Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
928 материал табылды

20 Маусым, 2019

Алматыда жастар үшін тағы бір коворкинг-орталық ашылды

Open Space қағидасы бойынша жаңа жастар орталығы бірнеше аймақтарға бөлінген, олар: IT station, 1000 әдебиетті кітапханасы бар Reading platform, семинарлар, тренингтер өтетін Meeting room және басқалары. Осының барлығына қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиевтің, Вячеслав Банщиковтың және Қайыржан Мимикеновтың қолдауы арқасында қолжетті.

19 Маусым, 2019

Алматылық түлек әлемнің 10 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды

Физика-математикалық мектепті тек беске оқыған Дарын Утеулиев оқу ордасында жүріп, әлемнің ең үздік университтеріне онлайн түрде емтихан тапсырған екен. 11 сыныптың бас кезінде Онлайн тестердің нәтижесін енгізіп, Гонгонг технологиялық университеті, Қытай университеті, Австралиядағы Сиднейде және Америка, Канада университеттеріне тапсырыс берген. Нәтижесінде солардың 10-ы Дарынның құжаттарын қабылдап, шақырту жіберген.

Экономика • 19 Маусым, 2019

Алматыға бір тоқсанда 100 мыңға жуық турист келген

Сарапшылар қала қонақтарының саны тіпті Азиада мен Универсиада кезінде мұндай дәрежеге жетпегенін айтып отыр.

Руханият • 18 Маусым, 2019

Қастеев музейінде анимациялық фильмдер он күн бойы тегін көрсетіледі

Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ киностудияның баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 18 Маусым, 2019

Қазақ теңгесі 5 күнде 3 пайызға күшейді

Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев доллардың шарықтауына нарықтағы мұнай бағасы әсер етіп отыр дейді.

Аймақтар • 18 Маусым, 2019

Алматыда «Ядролық ғылым және технологиялар» Халықаралық ғылыми форумы өтеді

Форумның негізгі ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты болып табылады.

Аймақтар • 18 Маусым, 2019

Еңбек нарығында ескеретін ерекшелік көп

Жалақы дер кезінде төленбеcе, жұмысшының мүддесі мен құқығы тапталса, заң жүзінде еңбек адамын қорғайтын жалғыз ұйым – кәсіподақ. Еңбек туралы заңнамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасайтын, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер көзделген келісімдер, ұжымдық шарттар жасап, оның орындалуын қадағалайтын да әзірге осы ұйым. Сондықтан кәсіподақтың халықаралық ұйымдармен интеграциялануы өзекті мәселе.

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді

Панфилов ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Панфилов ауданында бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназияға даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

Қазақстан • 15 Маусым, 2019

Ұлттық қордың табысы рекордтық деңгейге жетіп отыр

Бұл дерек мамыр айының қортындысы бойынша белгілі болып отыр. Ұлттық қордағы қаражаттың көлемі былтырғымен салыстырғанда 12,3% көбейіп, 26 трлн теңгеге жетті.. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлайды.

Аймақтар • 12 Маусым, 2019

IV Қонақ үй бизнесі форумы Алматыда басталды

Осымен төртінші рет өтіп жатқан бас қосуға – 6 мемлекеттің өкілдері қатысты.