Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1197 материал табылды

Білім • 13 Сәуір, 2021

«Берік отбасы» бағдарламасы сегіз елдің оқу жоспарына енді

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында құрылған «Берік отбасы» бағдарламасы Орталық Азиядағы, сондай-ақ Иран, Пәкістан және Ауғанстандағы мектеп психологтарының оқу жоспарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2021

Алматының 4 ауданы интернетке қосылады

Алғабас, Нұршашқан, Таусамалы, Әлмерек сияқты Алматының бірқатар шағын аудандарында интернет сапасы жақсаратын болды. Бұл аудандарда  интернет жылдамдығы 90 Мбит/сек жетеді деп жоспарланып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев осындай деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 12 Сәуір, 2021

Ғылым апталығы білім берудегі жаһандық трендтерді талқылаумен басталды

Әлемдік ғылым апталығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және елордадағы NIS-тің химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева Nobel Fest алаңында COVID-19-дан кейін білім берудегі жаһандық трендтер жайында айтып өтті, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Технология • 09 Сәуір, 2021

«NIS Space» ғарыш кемесін құрастырады

Адамзаттың ғарышқа ұшуына 60 жыл толу құрметіне орай Космонавтика күні қарсаңында елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік  мектепте «NIS Space Z» ғарыш зертханасы өз жұмысын бастады.

Қазақстан • 08 Сәуір, 2021

«Ashyq» пилоттық жобасына қатысу тәртібі белгілі болды

Бүгін Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға өтінім беру алгоритмдері туралы айтты.

Медицина • 08 Сәуір, 2021

Вакцина салдырудың қандай жағымсыз әсері болуы мүмкін?

Вакцинациядан кейінгі жағымсыз реакциялар негізінен жеңіл немесе орташа дәрежеде болады. Вакцинаның жағымсыз әсері алғашқы екі-үш күнде пайда болады. Бұл ұзаққа созылмайтын тұмауға ұқсас синдром, қалтырау, дене қызыуының жоғарылауы, артралгия, миалгия, астения, жалпы әлсіздік, бас ауруы, сондай-ақ инъекция орнының ауыруы, гиперемия, ісіну түріндегі реакциялар болуы мүмкін.

Тарих • 05 Сәуір, 2021

Көзі тірі куәгерлердің естеліктері

Қалың қазақтың басына төн­ген ашаршылық нәубеті Әулие­ата өңірін де айналып өткен жоқ. Жақында осы аймақтың Та­раз қаласы және Байзақ, Жуалы, Жамбыл, Қордай, Мер­кі, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Тұрар Рысқұлов, Шу ауда­нын­да тұратын ашаршылық куә­герлерінің естеліктері топ­тастырылған «Әулие-Ата өңі­ріндегі ашаршылық» кіта­бы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты маман­дары­ның жетек­шілігімен жарыққа шықты. Құн­ды басылымға жекелеген аза­маттардың естеліктері ғана емес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз қалалары архивтеріндегі Жамбыл облысының әрбір ауданына қатысты нәубет жылдар жайлы деректер де енгізілген.

Өнер • 02 Сәуір, 2021

Балалар байқауының жеңімпаздары анықталды

«Жан-Сая» Дағдарыс орталығы және қаланың  Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Бейбіт әлемінің балалары бейбітшілікті бейнелейді» бейнелеу өнері байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Экономика • 01 Сәуір, 2021

Индустриялық аймақта биыл 9 кәсіпорын іске қосылады

Жалпы инвестиция көлемі 40,5 млрд теңге болатын 9 жоба барысында 800-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында іске қосылатын «Рахат СК», «г. С. г. Высотник», «Қаз-Диа-Тест», «City Stone», «Әлем Тынысы», «Asia steel pipe corporation», «Электробар», «Valtherm», «Technokont» өнеркәсіп өнімдері өндірілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 01 Сәуір, 2021

Алматы автопарктеріне 300 млн теңге көлемінде заңсыз айыппұл салынған

Мұндай жағдайдың орын алуына тиісті  органдардың «Сергек» базасына дер кезінде өзгерістер енгізбегендігі себеп болып отыр.