Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
392 материал табылды

Аймақтар • 31 Наурыз, 2019

Әлеуметтік көмек – әлеуметтік карта арқылы көрсетіледі

Елімізде аса мұқтаж және көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің байыпты бағдарламасы белгіленген. Соған сәйкес Ақтөбе облысынан бірер мысал келтіре кетудің орайы келіп тұр. Айталық аймақта өткен жылы жиырма мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алған болса, биыл мұндай деңгейге кіретін тұрғындар саны отыз мыңға дейін жетеді деп күтілуде. Олардың жиырма мыңға жуығы балалар болмақ.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2019

Әлеуметтік көмек – әлеуметтік терезе арқылы көрсетіледі

«Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт бірдей әлеуметтік жобаны анықтап, партия мен Үкіметке нақты тапсырмалар бергені белгілі. Қазіргі таңда елімізде «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» деп аталатын бұл жобалар бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Осыған орай «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының съезде берген тапсырмаларының орындалу барысын бақылау үшін Ақтөбе облысына келді. Сапар барысында ол аталған жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Сондай-ақ партияның облыстық филиалының конференциясына қатысып, алдағы жұмыс бағытын пысықтады.