Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
112 материал табылды

Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2023

Айтып келген апат

Степногор қаласында жылу жүйесінде апат орын алып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сақылдаған сары аязда жылусыз қалды.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2023

Көкшетау ауыз судан тарықпайды

Ұзақ жылдан бері ауыз судың зардабын тартып келе жатқан облыс орталы­ғы тұрғындарын «Су тазарту стансасы салынып жатыр» деген хабар айрықша қуантты. Станса жанынан арнайы зертхана да бой көтермек.

Ауыл • 01 Желтоқсан, 2023

«Ауыл аманаты»: Бағдарлама қайтсе баянды болады?

Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі – төрт түлік мал. Төскейді ақтылы малға толтырып, ел дастарқанын адал асқа қайыстырып қоюға не кедергі? Кейде алға ұмтылған қадамдары кері кетіп жататындары да бар.

Еңбек • 28 Қараша, 2023

Нан – тағамның атасы

Наубайханашылар әу­леті – Мирзоевтар отыз жыл­ға жуық шағын қала­ның тұрғындарын дәмі тіл үйіретін нанмен, кон­ди­терлік өнімдермен қамта­масыз етіп келеді.

Мәселе • 22 Қараша, 2023

Елді ауылдан көшірген ауыз судың азабы

Кейбір адамдардың «Ауыл тұрғындары кір жуып, кіндік кес­кен туған жерлерін тастап неге көшеді?» деп таңғалатыны бар. Әрине, әркімге өзі туып-өскен, ата-бабасының құтты қонысы қымбат. Әйтсе де қазығын суырып, үдере көшудің себебі аз емес.

Құқық • 21 Қараша, 2023

Ор қазамын деп опық жеді

Төрт түлік малдың сүмесімен күн көрген ауыл тұрғындары үшін ең маңызды мәселе – жайылым. Кейінгі жылдары кейбір ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары меншігіндегі жерді қорғаудың тиімді тәсілі ор қазу деп біледі.

Отбасы • 16 Қараша, 2023

Бурабай баурайындағы шілдехана

Исі Алаш баласын сүйсіндірген жиырма миллионыншы сәбидің бірі аруақ қонып, нар шөккен қасиетті Бурабай баурайында дүние есігін ашты.

Мәселе • 12 Қараша, 2023

Егіндікөлдің еңсесі көтеріледі

Биыл мамыр айында ел газеті «Егеменде» «Егіндікөлден ел неге көшеді?» деген тақырыппен күрделі мәселе туралы көлемді мақала жарияланған еді. Онда Нұра су құбырының бойындағы Егіндікөл, Қорғалжын, Атбасар аудандарының 20-дан аса елді мекендерінің тұрғындары 30 жылға жуық уақыт бойы ауыз судың азабын тартып келе жатқанын айтқан едік.

Аймақтар • 06 Қараша, 2023

Біржан сал еліндегі береке

Ел ішіндегі денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын жандандыру айрықша маңызды. Аудан орталығы Степняк қаласында бір мезгілде 200 адам ем қабылдайтын аурухана салынып жатыр. Елді мекендерде де осы салаға қатысты жағымды жаңалық аз емес.

Экономика • 03 Қараша, 2023

Сәулетті де дәулетті Степногор

Бұл – етек-жеңі жинақы, өндірістік нысандар молынан шоғырланған, ажары ашық сәулетті қала. Шағын қала өңірдегі өнеркәсіп өндірісі көлемінің 23,7 пайызын құрап отыр. Биылғы жыл басынан бері 297,7 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 100,2 пайызды құрайды.