Майгүл СҰЛТАН«Egemen Qazaqstan»
146 материал табылды

Медицина • Кеше

Ауруды генетикалық деңгейде зерттейтін зертхана

Елордадағы Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығында 2018 жылғы қарашада ашылған дербестендірілген геномдық зертхана – ауруларды ДНҚ деңгейінде зерттейтін Қазақстандағы бірден-бір орын. Ондағы зерттеулер еліміздегі бірегей құрылғыларда жасалып, тұқым қуалайтын және онкологиялық, созылмалы, инфекциялық емес ауруларға бейімділікті анықтайды.

Қоғам • 11 Қазан, 2019

Әлеуметтік қолдаудың кеңістігі кеңеюде

Елімізде жағдайы қиын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 2002 жылдан бері беріледі. Алғашқыда бұл көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40 па­йыз төмен азаматтарға тағайындалған болса, 2018 жылдың басынан шартты және шартсыз сияқты екі түрде беріле бастады. Биыл 1 сәуірден бастап АӘК көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы деп белгіленіп, әр адамға 20 789 теңгеден тағайындалған-ды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында әлеуметтік көмек көрсетудің жүйесін одан әрі дамытуға арнайы тоқталып, Үкіметке АӘК-ті бөлу тәртібін реттеуді тапсырған болатын.

Қоғам • 10 Қазан, 2019

Елімізде Кәсіподақтар күні тұңғыш рет атап өтілді

Бүгін – Кәсіподақтар күні. Атаулы дата Үкіметтің биылғы 22 мамырдағы №303 қаулысына сәйкес тұңғыш рет ресми түрде атап өтіледі. Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі» деп кәсіподақтар қызметін жоғары бағалаған болатын. Еліміздегі Кәсіподақтар федерациясы – жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында басты медиатор, қоғамдағы ірі және қуатты азаматтық институттардың бірі. Ұйымның қызметі қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға, өндіріс шарттарын жақсартуға, еңбек дауларын реттеуге бағытталған.

Экономика • 19 Қыркүйек, 2019

Табысын жасыру мемлекетті тонаумен тең

Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съе­зінде сөйлеген сөзінде аз қам­тылған, әсіресе көп балалы от­басыларды қолдаудың аясын кеңейту үшін Үкіметке атау­лы көмек көрсету өлшем­дерін ең төменгі күнкөріс ше­гінен (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін) 70 пайызға дейін арттыруды тапсырған болатын.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Жастарға 5 жылға жалдамалы пәтер беріледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 23 қаңтарда өткен Жастар жылының ашылу салтанатында: «Жас отбасыларға арналған баспана мәселесі ірі қалаларда өткір екенін ескере отырып, Үкіметке алдымен Астанада, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына 1 мың пәтерден кем емес құрылысты қамтамасыз ету қажет. Бұл пәтерлер жалдамалы баспана санатына жатқызылуы тиіс» деген болатын. Жастарды жалдамалы пәтермен қамту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында да баса айтылды. Тапсырманы орындау мақсатында мемлекет бюджетінен 21 млрд теңге қаржы бөлініп, жыл аяғына дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жеке-жеке 1050 пәтер, Шымкент қаласында 900 пәтер жалға берілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

12 Қыркүйек, 2019

Елордадан Екібастұзға 203 отбасы көшті

«Нұрлы Ертіс» пилоттық жобасы аясында биыл мамыр айынан бастап ел астанасынан Екібастұзға 203 отбасы, яғни 1169 қоныс аударды, деп хабарлайды Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қоғам • 11 Қыркүйек, 2019

Борышы кешірілмегендер әлеуметтік желілер арқылы мәселесін шешеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қоғам • 09 Қыркүйек, 2019

Борышы кешірілмегендер қайда жүгінеді?

26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтардың борыш жүктемесін азайтып, оларға уақтылы көмек көрсету мақсатында №34 Жарлыққа қол қойып, борышы кешірілетін кісілердің алты санатын айқындаған болатын. Соған сай 15 шілдеде Үкіметтің №520 қаулысы жарияланып, 2 қыркүйекке дейін бұл шараны аяқтау айтылған еді. Өткен аптадан бастап борыштарын мемлекет жауып берген кей азаматтар қай санатқа жататынын білмей аң-таң қалса, кейбір шын мұқтаждардың қарызы мұрты бұзылмаған күйде қалып отырған сыңайлы.

Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2019

Жеңімпаз әулет анықталды

Атам қазақ «Отан – отбасынан басталады» деп әр шаңырақтың қоғамдағы маңызды орны мен рөлін айқындап берсе, «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бала тәрбиесіне ерекше ден қойған. Қай заманда, қай елде болсын, отбасының ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайтыны анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отбасы институтын нығайтып, халқымыздың отбасылық, рухани және адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында 2013 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізуді бекітіп, қыркүйек айының екiншi жексенбiсiн Отбасы күні етіп белгілеген болатын.

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019

Үлгілі отбасын анықтайтын байқау

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізуді Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы бекіткен болатын. Отбасы институтын нығайтуға, хал­қымыздың отбасылық, рухани және адамгершілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған бай­қауға биыл 3204 отбасы қатысқан. Осыған дейін қатысушылардың 36%-ы көп балалы отбасылар болса, биыл 80%-ды құрап отыр. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.