Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
936 материал табылды

Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Батысқазақстандықтардың басым көпшілігі өзгерісті қолдайды

Батыс Қазақстан облысында Конституциялық референдумға дауыс беру үшін 505 сайлау бөлімшесі қызмет көрсетті. Өңірде барлығы 443 мыңдай сайлаушы болса,елорда уақытымен 16.00.-де барлық сайлаушының 57,70 пайызы дауыс беріп үлгерді, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Маусым, 2022

Ажар Ғиниятқызы БҚО-ға жұмыс сапарымен келді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы екікүндік жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Өңірдің денсаулық сақтау мәселелері жөнінде өткен кеңеске облыс әкімі Ғали Есқалиев, вице-министр Айжан Есмағамбетова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасы Айдын Ашуев және басқа лауазымды тұлғалар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Маусым, 2022

Оралда балаларға арналған фестиваль өтті

Орал қаласында «Балалар жылы» және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты баламыз еркелеген» атты фестиваль өтті. Тұңғыш Президент алаңында өткен мерекелік іс-шараға 1500-ден астам бала қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2022

Нарыннан көшкен елдің наласы

Қазақстанның батыс аймағында миллиондаған гектар жер Капустин Яр сынақ полигонына беріліп, Нарын құмындағы елдің еріксіз көшірілгеніне биыл 70 жыл толады. Оралдық тарихшы Бақтылы Боранбаеваның жақында ғана бас­падан жарық көрген «Капустин Яр» әскери полигоны: Қазақ депортациясы» кітабы осы бір қасіретті оқиғаға арналған.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2022

Батыс Қазақстандағы репрессия зардабы

Орал қаласында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Батыс Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: тарих пен тағдыр: (ХХ ғасырдың 20-50 жылдары)» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша өңірлік комиссияның жұмыс нәтижелері жарияланды.  

Тарих • 24 Мамыр, 2022

Шәңгерей түсірген фотолар

Жәңгір ханның немересі, белгілі ақын, ағартушы Шәңгерей Бөкеевтің қазақтан шыққан тұңғыш фотограф екендігі ара-тұра айтылып жүр. Бірақ өкінішке қарай, Шәңгерейден қалған осы мұра әлі толық жинақталып, зерттелген емес.

Референдум-2022 • 19 Мамыр, 2022

Елдің пікірі ескеріледі

Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдар өкілдері және экология белсенділері бас қосып, конституциялық реформа мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2022

Батыс Қазақстанда жастар штабы құрылды

Батыс Қазақстан облысында алдағы үлкен саяси науқан - референдумды қолдау бойынша өңірлік жастар штабы құрылды. Қоғамдық штаб қатарына үкіметтік емес ұйым өкілдері, ғалымдар, блогерлер мен журналистер, жастар мен ардагерлер қауымдастығы, этномәдени орталықтардың жетекшілері кірген.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2022

Халық пікірін айқындайтын ауқымды іс-шара

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабы алғашқы отырысын өткізіп, алдағы референдумның мақсатын, заңнамалық өзгерістерді түсіндіру іс-шаралары жайын талқылады.

Аймақтар • 15 Мамыр, 2022

Ауылдар қазақы атауға ие болды

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек және Теректі ауданында бірнеше ауылға қазақы атау беріліп, округ атаулары өзгерді. Облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысы қол қойған қаулы жақында еліміздің Әділет министрлігінде тиісті тіркеуден өтіп, ресми күшіне енді.