Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1772 материал табылды

Аймақтар • 30 Мамыр, 2023

Ақтау универсиадасы

Жастардың студенттік шағын қызықты, мазмұнды да мағыналы өткізу – Ақтаудағы Есенов университетінің басты ұстанымдарының бірі. Бұған дейін де жаңашыл бастамаларымен қуантып келген оқу ордасында тағы бір тың бастама қолға алынды. Ол – осы жылдың 24 мамыры мен 24 маусым аралығында өтетін жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІІ жазғы универсиада.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2023

Газет мерейтойымен құттықтады

Киелі де қазыналы Маңғыстаудың айнасына айналған облыстық «Маңғыстау» газетінің 50 жылдық және «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-ның 10 жылдық мерейтойлары аталып өтті.

Қоғам • 21 Мамыр, 2023

Маңғыстауда «Маңғыстау» газетінің 50 жылдығы тойланды

Облыстың айнасына айналған басылымның жарты ғасырлық мерейтойына Қазақстан республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, еліміздің өзге өңірлерінің баспасөз басшылары мен журналистері келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2023

Тоналған Торыш немесе тылсым тасқа тиіспе!

Адам санасы жетіліп, қарны тойынған сайын рухани тұрғыдан әлсіреп, мәдени жұтаңдыққа барынша бой алдыратын тәрізді. Халық даналығына сүйенсек, «семіздікті – қой, оның ішінде қа­ра қой – көтереді», ал Абайша айтқанда, «та­мағы тоқтық, жұмысы жоқ­тық аздырар адам баласын». Әрине, ел ішінде шешімін таппай жүрген мәселе көп, бірақ ең басты байлығымыз – тыныштық, бірақ біз осы тыныштықтың қадірін білмей жүрміз бе деп алаңдаймыз.

Қоғам • 16 Мамыр, 2023

Алақандай ауылдағы алапат дау

Жуырда Бейнеу ауданының Сарға ауылында ауыл тұрғында­рын екіге бөліп, айрандай ұйыған халықтың берекетін қа­шырған даулы оқиға болды. Ауыл ақ­са­­қалдарының бірі, Бей­­неу аудан­дық ақсақалдар ке­ңе­­­сінің төрағасы, «Құрмет» орде­ні­нің ие­гері С.Жаңбыров Сарға атауын негізсіз жоққа шыға­рып, «ауыл Сырға деп аталу ке­рек» деген бастама көтерді. Об­лыс­тық газетте мақала жа­рия­лап, ойдан шығарылған «Сырға әулие» туралы дә­лел­деу­ге тырысты.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2023

Ірі комбинат мемлекет меншігіне өтті

Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарлауынша, Жаңаөзен қаласында құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекет меншігіне қайтты.

Аймақтар • 10 Мамыр, 2023

Бос жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Мал шаруашылығы үш қияндағы бағзыдан бергі күнкөрістің негізгі көзі саналады. Кеңшар кезінде мал өсірудің алдыңғы қатарында болып, атағы аспандаған өлке. Бүгіндегі жеке шаруа қожалықтары мен жекенің малы да Маңғыстау даласының сәні.

Экология • 05 Мамыр, 2023

Туризмді ілгерілету

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен сауда және туризм салалық кеңесінің отырысында бірқатар мәселе көтерілді. Атап айтсақ, Ақтаудағы 1-шағын ауданның теңіз жағалауының ластануы, шіруі, Қаракөл көлінің жай-күйі, туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шарасынан бас тартылған жеке кәсіпкердің өтініші бойынша іс-шаралар қаралды.

Экология • 26 Сәуір, 2023

Құмнан табылған қоқиқаз өлексесі

Былтыр сәуір айында Бейнеу ауданының Сам құмындағы Қызыләскер ауылынан қоқиқаздар (фламинго) өлексесі табылған еді. Араға бір жыл салып оқиға айна-қатесіз қайталанып тұр. Биыл да аталған ауылдан 8 шақырым жерде өлген қоқиқаздар табылды.

Аймақтар • 26 Сәуір, 2023

Жайлы жатақхана, бірегей технопарк

Ақтаудағы Yessenov University-не Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бастауымен еліміздегі бірқатар оқу орнының ректорлары мен өкілдері келді. Мақсат – ел Пре­зидентінің Атырау және Маң­ғыстау облыстарының талап­керлері мен олардың ата-аналары үшін нысаналы білім ­беру гранттары туралы ау­қым­ды ақпараттық-түсіндіру жұмыс­тарын тиісті деңгейде жүргізу тапсырмасын орындау.