Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
27 материал табылды

Қаржы • 29 Шілде, 2021

Сенгеніміз синдикатталған несие ме?

Үкімет синдикат банктердің көмегімен инвестициялық жобаларды қаржы­ландырудан үмітті болып отырғаны өткен айда белгілі болды. Синдикатталған несие дегеніміз – бір кредиттік келісімшартпен кемі екі немесе одан көп несиегерлердің бірлесе несие беруі. Көзіміз үйренген дәстүрлі несиеден айыр­машылығы да осы. Сырт көзге жаңалық болып көрінгенімен, бұл – елімізде бұрын қолданыста болған, сыннан өткен құбылыс. 2014 жылы Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) екінші деңгейлі банктерге инвестициялық жобаларды осы жүйе бойынша қаржыландыруды ұсынған. Бірақ банктер бұл бастамаға ықылас таныта қоймаған.

Кино • 09 Шілде, 2021

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Наталья АРЫНБАСАРОВА: Ұлымның текті әулетіне кір келтірмейтініне сенемін...

1966 жылы 20 жастағы Наталья Арынбасароваға Венецияда өткен халықаралық фестивальде Вольпи алтын кубогы берілген кезде басқаларды былай қойғанда Батыс елдері сарапшыларының өзі іштен тынып, «бұл фантастика» деген екен. Бұл сыйлық Арынбасароваға Шыңғыс Айтматовтың повесі бойынша түсірілген «Алғашқы мұғалім» фильміндегі Алтынай рөлі үшін берілген. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Наталья Арынбасарова біздің газетімізге берген сұхбатында шығармашылығы және өзін қоршаған ортаның өміріне әсері, достары жайлы айтып берді.

Экономика • 09 Шілде, 2021

Жол ортада жабылған жобалар

Ресми дерек бойынша, елімізде 2008-2018 жылдары индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8 трлн теңгенің 961 жобасы іске қосылып, 50 мың жұмыс орны ашылған. Бірақ бұл жобалардың игілігін ел көрді ме? Алдыңғы жылы Қарағанды облысына сапарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2015-2018 жылдар аралығында еңбек өнімділігінің өсімі жоспарланған 12 пайыздың орнына 4 пайызға ғана жеткенін, отандық өндірушілерді қолдауға бөлінген мақсатты 600 млрд теңге бюрократиялық проблемаларға байланысты тиісті жеріне жетпегенін айтқан еді...

Өнер • 17 Маусым, 2021

Гүлсара Әжібекова: Киноның сәттілігі адамға емес, тағдырға басымдық бергенімен өлшенеді...

Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарындағы бұл елдің кино феноменіне қырғыз кереметі деген баға берілді. Сол қырғыз кереметінің басы-қасында жүрген актерлерінің қатарында Қырғызстан, Қазақстан республикаларының халық әртісі Гүлсара Әжібекованың да аты аталады.

Сұхбат • 13 Мамыр, 2021

Аман Төлеев: Қазақ жерінде жеті атамның сүйегі жатыр

Ресейлік саясаткер Аман Төлеевке қатысты дүбірлеп жететін, жадымызды жаңғыртып тұратын жаңалықтар саябырсып, ашығын айтқанда, оны ұмыта бастаған едік. Тегі қазақ, ресейлік ірі қайраткер осы жылдың 21 сәуір күні ngs42.ru порталы тілшісімен кездескен кезде бір кездері өзі көтерген, қолдаған азаматтардың жанынан алыстап кеткенін, жалғыз қалғанын айтып, қазіргі көңіл күйімен бөлісіпті. Осы сұхбатты оқыған соң әлеуметтік желілердің қазақ тілді сегментінде «Аман аға жалғыз қалыпты, елге шақырайық» деген пікірлер жариялана бастады. Тіпті оны елге көшіріп алып келуге дайын топтарды да байқап қалдық. Осы әңгіменің анық-қанығын білмек болып Кузбасс-Кемеровтегі Аман ағаның үйіне хабарласып, біраз тақырыптың басын қайырып тастадық. Сұхбаттасымыздың өзі өтінгеніндей, әңгімемізде саясаттан тыс тұрған мәселелердің бәрін қамтуға тырыстық.

Қазақстан • 13 Мамыр, 2021

Жерді жүйелі пайдаланбай, жайылым мәселесі шешілмейді

БҰҰ жер ресурстарын пайдалану жөніндегі мәліметі бойынша жыл сайын деградацияға ұшыраудан Қазақстан жерінің құны 936 млн, жылына 75 млрд доллар боларлық ресурстары жоғалады екен. Бір шаршы сантиметр топырақты қалпына келтіру үшін бірнеше мың жыл қажет екенін ескерсек, жер мәселесіне мән беретін кез жеткенін түсінеміз. Жалпы шет мемлекеттердің талайы топырақты ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлшегі ретінде қарастыруға көшкен.

Қоғам • 11 Наурыз, 2021

Кедейлік факторы бала дамуына кері әсер ете ме?

Қазір елдің демографиялық саясаты екі түрлі көзқарас қыспағында. Гендерлік құқын жаттап алған кейбір келіншектер «бала тусам, Үкімет не береді?» деген сауалға жауап іздейтіні қалыпты құбылысқа айналып келе жатыр. Ертеректе бала тууға бейіл болып келетін замандастарымыз дүниеге келмеген баласының ертеңгі болашағына алаңдайтыны байқалып қалды. Себебі мектеп жанындағы үйірмелердің бәрі ақылы. Ал балаларға берілген жәрдемақы бір баланың аяқкиіміне жетпейді...

Экономика • 04 Сәуір, 2020

Дағдарыс жаңа есімдерді жарыққа шығарады

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева Әлемдік экономикадағы жағдай 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезеңінен гөрі нашар деген пікір білдірді. Бұл хабарды бүгін таңертең ТАСС таратты.

Қазақстан • 29 Тамыз, 2019

Қатерлі қарусыз әлем құру – бейбітшілік кепілі

Алматы қаласында 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орай арнайы басқосу өтті. Іс-шараны Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі, БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюросы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Экономика • 21 Тамыз, 2019

Инвесторды көшеден іздейтін компаниялар

«Көшеде жүрген пақырды, инвестор бол деп шақырды». Бұл қарапайым азаматтардың қаржысын суыртпақтайтын «пирамидаларға» қатысты айтылған. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтар «МММ», «Телемаркет», «Тибет», «Хопер-инвест» секілді қаржылық ұйымдардың тасқынын толқын-толқынымен бастан өткеріп келеді.