Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1806 материал табылды

Айтыс • 01 Тамыз, 2023

Олжалы оралды

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» республикалық айтысына әулиеталық ақындар да қатысты. «Алматы тв» телеарнасы түсірген айтыс бәсекесінде өңірдің жүйріктері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, олжалы оралды.

Мәдениет • 31 Шілде, 2023

«Антына» адал әнші

Уақыттың ағымына қарай ән де, әншілердің талғамына сай сән де өзгерді. Жанға жайлы жанрлар да айтарлықтай «төңкерісті» бастан кешіп жатқан жайы бар. Енді ше, техника өзгерді, технологияның үздіксіз дамыған уақытында ол енді бір заңдылыққа айналғандай көрінетіні рас.

Қоғам • 28 Шілде, 2023

Шуда жүзеге асырылатын жобалар

Өңірге әлеуетті инвесторларды тартып, облыс халқын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында Әулиеатада ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов облыстық инвестициялық штабтың отырыстарында Тараз қаласында және аудандарда жаңа жұмыс орындарын құрудың маңызын ұдайы назардан тыс қалдырған емес.

Қоғам • 28 Шілде, 2023

Ойықтағы ойын алаңы

Облыс орталығынан 150 шақырым қашықта жатқан Ойық ауылы тұрғындары балаларға арналған ойын алаңшасы керектігін біраз уақыттан бері айтып жүрген еді. Жергілікті атқарушы билік бұл мәселені демеушілер есебінен шешті.

Қоғам • 26 Шілде, 2023

Жайылым тапшылығы шешіле бастады

Бірер жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде пайда­ланылмай жатқан жайылым жерді игеруді шегелеп айтқан болатын. Мал шаруашылығымен айналысып жүрген азаматтар мәселенің көтерілгеніне үмітпен қарай бас­тады.

Қоғам • 25 Шілде, 2023

Түйеқұс өсіріп, табыс тапқан

Бірер жыл бұрын Жамбыл ауданына қарасты Шайқорық ауылының азаматтары Нұрғиса мен Нұрбол Қуанышбаевтың ауласына енгенде, қара құрлық саваннасына тап болғандай күй кешкен едік. Түйеқұс асырап, табыс табудың жолын таңдағандардың көшін өңірде дәл осы отбасы бастап тұрғаны сөзсіз.

Қоғам • 25 Шілде, 2023

Күйген алқап, күйінген шаруа

Биылғы құрғақшылық жамбылдық шаруаларды алқымнан алып-ақ тұр. Жер емген диқандардың жүйкесі сыр берді. Бұған дейін байзақтық ағайын ағын судың азабын шегіп отырғанын жайып салса, енді меркілік шаруалар шу шығарды. Жанай­қайын жайып салған қарапайым халық Үкімет бір амалын таппаса, шығынға батқалы тұрғанын айтып ашынды. Олар төтенше жағдай жариялануын талап етіп отыр.

Әдебиет • 25 Шілде, 2023

Жазылмаған жыр

Әдебиетте ерте сөнген үміт аз емес. Ардың-күрдің мінезімен кез келген ортаның сәніне айналған талантты ақындардың бірі әрі бірегейі – Өрнек Құлекеев еді. Әрине, Өрнекпен жақын араласқан жігіттердің ол туралы айтары көп. Жиырма төрт жасында бақилық болған жас таланттың тағдыры кімді де болса ойландырмай қоймайды.

Медицина • 24 Шілде, 2023

Күрделі операцияның көмегі

Облыстық көпсалалы аурухананың кардиохирур­гия бөлімшесіне шұғыл түрде жеткізілген жаңатастық азаматқа күрделі операция жасалды. 42 жастағы азамат төс сүйегі қатты ауыратынын, ентігуі үдей түскенін айтып, дәрігерлерге шағымданған болатын.

Ең қысқа әңгіме • 23 Шілде, 2023

Қарахан халқының құтты тұрағы

Тасын түртсең, тарихы сайрап қоя беретін Әулиеата топы­рағында кейінгі үш айда екінші көне қаланың орны табылды. Бұған дейін мамандар Жамбыл ауданына қарасты Құмтиын ауылының маңынан байырғы Қаракемер қалашығының орнын анықтаса, енді, міне, Қаратаудың теріскей тұсынан тағы бір ежелгі шаһардың орны нақтыланды.