Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
579 материал табылды

Қоғам • 16 Қазан, 2019

Заң жобасын талқылады

«Халық коммунистері» парламенттік фракциясының ұйымдастыруымен «Педагог мәртебесі: ұсыныстан нақты қадамға» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті. Шара барысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланды. Жиынға Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, аталған партияның депутаттары мен білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Қоғам • 16 Қазан, 2019

«Еңбек» елеусіз қалды

Жақында ата-аналардың бірі мектептегі еңбекке баулу сабағының өткізілмей қалатынын айтып, жанайқайын жеткізді. «Еңбек бәрін жеңбек» дейміз ғой, білім ошақтарындағы «еңбекті» өзге пәндер «жеңіп» кететін көрінеді. Мұғалімдер еңбекке баулитын сабақтың сағатын басты пән санайтын математикаға береді екен. Бала бойына берері болмаса, аталған пән Мемлекеттік стандарт пен соған сүйене әзірленген бағдарламаға не үшін енгізілді? Үкімет қаншама миллион оқулық басуға миллиардтаған қаржыны бекерге бөлді ме?

Қоғам • 10 Қазан, 2019

Шетелде тегін оқуға болады

Әлемнің 50 мемлекетінен 300-ге жуық университет мамандары қатысқан ауқымды шарада шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері өз бағдарламаларын таныстырып, жергілікті жастарға шетелде білім алудың жолдарын түсіндірді.

Қоғам • 07 Қазан, 2019

Мұғалімнің әлеуметтік жағдайы дөңгелек үстел мәжілісінде талқыланды

Білім және ғылым министрлігі мен Еуразиялық интеграция институтының бірлесе ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға аталған ведомство өкілдері, елордадағы білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Қоғам • 04 Қазан, 2019

Жаңа заң педагог мәртебесін қаншалықты көтереді?

Қазақстандағы білім саласының қызметкерлері қазан айының алғашқы жексенбісінде мұғалімдер мерекесін атап өтеді. Барша педагог қауымды атаулы күнмен құттықтай отырып, осы орайда ұстаздар үшін биылғы басты жаңалық болған «Педагог мәртебесі туралы» заңды сөз етпекпіз. Бұл заң жобасы қоғамда қызу әрі ең көп талқыланған құжат ретінде есте қалатын шығар. Себебі білім саласына қатысы болмайтын отбасы жоқ. «Алты Алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі» деп Мағжан ақын айтқандай, қоғамымыз заман қалай құбылса да ертеден келе жатқан ұстазға деген құрметтің өз деңгейінде сақталып қалуына мүдделі. Сонымен жаңа қабылданар заңда не қаралған? Ұстаздардың қай қалауы қолдау таппай тұр?

Қоғам • 04 Қазан, 2019

Бастауыш сынып мұғалімі ер адам болуы ерсі емес

Журналистік жолда талай жанмен жолығасың, кейбірі тіпті есіңде қалмайды. Бірақ соның ішінде қаншама уақыт өтсе де ұмытылмайтын, қайта құрметің арта түсетін кейіпкерлер болады. Соның бірін елорда­ның іргесіндегі мектептен кездестірдік.

Қазақстан • 04 Қазан, 2019

Үздік ұстаздар ұлықталды

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шараға Білім және ғы­лым министрі Асхат Ай­мағамбетов, Қоғам­дық маңызы бар бас­та­ма­ларды дамыту қоры­ның өкілдері, Пар­ла­мент депутаттары, қазақ­стандық эстрада жұл­дыздары, педагог­тар мен білім беру сала­сы­­ның ар­дагерлері қатысты.

Қоғам • 02 Қазан, 2019

Жоғары оқу орындарын қысқарту қалай жүргізілмек?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында еліміздегі университеттер санын қысқарту керектігін айтты. Президент мұның себебін жоғары оқу орындарының жартысы ғана өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан 60 пайыздық көрсеткішке қол жеткізіп отырғанымен түсіндірді. Бұл тапсырма қалай орындалады?

Әлем • 30 Қыркүйек, 2019

Оқушылардың төрттен бірі қосымша сабақ оқиды

Бұл туралы «ВВС» жариялаған мақалада айтылыпты. Білім беру саласындағы олқылықтарды жойып, білім сапасын көтеруді көздейтін Біріккен Корольдіктегі «The Sutton Trust» қайырымдылық ұйымы арнайы зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Англия мен Уэльстегі орта мектеп оқушыларының төрттен бір бөлігі жеке білім алатыны анықталды.

Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019

Білім алмасу бағдарламасының қарқыны қандай?

Білім алмасу бағдарламасы (KSP – knowledge sharing program) шеңберінде жыл сайынғы өңірлік семинар өтті. Әлемнің 70 елінде 1 мыңға жуық тақырыптық зерттеулерді қамтитын бұл бағдарламаны 2004 жылы Корея Республикасының Экономика және қаржы министрлігі дайындаған. Аталған жоба Кореяның тәжірибесі негізінде әріптес елдерге әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсететін стратегиялық зерттеулер мен консультация­лар кешенін әзірлеуді көздейді. Осы мақсатта Қазақстанмен әріптестік 2009 жылы басталған еді.