Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1168 материал табылды

Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Алматыда 8 коммуналдық мекеме карантинге жабылды

Қаладағаы су, электр энергиясына, жылуға жауапты кәсіпорындар 100 апаттық топ құрып, жұмыстарын жалғастыра береді.

Қаржы • 18 Наурыз, 2020

Алматылықтарға салық төлеудегі уақытша өзгерістер туралы хабарланды

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаменті коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау үшін қала тұрғындарына бірқатар уақытша өзгерістер туралы хабарлады. 

Қоғам • 17 Наурыз, 2020

Алыпсатарлар адамдықтан аттамаса игі

«Сақтанғанды сақтаймын» деген. Әркім өзінің жақындарының амандығы үшін жанұшырады. Ұл-қызының саулығын тілейді. Әдетте 30-40 теңгеге саудаланатын медициналық бетперделердің төрт-бес есеге шарықтап кетуіне себеп не? Әлбетте, ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, қаржыға қарық болсам деген алыпсатарлардың арзан пиғылы. Ел басына сын сағат төнгенде біреудің қайғысынан пайда іздеген пақырлар «бұл да сауда» дейтін шығар, бәлкім!? Қашанда адам баласын ізгілікке бейілдендіретін асыл дініміз де бұл істі құптамайды.

Қоғам • 17 Наурыз, 2020

Алматыда қоғамдық көліктер сағат сайын дезинфекцияланып жатыр

Алматы билігі қоғамдық көліктердегі тазалыққа аса мән беруде. Өйткені вирус темір тұтқаларда, есік пен терезелерде ұзағырақ сақталады. Мамандар автобусты құрамында хлор ерітіндісі бар қоспамен залалсыздандыруда. Айтуларынша, мұның жолаушылар денсаулығына ешқандай зияны жоқ.

Қоғам • 17 Наурыз, 2020

Төтенше жағдайға байланысты салық төлеушілерге қандай жеңілдіктер қарастырылды?

Елімізде коронавирус індетінің тіркелуіне байланысты төтенше жағдай енгізілгендіктен, Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес субъектілеріне бірқатар мемлекеттік қолдау көрсетпек. Олар инвестициялық салықтық преференциялар, арнайы экономикалық аймақтар, арнайы салықтық режимдер. Бұл жеңілдіктер  кәсіпкерлік субъектілері мен агроөнеркәсіп кешенін қолдауға арналған. 

Қазақстан • 17 Наурыз, 2020

Төтенше жағдайға байланысты қандай әуе рейстері тоқтатылды?

Коронавирустың ел аумағына таралуына жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес аптасына 49 халықаралық тұрақты рейстер тоқтатылып, 84 халықаралық әуе рейстері қысқартылды.

Коронавирус • 16 Наурыз, 2020

Алматыда қоқыс жәшіктері жаппай дезинфекциялануда

Алматы қаласында коронавирустың алдын алу мақсатында тазалық шаралары жалғасып жатыр. Бұдан былай қалада қоқыс жәшіктері жаппай дезинфекциядан өтеді. Осы уақытқа дейін шаһардың Жетісу, Алатау және Медеу аудандарындағы қатқыл тұрмыстық қалдықтарды таситын орындар арнайы қоспамен шайылды.

Қоғам • 16 Наурыз, 2020

Алматыда билет тапшылығы байқалды

Мемлекет басшысы жұқпалы індеттің таралуына жол бермеу мақсатында студенттерді қашықтықтан оқыту туралы мәлімдеме жасағаны белгілі.  Осы орайда мерзімнен тыс көктемгі демалысқа шыға салысымен үйлеріне асыққан Алматылық студенттер үшін жол жүру билеттерінің тапшылығы туындап отыр.

Аймақтар • 13 Наурыз, 2020

Құрақтай бүлдіршіндер құран оқыды

Алматы іргесіндегі Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылдық мешітінде мектеп оқушылары  арасында «Иманды ұрпақ — ұлт болашағы» атты байқау өтті. Құран сүрелерін жатқа оқыған құрақтай бүлдіршіндер көпшіліктің ризашылығына бөленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қоғам • 13 Наурыз, 2020

Ұлтаралық тұтастықтың туы биік

Әлемдік қоғамдастық шеңберінде мемлекетіміз «ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің қазақстандық моделімен» ерекшеленеді. Ұлт саясатындағы қазақстандық модельдің іргетасы бірнеше факторға табан тірейді және ол отандық дара құндылық болып қалыптасты.