару қиын емес және қайталанып келеді. Біз ондайда «қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек, десек те, адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте» деген Төлеген ақынның сөзіне жүгінеміз. Бойын ұлы сағыныш, іңкәр сезім билемесе, мың жерден батыр, айлакер патша болсын, оны ер деп тануға, адам деп санауға бола ма? Бұл аса үлкен һәм ұңғыл-шұңғыл, жым-жыласы көп тақырып болғандықтан әр қырынан келу керек шығар, алайда біз оқыған Морис Симашконың «Жусан» хикаясынан осындай ой түйдік. Шығарманы орысшадан Әбілмәжін Жұмабаев аударыпты.

Әдебиет • 13 Сәуір, 2023

Жарты аспан жалп еткендей...

Әуелі сөз болса, ол да дыбыстан шығады. Дыбыс, дауыссыз сөз бола ма? Бірақ жүректің үні дыбыссыз да құдіретті емес пе? Оны есту үшін құлақ емес, жүрек керек. ХХ ғасырда «кісілік күйде ғана қалды» деп Әуезов тегін айтты дейсіз бе? Біздің далада төрт аяғын тең басып күй мен сөз қатар туғанға ұқсайды. Ескен самал, көшкен аңыз, дескен әңгіме, жырмен жеткен күйді тыңдағанда әлгіндей ойға жетелейді. Көңілдің күйінен туады да бәрі.

Әдебиет • 10 Сәуір, 2023

Асау жалындағы асқақ рух

«Жүйрік атқа мінгенің бар ма?» деп басталатын жолдар бар, Жүсіп­бек Ай­мауытовтың бір шы­ғармасында. «Ақбілектің» орта тұсында болса керек. Жақ­сы ат жалындағы әсер мен желік, көңіл мен өмір тура­лы ондай наным­ды жет­кізген жазба­ны оқы­­мадық. «Дәмі ауыз­дан кетпейді» дегендей, ара­сында еміс-еміс еске түседі. «Жақсы ат құла­ғында бесті қымыздың же­лігі» бар деген сөзді де сон­да оқығанбыз.

Әдебиет • 05 Сәуір, 2023

Жаңбыр һәм тағдыр жырлары

Өмір әдебиеттегідей, әдебиет өмірдегідей, бірін-бірі қайталайды. Сіз қай кеңістікте өмір сүрмеңіз, бәрі бір «қарауылға» ілікпей қоймайсыз. Бүгін болмаса, ертең. Мүмкін сүріп немесе сүріліп жатқан өміріңізге ұқсас жайлар сізге дейін болып, жазылып қоюы да кәдік. Тарихтағы оқиғалар қайталанып отырарын неге жорисыз? Билеушілерді билеушілердің өмірімен, өнер адамдары тағдырының бір-бірімен ұқсастығын, тағысын тағы салғастыра келе түңілесіз де жеке қалуға тырысасыз.

Әдебиет • 29 Наурыз, 2023

Арнау жазған күні ақын өледі

Әдебиетте арнау өлең деген бар. Көнеден келе жатса керек. Әлем әдебиетінің бәріне тән болғандықтан, бізде де небір түрлері кездеседі. Әсіресе жыраулар поэзиясынан озық үлгілері аз ұшыраспайды. Сол қадым замандардан жеткен жыр, толғаулар біреуге қарата айтылғанымен, тұтас арнау деп қабылдауға келіңкірей де бермейді. Толғау десе жарасады. Алайда жеке басқа, бір адамға қатысты айтылғандықтан, арнау емес деп тағы айта алмайсыз. Бүгінде әдебиетті шын түсінуге тырысатындар арасында жиіркеніш тудыруға айналған, мүлде қабылданбайтын өлеңнің осы түрінің ертеректегі тұрпаты мүлде оқшау болғанын айтқымыз келеді.