Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
317 материал табылды

Абай • 22 Мамыр, 2020

Абай мұрасын кеңінен насихаттауға арналды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» дей келе, «биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады» деп айрықша атап өткен болатын. Осы ойды қуаттай отырып Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығы Абай поэзиясы бойынша инста-байқау жариялаған болатын.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Қызмет бәсі жұмыс орындарын құрумен өлшенеді

Елімізде бұдан 11 жыл бұрын, яғни 2009 жылдары орын алған қаржылық дағдарыс кезінде ең алғаш рет қабылданған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы оң нәтиже бергенін іс басында жүрген азаматтар жиі айтып жүр. Пандемия салдарынан бұрын-соңды болып көрмеген жойқын дағдарыс тұсында бұған дейінгі тәжірибеде өзін-өзі толығымен ақтаған бағдарламаның екінші тынысы ашылып отырғаны тек сүйінішті жәйт. Әрі 2020-2021 жылдары тұрғындарды жұмыспен қамтуда әлеуметтік маңызы өте жоғары іске республика бойынша табаны күректей 1 триллион тенге бөлінгені де атап айтуға тұрарлық мәселе.

Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

Жүк көліктерін қалаға кіргізбеу үшін...

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Елек өзенін қиып өтетін айналма көпірдің құрылысы жүргізілуде. Аталған гидроинженерлік нысан құрылысының толық аяқталуы республикалық бюджеттен қосымша бөлінетін қаражатқа байланысты болып отыр.

Руханият • 21 Мамыр, 2020

Қасірет

Ақтөбе облысы – тау түгілі, төбесі жоқ дерліктей қазақтың кең жазық даласындағы өңірлердің бірі. Дегенмен, аймақ аумағында шоқылар мен жоталар жетерлік. Ақтөбе қаласының маңындағы осындай шоқылардың бірін жергілікті тұрғындар Түйетөбе деп атап кетіпті. Сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдар жаңғырығы дәл осы тұстан елес беріп тұрғандай. 30-жылдары Ақтөбе өңірінде 8 мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргінге тап болып, олардың екі мыңнан астамы ату жазасына кесілген екен. Көпшілігінің мүрдесі осы Түйетөбе сайында жатыр.

Таным • 21 Мамыр, 2020

Ақтөбеде мемлекеттік тілді еркін меңгергендер көбейіп келеді

Ана тілін еркін меңгеруі арқылы өскелең ұрпақ бо­йында туған жері мен елін шексіз сүйе білу дағдылары қалыптасады. Оның терең иірімдеріне бойлай білу – сана­лы азамат болып қалыптасуды қалайтын жастар мен студенттердің басты парызы болмақ.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Ақтөбеде мемлекет-жекеменшік әріптестік үлесі артқан

Пандемиядан алынатын сабақтың бірі мемлекет-жекеменшік әріптестігінің (МЖӘ) арақатынасын одан әрі кеңейту болып отыр. Әрі мұндай тәсіл босап қалған бюджеттің бір жақ шығыс-кіріс бөліктерінің орнын толтырудың басты бір жолы да. Өзге өңірлермен салыстыра қарағанда бұл бағыттағы тәжірибе Ақтөбеде тереңірек орнығып келгенін ешкім жоққа шығара алмайды. Қазіргі күні осындай пайдасы мол істің екінші толқынының екпіні айқынырақ естіле бастады.

Қоғам • 18 Мамыр, 2020

Ана тілі – арым дейтін жастар көп

Өткен жылы Ақтөбе қаласында ҚР-ның «Тіл туралы» Заңының қабылданғанына 30 жыл толуына орай түрі мен мазмұны үйлесім тапқан көптеген іс-шаралар жүзеге асты. Осы орайда бір мәселе айқын деуге болады.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Ауыл – ұлттың ұйтқысы

Қазіргі кезде еліміздің шалғай аудандары мен ірі елді-мекендерінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өрелі өзгерістер болып жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Әйтсе де «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, мұндай өміршең жобалар мен ауқымды істерді көргісі, елегісі келмейтін адамдар да жоқ емес. Керісінше ел ішіндегі жақсылықтар мен жаңалықтарды жаны сүйетін, оны мақтан тұта алатын ой-өрісі жоғары, парасат-пайымы биік азаматтар да жетерлік. «Егеменнің» Ақтөбе қаласындағы тілші қосынына шалғайдағы Темір ауданынан арнайы келген ақсақал, қаржы саласының ардагері Мұхит Қабылұлын дәл осы қатарға қоюға әбден болады ау деген ойға келдік. Өйткені ол «Егеменге» жеке бастың қамымен емес, ел ішінде атқарылып жатқан сан-алуан істер мен тыңдырымды жұмыстар жөнінде айтуды қажет деп тауыпты.

Ақтөбе • 16 Мамыр, 2020

Ақтөбеде жаңа тұрғын үй ауданының жобасы жасалды

Ақтөбе қаласының бас жоспарына сәйкес облыс орталығының оң түстік батыс аумағында Батыс-3 деп аталған көп қабатты тұрғын үй массивы бой көтермек. Оның жалпы аумағы 863 гектар аумақты құрайды.

Ақтөбе • 16 Мамыр, 2020

Сүт өнімдерін ұлғайту үшін...

Күнделікті тұтынатын тағамның бірі – сүт. Әйтсе де дүкен сөрелерінде бұл бағыттағы отандық өнім түрлері жиі кездесе бермейді. Мұның өзі өзара бәсекелестікте ресейлік, беларуссиялық және украиналық тауар өндірушілерге есемізді жіберіп жүргеніміздің белгісі болып жүрмесін. Қалай дегенде де бүгінгі күні отандық сүт өнімдерінің бәсекеге қабылеттілік деңгейін көтеру ісі өткір күйде тұрғаны жасырын емес.