Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
754 материал табылды

Аймақтар • 05 Мамыр, 2019

Ақжайықта ат спорты кешені ашылды

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында «Құлагер» ат спорты кешені ашылды. Осы өңірде үйір-үйір жылқы айдаған белгілі кәсіпкер Болат Аткеевтің бастамасымен ұйымдастырылған кешен ұлттық ат спортын дамытып, келушілердің мәдени демалысын байытуға, сондай-ақ иппотерапиялық қызмет көрсетуге ден қойып отыр.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

Оралда ақын Шолпан Қыдырниязованың жаңа кітабы таныстырылды

Орал қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязованың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Аймақтар • 02 Мамыр, 2019

Жас әнші Ержан Максимге жерлестері құрмет көрсетті

Ресейде өткен «Голос. Дети» балалар музыкалық шоуына қатысып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болған оралдық жас әнші Ержан Максимді жерлестері әуежайдан салтанатпен күтіп алып, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов арнайы қабылдады.

Аймақтар • 02 Мамыр, 2019

Оралда көпбалалы 10 отбасы пәтерлі болды

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні Орал қаласында бір топ көпбалалы отбасы жаңа пәтерге ие болды. Оны орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев табыс етті.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

Орал қаласында 1 мамырға арналған мерекелік шеру өтті

Орал қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шеру өтті. Жылдағы дәстүрге сәйкес, бұл күні түрлі мекеме мен кәсіпорын ұжымдары облыс орталығының бас көшесі – Нұр-Сұлтан даңғылына шықты.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

Ақ Жайықтық ару аналар жастармен кездесті

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында еңбек ардагері, көп балалы ана, «Ару аналар» ансамблінің жетекшісі Клара Саржановамен кездесті.

Руханият • 29 Сәуір, 2019

Баһадүр баба ұлықталды

Батыс Қазақстан облы­сының Ақсай қаласында «ХІХ ғасырдың бірінші жар­ты­сын­дағы Батыс Қа­зақ­стан облысының әлеу­мет­тік-экономикалық жағ­­дайы және Жолбарыс Торы­ұлы батырдың өмірі» ат­ты халықаралық ғылыми кон­­ференция өтті.

Аймақтар • 25 Сәуір, 2019

Оралдан шыққан отызыншы кеме

Орал қаласындағы «Зенит» зауытының конвейерінен шыққан тағы бір жаңа кеме салтанатты жағдайда суға түсірілді. Бұл еліміздің судағы шекарасын қорғау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тапсырысымен жасалған отызыншы кеме.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Оралда ауыл режиссерлары шеберлігін шыңдады

Орал қаласында Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының халықтық театр және көпшілік шаралары режиссерлеріне арналған «Кеңістік. Режиссура. Қолтаңба» аймақтық шеберлік сағаты өтті.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2019

Еділ мен Жайық суы араласты

Батыс Қазақстан облысында төрт ауданды сумен қамтып, шаруа қожалықтарына мал суаруға және егінді жерлерді суландыруға мүмкіндік беретін Киров-Шежін арнасы іске қосылды. Ұзындығы 180 шақырымға созылған арнаның құрылысына жергілікті бюджеттен 2 401,726 млн. теңге жұмсалған.