Қоғам • 20 Наурыз, 2024
Қазақстан азаматтары жұбайының рұқсатынсыз банктен несие ала алмайды
Мәжіліс кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша депутаттардың бастамасымен әзірленген заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Наурыз, 2024
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында «Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз марафоны өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Наурыз, 2024
Елімізде 620 мыңға жуық адам ұлттық спортпен шұғылданады
Статистикалық дерекке сәйкес, елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Мәселен, 2022 жылы ел бойынша Ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 584,1 мың адамды құраса, 2023 жылғы көрсеткіш 619,2 мың адамға дейін өскен, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 20 Наурыз, 2024
Астананың орталық саябағында Наурыз мерекесі атап өтіледі
Астананың орталық саябағында Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтіледі. Ұлыстың ұлы күніне орай жаппай мерекелер мен концерттер 21 және 22 наурыз күндері болады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 19 Наурыз, 2024
EXPO кешенінің аумағында Наурыз мейрамы өтеді
21-22 наурыз аралығында «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы елорда тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың ұлы күнін EXPO кешенінің аумағында тойлауға шақырады. Әз-Наурыз мерекесіне орай аумақта түрлі-түсті декорациямен безендірілген қазақ ауылы ұйымдастырылады. Онда шеберлер өз бұйымдарын ұсынады, алаңда алтыбақан құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Этникалық стильдегі пойыздар жолға шықты
Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық вокзалдардың перронынан №3/4 «Астана-Алматы», №85/86 «Астана-Шымкент» және №7501/7502 «Астана-Павлодар» бағыттары бойынша этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты. Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
«Ұлы дала дәмі»: Қыдыр ата мен Бақ-бала сыйлық үлестірді
14 наурыз Амал мерекесі күні балалар үйіне, көпбалалы және ерекше баласы бар отбасыларға ұлттық дәм мен тағамдарға толы «Тарту», еңбек адамдары мен зиялыларға «Сыбаға» атты Наурыз қоржыны тарту етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2024
Үкімет Президенттің инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті
Премьер-министр Олжас Бектенов 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 18 Наурыз, 2024
Бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданында жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 15 Наурыз, 2024
«Ұлылардың ұрпағы»: ЕҰУ-да Нұрғиса Тілендиевтің ұлымен кездесу өтті
Кеше ЕҰУ-да композитор, КСРО халық артисі Нұрғиса Тілендиевтің ұлы Алмас Тілендиевпен кездесу ұйымдастырылды. Жиында композитордың көзін көрген, дәмдес болған азаматтар Нұрғиса Тілендиев туралы естеліктерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.