Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
19 материал табылды

Экономика • 21 Мамыр, 2019

Несие портфелінде нақтылық жоқ

Әңгіме тағы да проблемалық несиелер портфелі жайында. Ұлттық банк пен Бірінші несиелік бюро сәуір айында Қазақстанда жұмыс істемейтін қарыз үлесі төмендегенін хабарлады. Алайда, сарапшылар екі ұйымның мәліметтері арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін байқап қалыпты.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2019

Қант нарығы: отандық өндірістің қауқары қандай?

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің қант бизнесінде ортақ мәмілеге келе алмағаны осыған дейін талай рет айтылған. Ресей 2018 жылдың басында одақ комиссиясына қант импортын шектеу туралы ұсыныс түсірді.

Қоғам • 09 Мамыр, 2019

Соғыс балалары терминін енгізу қажет пе?

Соғыс балаларының мәрте­бе­сін заңдастырып бере­тін заң әлемде жоқ. Бірақ қолданыстағы заңда­рына өзгерістер енгізіп, құқық­тық сипат беруге тал­пын­ған елдер бар.

Қазақстан • 30 Сәуір, 2019

Сақтандыру индустриясында ойын тәртібі өзгеруге тиіс

Таяуда Алматыдағы алқалы жиында бас қосқан халықаралық сарапшылар «Тәуекел менеджментінің бизнеспен, экономиканың түрлі секторларымен ықпал­дастығын қалай тиімді етуге болады?» деген тақырыпты талқылады. Әрісі – Лондон, берісі Ресейден келген сарапшылардың пайымдауынша, 2019 жылғы назар аударылуға тиіс мәселелер осы күнге дейінгілерге мүлдем ұқсамайды. Мұндай болжам айтуға 2018 жылғы экономикада байқалған факторлар себеп болып отыр.

Экономика • 26 Сәуір, 2019

Несие пайызы төмендеуі мүмкін бе?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке 2019 жылы орындалуы тиіс міндеттердің бірі ретінде несиелендіру пайызын төмендетудің тетіктерін талдауды және экономиканы қаржыландыру құралдарын жетілдіруді тапсырғаны белгілі. Сарапшылардың бір тобы ең арзан займның өзі экономиканы несиелендіруді ынталандыра алмайтынын айтады.

Қазақстан • 23 Сәуір, 2019

БЖЗҚ: 82 млрд теңге қайда кетті?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 82 млрд теңге жоғалды. Алыпқашпа сөз деп алғашында мән бермеген оқиғаны factcheck.kz порталы растады. Тіпті қайда кеткенін қолмен қойғандай түсіндіріп берді. Зейнетақы салымының динамикасындағы өзгерістерге «68,8 млрд теңге – валюта бағамындағы өзгерістерден, 12,3 млрд теңге құнды қағаздардың бағасын асыра бағалағандықтан жоғалған» деген баға берілді. Олар сонымен бірге қордан қаржының кенеттен жоқ болып кету жайттары жылдың алғашқы екі айы үшін қалыпты құбылыс екенін айтады. 2017 жылдың алғашқы екі айында 89,4 млрд теңге, 2018 жылы 75,9 млрд теңге кем шыққан. Ол кезде бұл жағдайға ешкім мән бермеген көрінеді. Сарапшылар да қор ішіндегі инвестициялық динамикадағы өзгерістерді қалыпты жағдай деп қабылдапты.

Сайлау • 18 Сәуір, 2019

Кезектен тыс сайлау – тұрақтылық пен экономикалық дамудың кепілі

Өткен аптада Алматы қаласы ардагерлер кеңесі осындай шешімге келді. Кеңес төрағасы Құдайберген Қабдолдин ең алдымен қазіргі айналамызда болып жатқан геосаяси факторларға тоқталып өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың адалдығына кепілдік беретінін деп айтты. Бұрынғы сайлаулардан бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек.

Руханият • 10 Сәуір, 2019

Дулат Исабеков: Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа етене жақын азамат екенін көрсетті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін тыңдадық. Мемлекет басшысы ел Президентін мерзімінен бұрын тағайындау қажеттігі туралы нақты түсініктеме берді. Саяси партиялар жақын арада өз кандидаттарымен айқындалатынына сенімдімін.

Экономика • 03 Сәуір, 2019

ОПЕК+ әлемдік мұнай бағасына ықпал ете алмады

ОПЕК+ ұйымының бастамасы нәтиже бермеді. Бұл туралы ұйымның наурыз айының соңғы күні жариялаған есебінде белгілі болды. «Қазақстанда 2019 жылы сұйық көмірсутектерін өндіру тәулігіне 0,04 млн баррель артып, тәулігіне орташа деңгейде 1,85 млн баррельге жетеді деп болжануда» - делінген есепте.