Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
955 материал табылды

Қоғам • 16 Ақпан, 2021

Жастықтың оты жалындап...

Қысылтаяң шақта қолы қысқа адамдарды қолтығынан демеп, жанашырлық жасау шынайы адамгершіліктің белгісі. Көкшетаулық жастар жалпақ әлемді «жаман тұмау» жан алқымнан алған кезде бірліктің бұзылмас қамал екендігін өздерінің ізгі ниетті іс-қимылдарымен көрсетіп отыр.

Қоғам • 11 Ақпан, 2021

Елсізде қалған ескерткіштер

Өтпелі кезеңнің өкпек желі талай шағын ауылдардың шаңырағын шайқап кетті. 2019 жылы ғана сегіз ауыл жабылыпты. Соңғы отыз жылда ондаған елді мекеннің жұрты ғана қалды. Осы ауылдардың бәрінде Ұлы Отан соғысында опат болған майдангерлерге қойылған обелискілер бар. Қазір сол обелискілер жел мен күнге тозып, сыры өшіп қалқайып тұр. 

Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Жанашырлық та, жауапкершілік те қажет

Төтеннен келген тажал дерт адамдарды бір-біріне барынша жақындастырып, бауырластырып, қам көңілге қамқоршы болуға себеп болып отырғанын айқын аңғаруға болады. Халық қай кезде де дәл осындай ел басына күн туған шақта тұтаса бірігіп, еңсені езген ауыртпалыққа иықтарын төсеп, бірлесе көтеріп алатын. Қазір де осы бірлікпен әдіптелген жан жадыратар жылылықты қолы қысқа әлеумет айқын сезініп отыр.

Абай • 11 Ақпан, 2021

Абай орталығы ашылды

Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №3 мектеп-интернатта Абайтану кабинеті ашылды.

Экономика • 10 Ақпан, 2021

Мал бақсаң, асылын бақ

Бұрын екі қолға бір күрек таба алмай қиналған ауыл тұрғындары қазір мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде туған жердің төскейін мыңғырған малға толтырып отыр. Оның ішінде асыл тұқымды қара малға аңсарлары ауды.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Базардағы бәтуасыз шаруа

Соңғы тәуліктерде Көкшетау қаласындағы базарларда ахуа­л шиеленісіп барады. Жолың түсіп соға қалсаң, қыстың көзі қырауда қияндағы ауылдан жеткізген еттерін өткізе алмай қапылып тұрған адамдарды көрер едіңіз. Мәселенің мәнісін біз де зерделеп көрдік.

Коронавирус • 10 Ақпан, 2021

365 адам екпе алды

Облыс жаман тұмаудың жаппай таралуы бойынша әлі де «қызыл» аймақтың шеңберінен шыға алмай тұр. Өңірдегі науқастар саны 11 497 адамға жетті.

Қоғам • 10 Ақпан, 2021

Ырыздық мол болсын десек...

Жаман індет жан алқымнан алып тұрған кезде елдің дас­тарқанын жүдетпеу – маңызды мәселенің бірі. Нұр-Сұлтан қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету белдеуіне об­лыс­тың 17 ауданы кіреді. Былтыр елорда тұрғындарына ауыл шаруа­шы­лы­ғы өнімдерін ұсынуда біршама жетістік бай­қал­ға­ны­мен, әлі де ішкі мүмкіндікті толық пайдалана алмай отырған тәріздіміз.

Экономика • 05 Ақпан, 2021

Мал азығы қымбаттап кетті

Қысы ұзақ біздің өңірде төрт түлік басының көбеюі ең алдымен мал азығына байланысты. Биыл облыста мал шаруашылықтарына субсидияға 4,6 млрд теңге қарастырылып отыр. Негізінде шаруалар қамқорлықтан біржола қағыс қалып отыр деуге болмайды. Былтыр әртүрлі қажеттіліктерге 9,4 млрд теңге көмек көрсетіліпті. Тек бір түйткілді жайт – қарастырылмаған да бағыт бар.

Аймақтар • 05 Ақпан, 2021

Балаларға абай болайық

Соңғы тәуліктерде облыс «қызыл аймақтың» құрсауында. Сақ­тан­дыру бағытындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіл­генімен, қауіптің бетін қайтару әзірге мүмкін болмай тұр. Қаңтар айында өңірде 3 615 адам індет жұқтырды. Оның 253-і мектеп оқушысы.