Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
940 материал табылды

Қазақстан • 27 Наурыз, 2020

СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелде қиын жағдайға тап болған азаматтарымыз туралы айтты

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қоғам • 27 Наурыз, 2020

Ресейде туысқаны бар қазақстандықтар сол елге бара алады

Мұндай мүмкіндік Ресей Федерациясы Үкіметінің 25 наурыздағы бұйрығына сәйкес беріледі.

Қаржы • 27 Наурыз, 2020

Қазақстанда инфляция 9% жетуі мүмкін

Ұлттық Банк апта басында биыл жылдың алғашқы жартысында инфляцияның мақсатты дәлізден асып кету қаупін жоққа шығармайды (4-6%).  Біз пікір алған сарапшылар бұл болжамның қаншалықты мүмкін екенін айтты. Сарапшы Владислав Киселев журналистермен өткен онлайн жыинда Қазақстандағы тұтынушылық инфляцияның жылдық деңгейі осы жылдың аяғында қазіргі 6%-дан 8,1-9%-ға дейін көтерілуі мүмкін екенін айтады. Бағаның өсуі, теңгенің долларға шаққандағы 15% құнсыздануы аясында импорт бағасы өсті.

Бизнес • 27 Наурыз, 2020

Мүмкіндікті кім қалай пайдаланады?

Еуропадан, ЕАЭО елдерінен келетін  бірқатар азық-түлік импорты шектелді. Апта басынан бері жан-жағымыз, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның шенділері шектеу салынған импортты енді немен алмастыратынын қайта-қайта айтып, қарашасына ой салып, арзан несиемен демеп жатыр.

Қазақстан • 27 Наурыз, 2020

Банктер өндіріске қашан бет бұрады?

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып алмай, өркениетті елдердің сапынан көріну тым қиын екені анықтауды қажетсінбейтін ақиқат.  Сондықтан, осы сала өкілдері соңғы кезде «отандық кәсіпкерліктің бет-бедерін айшықтап,  «бизнес-банк-өндіріс» формуласын жетілдіретін кез келді» деген пікірге басымдық бере бастады.

Әлем • 27 Наурыз, 2020

Карантиндегі Орталық Азия: Қандай қонақ үйлер ауруханаға айналды?

COVID-19 коронавирусты пандемия кезінде пандемия көптеген елдер сырт әлемнен оқшауланып қалды. Осыдан бірер ай бұрын төсекте басы, төскейде ұшақтары мен көліктері бір-бірімен мидай араласып кеткен елдер есігін тарс жауып алды. Шетелден келген отандастарымыз бен басқа елдердің азаматтары вирустың әр түрлі жағдайында тексеріліп жатыр. Көбінесе, әуежайдан адамдар дереу ауруханаларға жіберіліп жатыр. Төтеннен келген зауал шұғыл шешімдер қабылдауға мәжбүрледі. Санаторийлер мен ауруханалар ғана емес, сонымен қатар жоғары санаттағы қонақүйлер карантин жағдайына бейімделе бастады.

Әлем • 27 Наурыз, 2020

Орыс ғалымы коронавирустық пандемия ауруы жаздың ортасына дейін жалғасатынын болжады

COVID-19 коронавирусының әлемде таралуы бойынша жағдай маусым-шілде айларында тұрақтануы мүмкін.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Н. Смағұлов: MEGA өз жалға алушыларын төтенше жағдайлар кезінде барлық төлемдерден босатты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ШОБ қолдау туралы үндеуіне жауап бере отырып, Mega Management жалға алушылардан  өндірістік және коммуналдық қызметтерге төлем жасамауға шешім қабылдады.

Технология • 27 Наурыз, 2020

Цифрлы банкингке өріс ашады

Бұл процесті арзан мұнай мен қымбат АҚШ доллары тездетіп жіберді. Қысылтаяң уақытта қаржы үнемдеуге һәм білікті мамандарын сақтап қалуға тырысқан қаржы сегменті fintech-пен интеграцияны жеделдетуге мүдделі екенін ашық айта бастады. Бұл фактор банктер арасындағы бәсеке тек клиент үшін ғана емес, қаржы технологиясының соңғы үлгілері үшін де жүретінін, кім алда болса, соның бәсі басым боларын байқатты.

Қаржы • 26 Наурыз, 2020

Ұлттық банк пандемия кезінде ақша пайдалануды қолдамайды

Ұлттық банктің қолма-қол ақшаны басқару департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов пандемия кезінде ақшаны пайдалану туралы пікір білдірді.