Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
971 материал табылды

Қоғам • 05 Наурыз, 2021

Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі

Аппақ, мөп-мөлдір зәмзәм суын құйған күміс тостағандай Жөкей көлі жаз бойы майда толқындары бірін-бірі қуып, жағалауға асығып, тебірене тербеліп жатар еді. Бала кезінен осы төңіректі аралап, көгілжім сағымға бөккен, тойған қозыдай томпайып жатқан сансыз адырлардың арғы бетінде не бар екен деген қызығушылықтан арыла алмайтын.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Көкшетауда кейбір шектеулер күшін жойды

Соңғы он күннің ішіндегі коронавирус инфекциясының таралуына жүргізілген мониторинг нәтижесі өңірде эпидемиялық жағдайдың біршама тұрақталғанын көрсетіп отыр. Осыған орай, ақпан айының 27-сінен бастап кейбір шектеу шаралары алынып тасталды.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Малыңа абай бол, ағайын!

Күн қабағын бағып, ауа райын жауырын ашпай-ақ болжап отырған ел ішіндегі малсақ қауымның айтуына қарағанда, биылғы ауа райы 2017 жылмен ұқсас екен. Сол жылы да қыс ішінде жаңбыр жауып, үйір-үйір жылқы жайылатын жалпақ жон сіреу болып қатты. Қас қылғандай қар да қалың түсті. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, бейқам отырған ел іші жүген ұстап қала жаздады.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді

Өңірде мектеп оқушыларын тасымалдау мәселесі өте өзекті. Бүгінгі күні төрт мыңнан астам оқушы қатынап оқуға мәжбүр. Күрделі істің оңынан шешілуіне кәсіпкерлер қол ұшын  созып, көмек беруде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 26 Ақпан, 2021

Көрші өңірдің көмегі

Қайырымдылық қолын созып, жанашыр­лық құшағына алу – халқымыз­дың ықылым заманнан бері бойына біт­кен ізгі қасиетінің бірі. Таяуда Петро­павл қаласындағы С.М.Киров атындағы зауыт ұжымы Көкшетаудағы Шоқан Уәли­ханов атындағы университетпен бірле­сіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы­лардың студенттеріне соңғы үлгідегі ноутбуктерді тарту етті.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Үміт отын лаулатқан...

Облыс орталығындағы ең жас кәсіпкер – 12 жаста. Әйтсе де, сөзі мен ісі құдды ес біліп, етек жапқан ересек адамдай. Ой-толғамы да, ұстанымы да. Тірнектеп тапқан қаражатын қарақан басына жаратпай, қайырымдылыққа жұмсайды, анығырақ айтқанда, маймақ дертіне шалдыққан балаларға ортопедиялық аяқ киім мен басқа да қажетті заттар сатып әпереді.

Қоғам • 26 Ақпан, 2021

Еріктілердің елеулі ісі

Төрт құбылаға тегіс шарапат шуағын шашатын ізгі істің бірі – қайырымдылық марафоны. Ақмола өңірінде бұл шаруа мықтап қолға алынуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметтің мемлекеттің алдына қойған мақсаттарымен үндестігін айта келіп, бұл рухты көтеретін, халықтың мұң-мұқтажын бөлісетін қозғалыс екендігін атап өткен болатын.

Қоғам • 25 Ақпан, 2021

Көршінің көп-көрім көмегі

Қайырымдылық қолын созып, жанашырлық құшағына алу – халқымыздың ықылым заманнан бері бойына біткен ізгі қасиеттің бірі. Таяуда Петропавл қаласындағы Киров атындағы зауыт ұжымы Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университетпен бірлесіп әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың студенттеріне соңғы үлгідегі ноутбуктерді табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Ақмола облысында иісшіл иттер көмегімен 75 қылмыс ашылды

Облыста жыл басынан бері кинология саласындағы қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен 75 қылмыс ашылды. Өткен жылы да иісшіл, ізшіл төбеттердің көмегі көп-көрім тиген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы • 25 Ақпан, 2021

Ауа райына байланысты ескертуді елеген жөн

Ақпанның соңы бет қаратпас аязға ұласты. Аракідік атан түйені алып жығатын үскірік боран да соғып, жолдар жабылуда. Әйтсе де жолаушылар төніп тұрған қауіпті елемей, бастарын қатерге тігіп, жолға шығуларын азайтар емес.