Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1821 материал табылды

Аймақтар • 03 Шілде, 2023

Орталық Азиядағы ірі аквапарк

Әулиеатада туризмді дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, Тараз қаласындағы «Зербұлақ» көлінің маңы адам танымастай өзгерді. Бір кездері жұрт «Бұл «Зербұлақ» емес, «Зәрбұлақ» болып бара жатыр» деп шамданған көл маңынан Орталық Азиядағы ең ірі аквапарктің бірі ашылды.

Аймақтар • 02 Шілде, 2023

Шөп ору науқаны қыза түсті

Жамбыл облысы аграрлық өңір болғандықтан, шаруа қожалық басшылары науқан кезінде жемшөп жинау жұмысына мықтап кіріседі. Өткен жылы Жер-анадан рекордтық көрсеткіште мал азығын жинап алған шаруашылық жетекшілері қыстың жайлы болғанының арқасында әжептеуір жемшөп қоры қалыптасқанын айтып отыр.

Спорт • 21 Маусым, 2023

Футболшының тартуы

Бір жылдары ұлттық құрама сапында жасындай жарқыраған жамбылдық футболшы Ұлан Қонысбаев 2016 жылы Қытай құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алып, біраз уақыт сүйікті ісінен қол үзіп қалған болатын.

Мәселе • 21 Маусым, 2023

Шаруаның күні қырғыз көршіге қарап тұр

Әулиеатада жаз келсе, су мәселесі ша­руаның шым­байына батады. Отыз жыл бойы осы жағдай. Салған егінінің бітік шығуына мүдделі ха­­лық шілде түспей жа­­тып жанайқайын жет­кі­зе­ді. Неге екенін кім біл­сін, атқарушы билік жыл сайын дәл осы проблеманы шешу жолында қыруар жұмыс атқа­рып жатқа­нын алға тартқа­н­ымен, өңірде су мәселесі оң шешімін таппай тұр.

Маман • 15 Маусым, 2023

Кадр тапшылығы қайтсе шешіледі?

Тәртіп сақшылары жыл он екі ай бойы тынымсыз жұмыс істесе де, қылмыс саны азаймай тұрғаны кімді де болса ойландыруға тиіс. Өткен жылдың қорытындысына зер салсақ, өңірде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер 128 қылмыс жасапты. Полиция департаменті келтірген дерекке көз жүгіртсек, жоғарыда айтылған 128 қылмыстың 17-не қатысты 2016, 2020, 2021 жылдары іс қозғалып, өндіріс 2022 жылы аяқталған.

Жоба • 15 Маусым, 2023

Өртті ауыздықтайтын машина жобасы дайын. Бірақ жауапты орындардан қолдау болмай тұр

Абай облысындағы орман өрті елдің қабырғасын қайыстырды. Материалдық, эконо­мика­лық шығынды былай қойғанда, 15 отбасының қайғыдан қан жұтқаны кімді де бол­сын толғандырмай қоймайды. Төтенше жағдай кезінде техниканың тозғаны туралы әңгімелер де айтылды. Тілсіз жаудан сақтану үшін қандай қадамға барған жөн? Ізденіс­тің ізіне түскен адамдарға мемлекет тарапынан қаншалықты қолдау көрсетіліп жатыр?

Аймақтар • 13 Маусым, 2023

«KazStoneBox» өніміне сұраныс көп

«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық инвестициялық форумы Жамбыл облысында көптеген жаңа бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік туғызып отыр. Аталған форум аясында ашылған гофрленген картон және тастан жасалатын дайын қағаз қаптама өндіру зауыты өңір экономикасына тың серпін беретіні анық.

Өнер • 12 Маусым, 2023

«Таптым-ау сені...»

Әншінің айту мәнері жүрекке жылы тисе, көңілге қонымды болса, тыңдарманды елең еткізбей қоймайды. Тіпті кейбір ән адам­ның жан әлеміне бірер күннің беде­рінде-ақ еніп кететіні бар. Санаңа вирустай сіңіп қалған шығарманың әсері де ұзақ болады.

Аймақтар • 12 Маусым, 2023

Композитордың қос қуанышы

«Баласағұн» атындағы орталық концерт залында «Аузынан айдың түскен қыз», «Сезімді қайтем тулаған», «Соғады сен деп жүрегім» секілді өзге де бірнеше танымал әннің авторы, белгілі әнші-композитор Сәрсенбек Бәкірдің шығармаларына арналған «Аузынан айдың түскен қыз» атты концерт қойылды.

Білім • 11 Маусым, 2023

Өнертапқыш балалар бәсекесі

Таразда Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен   өнертапқыштардың (әуе, зымыран, авто, кеме құрастыру) жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.