Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
572 материал табылды

Технология • 22 Қаңтар, 2024

Қуаты таусылмайтын батарея

Батареяңыздың қуаты жылдам таусы­ла­тынына шағымданасыз ба? Енді 50 жыл бойы бір батареямен қуат­та­май-ақ жүруге болады. Жақында independent.co.uk сайты жарты ғасыр ішінде қуаттауды қажет етпейтін ядро­лық батарея жасалғанын хабарлады. Ядролық отын, энергия десе, бір­ден үрке қарайтынымыз рас. Бірақ ғы­л­­ы­ми жаңалықтың авторлары бұл бата­рея­лар­­дың қауіпсіз екенін айтып отыр.

Білім • 21 Қаңтар, 2024

Бизнеске бейім өрендер

Ақмола облысы Аршалы ауданының Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінің оқушылары өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдарын сатып, табыс тауып отыр. Оларды мұндай пайдалы еңбекке аталған мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ беретін Алмагүл Бейсенбаева баулып келеді.

Пікір • 03 Қаңтар, 2024

Аңғал – алаяқтың жемі

Түрлі өмірлік жағдайда төрт алаяқпен сөйлесуге тура келді. Мүмкін мені бұдан да басқа бір­неше алаяқ алдауға тырысқан шығар. Әй­теуір есте қалғаны – сол төрт алаяқтық. Жақында учаскелік полицей WhatsApp әлеуметтік желісіндегі пәтер иелерінің кооперативі құрған чатқа түрлі жазулары бар картиналар жіберді. Үңілсек, алаяқтардан абай болуды меңзеген құлақ­тандыру екен. Ақпаратты оқығанда, «Мәс­саған, мынадай хатты мен де алдым ғой» деп таңғалдым.

Пікір • 20 Қараша, 2023

Аударманың әуресі

Өткенде жақыны қайтыс болған бір танысымызға көңіл айтуға жиналдық. Ба­ғы­тымызды білу үшін жалма-жан ха­бар­лан­дырудағы мекенжайға үңілдік. Көшесі мен нөмірі көрсетілгеннен кейін «Пәлен» мейрамханасы, деп жазылыпты.

Білім • 02 Қараша, 2023

Оқушылар тегін тамақтанады

Биылдан бастап алғаш рет 1 млн 600 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1 млн 400 мыңнан астамы – бастауыш сыныптың оқушылары, 220 мыңы – 5-11 сыныптарда оқитын халықтың әлеуметтік осал тобына жататын білім алушылар.

Мектеп • 19 Қазан, 2023

13 мектеп пайдалануға берілді

Елімізде 2023-2024 оқу жылының басында 13 мектеп­ пай­да­­­­­ла­­­­нуға берілді. Бұл 25 мыңға жуық балаға жайлы оқуға мүмкіндік сыйлайды. Нақтырақ айтқанда, 24­ 566­­­ орын­дық оқу ошағы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есе­­бі­­нен салынған.

Университет • 10 Қазан, 2023

Рейтинг жарияланды

Академиялық адалдық лигасы еліміздегі жо­ға­ры оқу орындарының рейтингін жариялады. Лига осымен екінші жыл қатарынан отан­дық жоғары оқу орындарының рейтингін жасаумен айналысып келеді. Бұл рейтинг білім беру бағ­дарламаларының тиімділік көрсет­кіштеріне негізделген.

Өнім • 04 Қазан, 2023

Ғалымдар өнімі экспортталды

Отандық ғалымдар кәбіл-өткізгіш өндірісінде жаңа әдіс ойлап тапты. Оны қолданудың нәтижесінде полимерлі кәбілді оқшаулаудың ыстыққа төзімділігі 40 пайызға артты. Осылайша, жаңа әдіспен әзірленген ыстыққа бұрынғыдан әлдеқайда төзімді кәбілдер эскпортқа шығып та үлгерген.

Пікір • 03 Қазан, 2023

Өмір мен өлім арасы

Аман-есен жеңілдеп, босанудан кейінгі бөлімге ауысқан кезім. Бір бөлмеде үш әйел жатқанбыз. Төрдегі төсектің жанында бала арбасы жоқ екен. Бала арбасы жоқ әйел дезинфекция жасайтын мамандай бүркене киініп, бір жаққа кетті.

Ғылым • 25 Қыркүйек, 2023

Тұзды топырақтан электр қуатын алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Жолдауында жауапты ұйымға қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын. Мұның себебін Президент 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясының тапшы болатынымен байланыстырды. Бірақ қоғамда атом электр стансасын салуға қарсылық көбейгендіктен, жалпыхалықтық референдум арқылы нақты шешім шығару көзделді. Қауіпті атомнан қуат алатын АЭС салу-салмау туралы бір байламға келе алмай жатқанда колледж студенті электр қуатын тұзды топырақтан алуды ұсынды.