Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1433 материал табылды

Қоғам • 08 Шілде, 2022

Бала тәрбиесіне бейжай қарамайық

Соңғы жылдарда бала тәрбиелеу ісі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Тастанды балалар, білім мекемелеріндегі әлімжеттік, өз-өзіне қол жұмсау, ажырасқан отбасылар көрсеткіші мемлекеттік тұрғыда бақылауға алатын келелі мәселеге айналып барады. Осы орайда мамандар тұрмыс тауқыметін тартып, ата-ана мейрімінен зәрулік көріп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалардың өмірі қоғамға сын ғана емес, елдің болашағына төніп тұрған үлкен қауіп екенін алға тартады.

Аймақтар • 06 Шілде, 2022

Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады

Бүгінде ғаламдық технологиялық үдерістердің нәтижесі білікті мамандар көрсеткішіне байланысты айқындалуда. Осы орайда ел экономикасындағы сапалық көрсеткіштерді арттыруда стандарттау және метрология мамандарына қойылатын талаптар күшейіп келеді. Сәтбаев университетінде ашылған KazStandard Academy халықаралық талаптар үдесінен шыға отырып, ел нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлау ісіне басымдық беріп отыр.

Аймақтар • 03 Шілде, 2022

Тұманды Альбионда топ жарған команда

Қазақстандық роботтехника командасы Ұлыбританияның Косфорд қаласында өткен FIRST Tech Challenge олимпиа­дасында жеңіске жетті.

Қоғам • 01 Шілде, 2022

Қажылық сапарға шығарып салды

Алматы әуежайында қа­сиетті мекенде парызын өтеуге ниет еткен 400-ге жуық қазақстандықты шы­­ғарып салу рәсімі өтті.

Қоғам • 29 Маусым, 2022

Мыңнан астам алматылық жаңа кәсіпті меңгерді

Оңтүстік астанада осыдан үш жыл бұрын ашылған «Бақытты отбасы» орталық­тарының саны бүгінде тоғызға жетті. Әлеуметтік мәселелердің дер кезінде шешіліп, азайғаны қоғамдағы басты мәселелердің бірі дейтін болсақ, көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету мақсатында орталық мамандары тарапынан іске асып жатқан жобалар қуантады.

Аймақтар • 22 Маусым, 2022

Еріктілер миссиясы бір реттік акция емес

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алматылық еріктілер бір жылдан астам уақыт ішінде атқарған жұмыстарымен таныстырып, еріктілер қатарына қосылудың мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Ғылым • 13 Маусым, 2022

Аграрлық саладағы инновацияларды игереді

Аграрлық сала жетекші мамандарының ҚазҰАЗУ жазғы мектебіндегі кездесуі жас зерттеушілер үшін дәстүрлі іс-шараға айналып келеді. Замануаи тәжірибе және озық біліммен бөлісуді мақсат ететін кәсіби алаңда бұл жолы Америка, Индонезия, Қытай, Таиланд, Испания, Болгария, Малайзия сияқты әлем­нің 30-дан астам елінен келген жүзге жуық маман бас қосты.

Тарих • 08 Маусым, 2022

Тың құжаттар жинағы жарияланды

Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне қарасты Орталық мемлекеттік архив мамандары «Қазақстандағы ашаршылық. Голод в Казахстане. 1921-1923. Сборник документов и материалов» 2 томдық құжаттар мен материалдар жинағын жарыққа шығарды.

Өнер • 06 Маусым, 2022

Күйіңді таныған жоқ халқың әлі...

Күй десе көкірегі күмбірлемейтін қазақ жоқ. Бүгіні мен өткені сабақтаса жадында жаңғыратын болмысы бөлек қазақтың күй өнеріне деген жақындығы да өзгеше. Жуырда өнерсүйер қауымды елең еткізген ауқымды іс-шара Ұлттық кітапханада өтті. Халықтық ән мен күйдей рухани мұрасын жинақтап, ғылыми айналымға енгізу жолында еңбек еткен күйші Базаралы Мүптекеевті еске алған өнертанушылар күй тарихын қозғап, заманауи форматпен жарыққа шыққан «Жетісудың оңтүстік-шығысындағы күйшілік дәстүр» моногра­фиясы, «Күй шақыртқы» жинағы мен CD күйтабағының тұсаукесерін өткізді. Жинақтағы күйлер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы­ның фольклорлық ғылыми-зерттеу зертханасы қорындағы Базаралы Мүптекеев­тің орындауында берілген.

Қоғам • 06 Маусым, 2022

Жазғы демалысты тиімді өткізген абзал

Балалардың қауіпсіз әрі көңілді демалысын ұйым­дастыру мақсатында қала­лық әкімдік мамандары ке­шенді жоспар құрып отыр. Өңірлік коммуникациялар алаңындағы брифинг­те Алматы қаласы білім бас­қармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов жә­не «Жастар саясатын дамыту» мемлекеттік қорының бас­шысы Алма Ауғанбаева атап өткендей жазғы каникул балалар үшін мазмұнды әрі қауіпсіз ортада өтуге тиіс.