Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1817 материал табылды

Мәселе • 04 Сәуір, 2023

Жүйкені жұқартқан жалақы «жыры»

Кейінгі уақытта Жамбылда жалақы «жыры» Манастың ырынан кем түспей тұр. Әлеуметтік теңсіздіктен қажыған халық шайлыққа жетпейтін айлықтың мәселесін көтеруден жалығар емес. Жарытымды жалақыны армандаған жамағат билік басындағылар мен олардың қасындағылар жанайқайымызға құлақ асатын күн туса деген арманның жетегінде жүргені жасырын емес.

Тұлға • 03 Сәуір, 2023

«Келші, Құланға» кімге арналған?

Оның қай әнін тыңдасаңыз да жүрек тебіренеді. «Келші, айым», «Келші, Құланға» сынды шығармаларынан сағыныш самалы есіп тұратыны тағы бар. Көкдөнентаудың самалына маңдайын өптіріп өскен Мэлс Өзбековтің «Келші, Құланға» әні құландықтардың гимніне айналып кеткеніне де талай жылдың жүзі толды.

Технология • 29 Наурыз, 2023

Құтқарушы құлтемір

Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Вячеслав Кузьмин өрт кезінде адамдарды құтқаруға арналған құлтемір ойлап тапты. Ерте жастан робот жасауға қызығушылығы да, бейімі де бар жасөспірім 5-сыныптан бастап мектептен тыс уақытта «техникалық шығармашылық орталықта» қосымша білім алады. Аталған жобаны орталықтағы тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жүзеге асырған.

Қоғам • 27 Наурыз, 2023

Фототілшінің үйін заңдастырып берді

2017 жылғы жаңа жыл мерекесін әріптесіміз, облыстық «Арай» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай айрықша қуанышпен қарсы алды. Сол жылдары өңірді басқарған Кәрім Көкірекбаев салтанатты іс-шарада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек атқарып келе жатқан әріптесімізге қаланың қақ ортасынан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2023

Құтқарушы ұстаздар марапатталды

Бірнеше күн бұрын Тараз қаласындағы №22 мектептің мұғалімдері мен полиция инспекторы Әлішер Ермеков табиғи газдан уланған бүтін бір отбасыны құтқарып қалған болатын. Осыған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бес адамнан құралған отбасыны құтқарған №22 мектептің мұғалімдерін қабылдап, құрмет көретті.

Аймақтар • 20 Наурыз, 2023

Әділетті Қазақстанға нық қадам

Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқанына жамбылдықтар да белсенді қатысты. Нақтырақ айтар болсақ, өңірдегі 499 сайлау учаскесі бойынша тіркелген 717 090 сай­лаушының жартысынан астамы түс әлетіне дейін таңдауын жасап үлгерді. Ал сағат 16:00 шамасында дауыс бергендердің үлесі 64 пайыздан асып жығылды.

Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Белгілі көкпаршы өз таңдауын жасады

Ұлттық спорттың төресі көкпарды Әулиета өңірінде өркендетуге сүбелі үлес қосқан белгілі көкпаршы, әйгілі шабандоз Нұрдәулет Момынов саяси науқанда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Жамбыл облысының әкімі дауыс берді

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқық • 13 Наурыз, 2023

Жалақыны өсіруді талап етті

Жыртықты жамауға жетпейтін жалақы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолының тазалығына жауапты жұмысшылардың жүйке­сіне ши жүгіртті. Күл-қоқыстан бөлек, өлген ит пен құсқа дейін тазалайтын қарапайым азаматтар жауапты серіктестік басшылары жала­қы­мызды көтеруге келгенде жауапсыздық танытып отыр деп бас көтерді.

Әдебиет • 12 Наурыз, 2023

«Қара кемпір»

Музыка мәтініндегі драма ойыңды онға бөлетіні, жан әлеміңді тас-талқан ететіні рас. Бұл әнде пафос та, лирика да жоқ. Есесіне ұлттың трагедиясынан аза бойың қаза болғандай күй кешесің. Бір ғасырдың қасіреті көз алдыңнан кино сюжеті секілді өтіп жатады. Талғамсыздық салтанат құрған ғасырда «Қара кемпір» секілді шығармаларды бір мезгіл тыңдап тұрғанның артықтығы жоқ.