Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
392 материал табылды

Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

65 тәулікке жоспарланған жоба 54 тәулікте аяқталды

Елдегі төтенше жағдай езінде «КазХром» мекемесінің мамандары қысқа мерзімде №4 балқыту цехының №43 пешіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп шықты. Бұл жағымды жәйт ферро хром өндіру ісінде жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал етпек. Маңызды жобаны алғашқыда Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мердігер компанияларға жүктеу белгіленген екен. Алайда Covid-19 пандемиясына байланысты мердігер компания жұмысты бастай алмайтындығын мәлімдеген.

Қоғам • 04 Мамыр, 2020

Ойыннан шыққан өрт

Адам зейнет жасына жақындаған кезде өткен өмір жолына бір бұрылып қарап, ұмытылмас оқиғаларды тағы бір ой елегінен өткізуге көңілі ауып тұрады екен.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Жан-жақты көмек көрсетілуде

Біз қандай қиын кезеңде де қиналғанға қол ұшын соза білген, сүрінгенді демеген, жылағанды жұбатқан халықпыз. Елге де, ерге де үлкен сын болып, GOVID-19-дың бет қаратпас дүлей дауылы соғып тұрған сәтте ата-бабаларымыздан ауысқан осы қасиетіміз бүгінгі қоғам мүшелеріне де сіңісті болғанына көзіміз жетіп отыр. Осы орайда төтенше жағдай кезінде халықтың осал топтарын қолдау мемлекеттің басты міндеті деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі ел-жұрттың сенімін күшейтті.

Тарих • 01 Мамыр, 2020

Майданнан жазылған хаттар

Тарихта Екінші дүниежүзілік соғыс деп аталған кезеңнен кейін өмір сүріп, еңбек еткен КСРО тұрғындары арасында бір-бірімен хат жазысып, амандық-саулықтарын хат жолдау арқылы жеткізу кең үрдіс алғаны белгілі. Ал төрт жылға созылған шайқастар арасында қан майданның ортасынан жауынгерлердің елге жолдаған хаттары үш бұрышты болғанын бүгінде екінің бірі біле бермеуі де мүмкін.

Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Балабақшалар саны көбейді, сапасы ше?

Қазіргі кезде еліміздің қалаларында да, ауылдарында да балабақшалардың саны көбейгені, соның нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие-білім беру нысандарымен қамтылу көрсеткіші 90-95, тіпті кейбір жекелеген өңірлерде 100 пайызға дейін жеткені үлкен жетістік ретінде айтылып жүр.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

О.Оразалин «Қазхром» ТҰК» № 4 балқыту цехындағы пешті қыздыру рәсімін бастап берді

29 сәуір, сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болып, балқыту цехындағы  пешті қыздыру рәсімін бастап берді. Айтып өтейік, елдегі  ТЖ  кезінде «Қазхром» мамандары қысқа мерзімде № 4 балқыту цехының №43 пешіне жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп шықты. Бұл феррохром өндіруде көңіл қуантарлық көрсеткіштерге жетуге сеп болмақ.

Қазақстан • 29 Сәуір, 2020

Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуымен, жергілікті маңызы бар жолдардың құрылыс барысымен танысты.

Қоғам • 27 Сәуір, 2020

Жазасын өтеушілерде де жүрек болады

Сотталған, жазасын түзеу мекемелерінде өтеп жүрген жандардың адами қадір-қасиетіне қоғамның өзге мүшелері тарапынан күмән келтіріліп қалатын жәйттер өмірде ұшырасып тұрады. Расында да солай ма? Бұл тым бір жақты тұжырым секілді. Бұған Қылмыстық атқару жүйесі департаментінен алынған ақпарат айқын айғақ бола алады. Яғни, Ақтөбедегі КА-168/1 еңбекпен түзеу мекемесінде жазасын өтеуші өзінің жалақысын мүгедек балаларға беру жөнінде шешім алған.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Ақтөбедегі су қоры тапшылығы реттеледі

Өткен қыс айларында Ақтөбе аймағында қар аз түсті. Әрі өткен күз айларында жаңбыр да аз жауды. Соның салдарынан топырақ қабаттарына тоң да жиылмады.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Ауыл шаруашылығы көліктері «сергек» базасына енгізілді

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанса, сәуірдің 20-нан кейін аудандарда көктемгі егіс  басталып, қаладағы ірі сауда орындары,  кәсіпорындар, базарлар біртіндеп ашыла береді. Бұл туралы  облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай  тікелей эфирде хабарлады.