Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2022
«Жазуда ең маңыздысы – адамның сезімі»
Жуықта жас жазушылардың әңгімелері топтастырылған «Дауыс» атты прозалық антология жарық көрді. Ерекше атап өтерлігі, бұл антологияға Халық жазушысы Мұхтар Мағауин алғысөз жазып, олардың шығармашылығына сәт сапар тілепті. Осы кітапқа прозалық шығармалары енген Бақытбек Қадыр, Жәудір Нартай, Әлішер Рахат, Есбол Нұрахмет сияқты жас таланттарды дөңгелек үстел басына шақырып ек, олар қазіргі заманғы әдебиет және өз шығармашылық жоспарлары туралы ой бөлісті.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2022
Сырбай ақын һәм соғыс тақырыбы
Адамға оқыған шығармасы қалайда әсер етеді екен, сол үшін де ұлылар кітап оқудың кереметтігін қайта-қайта дәріптесе керек. Таяуда Сырбай Мәуленовтің таңдамалы жыр кітабын оқып едім, соғыс туралы жырлары ойымнан шықпай-ақ қойды. Сырағаңның майдан даласында жазған жырлары әлі де өзекті сияқты. Айналамызда соғыс жүріп жатыр, ал сол соғыс майданында қанша ақын толғанып, қаншама өлең ой дәптеріне жазылды десеңізші. Сырбай Мәуленовтің соғыс даласынан оқырманына жіберген ақ адал сәлем хаттары ақ көгершін болып ақ қағаздың бетіне қонғандай.
Таным • 11 Қыркүйек, 2022
Дудин экспедициясындағы қазақ өмірі
Қазақ даласына кім келіп, кім кетсе де, олардың қоржындары рухани олжаға толып қайтқанын тарихи деректер дәлелдеп береді. Өткен ғасырға есесі көп кеткен халық екеу болса, бірі – қазақ, біреу болса, тағы да қазақ. Уақыт керуені алға жылжыған сайын кешегі көп қателіктің жауабы анықтала түседі.
Өнер • 08 Қыркүйек, 2022
Ол әуелде, бала жасында ұшқыш болуды армандапты. Сол замандағы ауыл балалары үшін ұшқыш болу бақытты болумен бірдей түсінік болса керек, оның үстіне Олжас Сүлейменов «Адамға табын, жер енді» деп үлкен поэма арнаған Гагариннің әсері де шығар. Сол ауыл балаларының көбі кейін басқа саланың маманы болып кетті. Солардың бірі Жамбыл Нәтбаев еді. Ол кейін келе суретші болуды армандады. Арманына жетті де. Оны бұл белеске көтерген асқақ таланты мен еңбекқорлығы дер едік.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2022
Күз – ақындар маусымы. Осы мезгілде шабыты желдей ескен талант иелері жазбен қоштасып, күзді қарсы алады. Әрине, жүректен шыққан жырларымен. Әдебиет әдебиет болғалы күз туралы толғанбаған, күзге жан сырын айтпаған ақын аз шығар. Ескі кітаптарды парақтап отырсаңыз, аға буын ақындардың сүйікті мезгілге арнаған алуан түрлі жырларына тап боласыз.
Өнер • 05 Қыркүйек, 2022
Қолына қылқалам ұстаған суретшілер үшін әлем, қоршаған орта, ауа, су, бәрі-бәрі түрлі түстерден, сан алуан бояулардан тұрады. Сол үшін де олар өмірді әр қырынан көруге құштар. Олар үшін таң кейде сары түсті, кейде ақ түсті болуы да мүмкін. Бұл сол суретшінің санасына, көз нұрына, қиял көкжиегіне байланысты.
Әдебиет • 26 Тамыз, 2022
«Америка әсерлері» – ағылшын тілінде
24 тамыз күні Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі және америкалық гид, оқытушы Деннис Кинмен бірлескен жоба ретінде Мұхтар Әуезовтің 1960 жылғы Америкаға сапары туралы жолжазба жинағы «Америка әсерлерінің» арнайы шығарылымы жұртшылыққа таныстырылды.
Әдебиет • 25 Тамыз, 2022
Көркем шығарманың көкжиегі деген сөздің жаны бар сияқты. Кей шығармалар жазылады, алайда көп өтпей уақыт сынынан, заман талабынан, оқырманның назарынан өтпей қалады. Ал кейбір туындылардың жылдар өткен сайын салмағы арта түседі. Мәңгілік шығармалар дегеніміз әне солар. 1000 жыл бұрын жазылған ХІ ғасырдағы Жапонияның эпикалық хикаясы «Гендзи туралы хикаяны» Мурасаки Шикибу есімді әйел қаламгер жазыпты. Ол ақындықпен қатар Жапон елінің Хейан дәуіріндегі император сарайында қызмет еткен.
Руханият • 24 Тамыз, 2022
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің классигі марқұм Қабдеш Жұмаділовтің өз өсиеті бойынша жерленген жері – бүгінгі Абай облысының Үржар ауданы Таскескен ауылында, жұрт «92 шақырым» атап кеткен тоғыз жолдың түйіскен төбесінде тұрғызылған еңселі ақ күмбездің ашылу шарасы өтіп, ас берілді.
Өнер • 23 Тамыз, 2022
Ол сурет салуды бесінші сыныптан бастаған екен. Әрине, талантқа талас жүрмейтіні шындық. Алғашында балаң қиялмен әртүрлі дүниелерді ақ қағазға шимайлай бастаған оның өнерге деген аңсары мен ынтасы барған сайын айқындала бастайды. Оның аты – Хамит Файзуллин. Тіпті ол өзінен үлкен сыныпта оқитындармен жарысып сурет салып, олармен бәсекеге түседі. Өнерге шын пейілімен берілген адамда ғана мұндай риясыз ой, қабілет болатыны сөзсіз.