Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1174 материал табылды

Қазақстан • 25 Сәуір, 2020

Алматы маңында бір түнде екі мәрте жер сілкінді

Соңғы айда Алматы маңында жер сілкінісі жағдайлары жиілеген. Қуаты күшті болмаса да 2-3 балды құрайтын жер дүмпулері осы айда Қазақстан-Қытай шекарасына жақын аумақта, Алматы облысының аумағында бірнеше рет тіркелді. 25 сәуір, яғни өткен түнде  Алматы уақытымен 03 сағат 56 минутта және 06 сағат 55 минут 25 секундта қос бірдей жерасты дүмпуі тіркелді.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2020

Көліктік бақылау органдары 4200-ден астам заң бұзушылықтарды анықтады

2020 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдары ел аумағында  28 032 жүк автокөлігін тексеріп, заң талаптарын бұзған 4231 жағдайды анықтаған. Оның ішінде 219 шетелдік көлік құралы жол жүруге берілетін рұқсат жүйесін бұзған.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Алматы: Тағы екі науқас індеттен айықты

Қатерлі індеттен айыққандардың бірі – 30 жастағы ер адам. Екіншісі 1972 жылы туған әйел кісі. Екеуі де вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар.

Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Көліктік бақылау инспекторларына жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде орын алған жол-көлік бақылау постының мамандарына қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша Көкшетау қаласының полиция Департаментімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында аталған оқиғаға қатысы бар 5 күдікті азамат ұсталды. Бұл туралы ИИДМ көлік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Елімізде жүк тасымалы ұлғайған

Елімізде биыл жыл басынан бері автомобиль көлігімен 5,3 млн жолаушы және 675,3 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл туралы жауапты ведомства өкілдері хабарлады.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Түрмедегі танысына есірткі тасыған алматылық ұсталды

Полиция департаменті хабарлағандай, 24 жастағы ер адам  есірткіні палаудың ішіне жасырып түрмедегі танысына жібермек болған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 67 грамм болатын «гашиш» есірткісі болып шықты.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Алматылықтарға тауға бармау туралы ескертілді

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі артып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қоғам • 24 Сәуір, 2020

Алматы әкімі мұсылман қауымын қасиетті аймен құттықтады

Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

Жұма: Алматыда қаралы хабар тыйылмай тұр

Алматыда түске дейін де түстен кейін де қаралы хабар тиылмай тұр. Бүгін 1945 жылғы індет жұқтырған тағы бір пациент қайтыс болғаны белгілі болды.

Руханият • 23 Сәуір, 2020

Алматылық студенттер Еуразия Жазушылар одағының төрағасымен дидарласты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері «100 кітап» жобасын табысты жүзеге асыруда. Жоба аясында іргелі оқу ошағы өз шәкірттері үшін танымал ақын жазушылармен  шығармашылық кездесу өткізу дәстүрін қалыптастырды. Бұл игі дәстүр карантин кезінде де тоқтаған жоқ.