Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
29 материал табылды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Жарамсыз жолдардың жыры

Ақтөбе тұтастай ел эконо­ми­касының өрге басуына өз үле­сін қосып келе жатқан өркенді өңір­лердің бірі. Облыста былтыр экономикалық өсім 5 пайызды құ­рауы осы пікіріміздің басты ай­ғағы. Бұл республикалық орта­ша көрсеткіштен біршама жоға­ры. Осындай өндірісі мен өнер­кәсібі өркен жайған өңірде авто­жол құрылысының қарқыны баяу­лығын, жарамсыздық деңгейі жо­ғары облыстық және аудандық жолдарды қалпына келтіру ісі төмендігін немен түсіндіруге болады?

Аймақтар • 05 Шілде, 2019

Сан мен сапа бірлігі

Дербестікке көшуіне байланысты бүгінгі күні еліміздегі әрбір жоғары оқу орны өз білім траекторияларын белгілей бастады. Солардың бірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлің мемлекеттік университеті. Мұндағы басты мақсат –сан мен сапаның бірлігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру және бүгінгі заманның өскелең талабынан қалмау болып отыр. Өзіндік білім тұжырымдамасын жасақтап, алға асқақ мақсаттар қоюдың басты мәнісі осында дейді аталған жоғары оқу орнының ректоры Бауыржан Ердембеков. Мұндағы профессор –оқытушылар құрамы мен студенттерге үздіксіз ізденіс үрдісі тән. Жұбановтықтардың Аккредиттеу және рейтингтік тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізген рейтингте Қазақстанның ең үздік 20 ЖОО-сы арасында алғашқы төрттіктен орын алуы –осындай тымбай ізденістің нәтижесі екені анық.

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысына Ақтөбеде қалыптасқан экологиялық ахуалдың шешімін табу жөнінде тапсырма берді.

Аймақтар • 20 Маусым, 2019

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Қазіргі кезде жоғары және жергілікті атқарушы орган жетекшілеріне тұрғындар тарапынан түсетін арыз-шағымдардың дені жол құрылысының сапасына байланысты туындап отыр. Мұны негізсіз деуге болмайды. Өйткені салынған автокөлік жолдарының дені 1-2 жыл өтпей-ақ ойылып, шұрық-тесік күйге енетіні ешкімге де құпия емес. Мұндай көрініс жалғаса берсе, соңы мемлекет қаржысының желге ұшуына және жол-көлік апатының жиілей түсуіне соқтыруы әбден мүмкін.

Саясат • 20 Маусым, 2019

Сабақтастық дегеніміз, міне, осы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің сайланған екінші Президенті қызме­тіне ресми түрде кірісу рәсімі кезінде дамудың алда тұрған 10 бағытын тайға таңба басқандай айқындап берді. Оған осы ұлықтау рәсіміне қатысушылар мен барша отандастарымыз ықыласпен құлақ түрді. Біз сабақтастықтың көрінісіндей әсер қалдырған Президенттің бағдарламалық сөзіне орай Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Г.ЕРҒАЗИНАҒА бірер сауал қойған едік.

Аймақтар • 18 Маусым, 2019

Баспанаға аса мұқтаж жандарға қолдау көрсетіледі

Иә, бүгінгі мақаламыздың тақырыбына шығарып отырғанымыздай, Ақтөбе облысының әкімдігі баспанаға аса мұқтаж жандарды қолдаудың байыпты бағдарламасын бекітті. Бүгінде оның нақты тетіктері жасалып, бұл бағыттағы жұмыстар жүзеге аса бастады.

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ауаны ластаушылар азаймай тұр

Биылғы жаз айларында ақтөбеліктер таза, жұпар ауаға өткен жылғыдай тағы да зар болып қалатын түрі бар. Өйткені маусымның басында пайда бола бастаған иіс тағы да тұрғындардың қолқасын қаба бастады.

Аймақтар • 12 Маусым, 2019

Жиренқопа жырақта емес, жүректе

Жиренқопа жері, мұндағы Қобыланды батырдың мемориалдық кешені Қазақстанның 100 киелі жері тізімінің белортасынан орын алады. Қалың тарихымыз тұмшаланған кеңестік кезеңде Қобыландының есімі халық зердесінде тек эпостық-фольклорлық образ ретінде сақталғаны ғана мәлім. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін отандық тарихшы-ғалымдар Қобыланды халық ауыз әдебиетіндегі шартты түрдегі кейіпкер емес, нақты тарихи тұлға екенін дәлелдеп берді. Толыққанды әрі терең зерттеулер хас асылдың тарихи бітім-болмысы мен батырлық баянын нақты деректермен байыта түсуге септігін тигізді.

Медицина • 11 Маусым, 2019

Табиғи тағам – денсаулық кепілі

Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымы бекіткен адам ден­сау­лы­ғының қалыпты болуының бұл­жымас бірнеше қағидаттары бар.

Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Ашаршылық қасіреті

Жылдар жылжыған сайын өткен өміріміз артта қалып, тарих беттеріне хаттала беретіні белгілі. Кейбір уақиғалар ұзақ уақыт бойы ел аузында сақталып, қайта-қайта еске түсіп отырса, ал бір жағдайлар айтуға ауыз барғысыз. Жүрек сыздап, көңіл құлазиды. Қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген қанды оқиғаны, қиын да қасіретті жағдайларды басынан өткерді.