Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
580 материал табылды

Білім • 29 Тамыз, 2022

Оқу дәстүрлі форматта болады

5-11 сыныптарға жаңа міндетті пән енгізілді. Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі бекітілді. Колледждер енді жұмыс берушілермен бірлесіп оқу бағдарламаларын жасап, оқыту мерзімдерін еңбек нарығына сәйкес бірге анықтай алады. Барлық ізденуші, соның ішінде шетелдік студенттер университетке барып оқиды. Жаңа оқу жылының осы және өзге де өзгерістері мен жаңалықтары жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Білім • 26 Тамыз, 2022

Ғылым және жоғары білім форумы өтті

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Адами капитал – Жаңа Қазақстан дамуы­ның негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысына қатысты.

Білім • 21 Тамыз, 2022

Оқу жүктемесі жеңілдейді

Білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі бірнеше жылдан бері биыл офлайн режімде өтті. Тамыз айының басынан бері облыстық, қалалық деңгейлерде өткен пленарлық отырыстардың қорытындысы ретінде ұйымдастырылған конференцияда биылғы өзгерістер айтылып, алдағы міндеттер айқындалды. Жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, салалық министрлер, әкімдіктердің өкілдері, педагогтер қатысты.

Білім • 17 Тамыз, 2022

Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?

Арина атты жайдары мінезді көршіміз бар. Елордадағы клиника-диагностикалық зертханада мейіргер болып істейді. Осы қызметінен алатын жалақысы аздау болған соң, қосымша ресепшн жұмысын да атқаруға сұраныпты. Бірақ қазір қиналып жүр екен. Өйткені келушілер көбіне қазақша сұрайды, ол жауап бере алмайды. Ал кейіпкеріміз қазақ тілін 11 жыл бойы мектепте оқыған. Өзге тілде білім беретін сынып­тардың түлектері қазақ тілі пәнін 10-11 жыл оқыса да неге ойын жеткізе алатын деңгейде үйреніп шықпайды? Әдістеме әлсіз бе? Бағдар­лама бұрыс па? Оқулық олқы ма? Әлде мәселе кадрдың кәсібилігіне тіреліп тұр ма?

Білім • 14 Тамыз, 2022

Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр

Жаңа оқу маусымы жақындағанда бір жаңалық жылт етті. Балалар жылында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б. санаттағы қолдауды қажет ететін оқушыларға қыркүйектің қарсаңында берілетін материалдық көмек көлемі артты. Әрине, қуанышты жағдай, бірақ мұндай көмек бәріне бірдей берілмейді. Айталық, сондай көмек ала алмайтындардың арасында көпбалалы отбасылар бар. Оның үстіне, жығылғанға жұдырық, қымбатшылық та қатты қысып тұр. Осы орайда мектеп тауарларының құнына шолу жасап, мәселеге тереңдеп көрдік.

Білім • 11 Тамыз, 2022

400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады

Халықтың әлеуметтік осал санатындағы 400 мыңнан аса бала мемлекеттен қаржылай қолдауға ие болмақ. Бұл көмек балаларға «Жалпыға міндетті білім беру» қоры арқылы көрсетіледі. Балалар жылында Мемлекеттен берілетін осы материалдық көмектің көлемі артты.

Білім • 26 Шілде, 2022

Грант майшелпек пе?

Былтыр апалы-сіңлілі екі қызбен бірге тұр­дым. Үлкені медициналық университетте, кішісі ұлттық ЖОО-ның саясат­та­ну мамандығында оқиды. Әкеден ерте қалған қыздарға шамам келгенше көмектескім келетін. Өз қолыммен пісірген дәмділерді ұсынып, арнайы кес­теміз болса да, есепсіз үй жинай саламын. Кішісі компотымды, үлкені ба­уыр­сағымды жақсы көретін. Екеуі де мем­ле­кет­тік грантта оқиды.

Білім • 25 Шілде, 2022

Техникалық мамандықтарға грант көп бөлінді

Кәсібің – нәсібің. Бір кәсіпті игеру үшін, әлбетте, оқу орнында оқып, диплом алу керек. Бұл ретте мемлекет жас қазақстандықтарға тегін бі­лім алуына жағдай жасап отыр. Сөзімізге дәлел болсын, биыл жоғары білім алуға бөлін­ген мемлекеттік грант саны ре­корд­тық көрсеткішке жетті. Бұл былтырғымен салыс­тыр­ған­да шамамен 17 мыңға көп.

Білім • 21 Шілде, 2022

Қосымша білім беру қожырап тұр

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев қосымша білім беру саласындағы түйткілге тоқталып, бұл – өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама екенін, қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетінін атап көрсеткен еді.

Қоғам • 21 Шілде, 2022

Балабақшалардың бәрі лицензияланады

«Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз бала­бақ­ша­мен қамту жоспары жүзеге асырылғаны белгілі. Соның негізінде жеке балабақшалар көптеп ашылды. Жоспар орындалғанымен, сапа нашарлады. Енді лицензия алған балабақшалар ғана жұмыс істемек.