Азамат ҚАСЫМ
Азамат ҚАСЫМ«Egemen Qazaqstan»
26 материал табылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Робот арқылы операция жасайды

Жас дәрігер, хирург Ринат Мұздыбаевты облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген тізімнен ұялы телефоны арқылы тауып, хабарластық. Дәрігер жұмыс істейтін урология бөлімін аралап, бейтаныс емделушілерді әңгімеге тарттық. «Пациенттерге жақсы қарайды, әріптестерінің бәрі құрметтейді» деді бізге осы жерде 16 жылдан бері жұмыс істейтін Галина Порягина.

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Көше шамы көбеймек

Алдағы уақытта облыс аумағындағы 225 мыңнан астам тұрғыны бар ауыл-қалаларда 10 мың жаңа көше шамы орнатылады. Бұл туралы облыс әкім­ді­гі мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы келісім­шарт­қа қол қою рә­сімінде айтылды.

Аймақтар • 12 Маусым, 2019

Сақтардың қонысы табылды

Былтыр жазда Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауынан тоналмай, бүтін күйінде сақталған Алтын адам табылған еді. Енді, міне, тура бір жыл өтер-өтпес уақытта, нақ­тырақ айтсақ, 9 маусым­да облыс орталығы – Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданы аумағындағы қола дәуіріне жататын Ақбауыр үңгірінің жанынан сақтардың қонысы табылды.

Аймақтар • 10 Маусым, 2019

47 мың тұрғын атаулы көмекке қол жеткізді

Шығыс Қазақстанда жыл соңына дейін 45 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алады. Бұл мақсатта республикалық және облыстық бюджеттен 7,1 млрд теңге қаржы бөлініпті. Биыл бес айда өңірдің 47 мың тұрғыны атаулы әлеуметтік көмекке ие болды. 25-31 мамыр аралығында аймақтағы 625 отбасы (2474 адам) атаулы көмек алуға өтініш білдірді. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға орай арнайы жиын өткізген облыс әкімі Даниал Ахметов 625 отбасына АӘК 15 маусымға дейін төлену керектігін тапсырды.

Руханият • 06 Маусым, 2019

Әлемнің қылқалам шеберлері – Алтайда

Әлемнің 10 мемлекетінің (Германия, Франция, Түркия, Литва, Грузия, Татарстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан) 20 суретшісі өр Алтайдың төріне – Катонқарағай ауданына келді. Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен Алтайға асыға жеткен қылқалам шеберлері 4-11 маусым аралығында табиғаты көркем мекендегі «Рахман қайнары» шипажайының маңында жұмыс істемек.

Руханият • 27 Мамыр, 2019

«Ертіс бойындағы қала мәдениетіне – 1000 жыл» деп атап өтсек...

Қазіргі Өскемен, Семей, Павлодар қалаларының орны ежелден адамдарға құтты қоныс және қалалық мәдениетке жақын болған.

Аймақтар • 23 Мамыр, 2019

Алакөл демалушыларды қарсы алуға дайын ба?

Жаз туса, көп жұрттың суы шипалы, айдынды Алакөлге қарай алып ұшатыны белгілі. Иә, бірер айдың көлемінде көл жағасында қызу тіршілік, қарбалас шақ басталады.

Аймақтар • 23 Мамыр, 2019

Өскемен – мың жылдық тарихы бар шаһар

Бүгінде Өскеменде тұратын Күршім ауданының тумасы, ел, жер тарихына бейжай қарамайтын азамат Ерсін Молдамжаров ағамыз телефон шалып: «Өскеменнің тарихына қатысты бір дерек бар. Бір жылы қала іргесінен ертеде өмір сүрген адамның қорымы қазылыпты. Бірақ оны басқа жаққа алып кетіпті. Оны көрген адамдар да бар», деді. Елең еттік. Содан ертеңінде Ерсін ағамыз қаладағы тіс емханаларының бірінде тіс технигі болып жұмыс істейтін Аркадий Соколов деген жігітке ертіп барды. Аркадий Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген екен.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2019

«WorldSkills Shygys» жұмысшы мамандығының мәртебесін көтереді

Өскеменде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру һәм Жастар жылы аясында «WorldSkills Shygys – 2019» 4 аймақтық чемпионаты өтті. Үш жүзге жуық студенттің басын қосқан шара шеңберінде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беретін «My PRO» мамандықтар фестивалі мен «Abilympics Shygys – 2019» I кәсіби шеберлік чемпионаты да ұйымдастырылды.

Қоғам • 20 Мамыр, 2019

«Jastar Time» – жаңа идеялар жәрмеңкесі

Өскеменде Жастар жылы аясында дәстүрлі «Jastar Time» IT-фестивалі өтті. Биылғы шараға облыстың аудандары мен қалаларынан 200-ден астам оқушы мен студент қатысып, озық идеяларын ортаға салды.