Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
322 материал табылды

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Несиесін кейін төлейді

Еліміздің өндірістік орталықтарының бірі Ақтөбеде шағын және орташа бизнес субъектілерінің облыс экономикасының дамуына қосқан үлесі 22-23 пайыз төңірегінде. Бұл өндірісі дамыған өңір үшін төмен көрсеткіш емес.

Қазақстан • 19 Сәуір, 2020

Орташа бизнес ортада қалмайды

Мұнай мен газ секілді стратегиялық шикізат көздерін игеруден түсетін табыс тұрақты емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл ретте Тұңғыш Президент –Елбасы Н.Ә.Назарбаев белгілеп берген қос бағдарламалық бағыттың өміршеңдігі әлемдік рынокта мұнай бағасы құлдырап кеткен қазіргі күрделі кезеңде айқын көрінуде. Яғни мұның біріншісі елімізде индустриялық-инновациялық даму бағытын өркендету болса, екіншісі шағын және орташа бизнестің ірге көтеруіне жол ашу екендігі айтпаса да түсінікті.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Егіс салудың оңтайлы тактикасы белгіленді

Ақтөбе аймағында көктемгі егіс жұмыстары таяу күндерде басталады деп күтілуде. биыл өңірде 788 мың гектар алқапта егістік егіледі деп белгіленген. Бұл еліміздің батыс бөлігіндегі облыстар арасындағы ең көлемдісі екенін айтқанымыз жөн.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Ақтөбе облысы: 99 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді

Жыл ішіндегі айлардың сұлтаны атаған қасиетті Рамазан айының есігімізден еніп, төрімізге озатын кезіне де санаулы күндер қалды. Ораза қарсаңында мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық көмек көрсетудің тигізетін сауабы мен шапағаты мол болатыны анық.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Ақтөбеде індет жұқтырған толық айығып, үйіне шығарылды

Соңғы деректерге қарағанда Ақтөбе қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелген. Сөйтіп облыста бүгінгі күні індет жұқтырғандырдың саны 18 адамға жетіп отыр.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Базардың бірі ала, бірі құла

Ақтөбе қаласының карантин режимі жағдайында мұндағы бірқатар ірі базарлар жабылған болатын. Дегенмен қазіргі көктемгі егіске әзірлік кезінде ауыл шаруашылық техникаларына арналған бөлшектер сатумен айналысатын «Батыс Қазақстан жәрмеңкесі» атты базар жұмыс істемей тұрса, астық өсірушілерге үлкен қолбайлау туғызар еді. Сондықтан да аталған базар ашық тұр екен.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Есірткі жарнамалайтын сайттар бұғатталды

Есірткі бизнесі – есірткі қылмысына жол ашады. Осы орайда Ақтөбеде биылғы жылдың басына бері есірткі қылмысына қатысты 81 дерек тіркелген екен.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Жетпіс отбасыға бір айға жететін азық-түлік алып берді

Ақтөбе қаласында бұдан бес жыл бұрын «Жүректен–жүрекке» атты еріктілер тобы құрылған болатын. Осы топтың мүшелері елдегі төтенше жағдай мен өңірдегі карантиндік режим кезінде мұқтаж жандар мен мүгедектерге көмектесу үшін арнайы штаб құрды. Бұл штабтан көмек сұраушылар қатары күн сайын өсіп келе жатқанын ескерген штаб мүшелері арнайы шот ашып, қарапайым тұрғындарға қайырымдылық көмектерін беру жөнінде ортақ ұйғарым жасады.

Білім • 17 Сәуір, 2020

10 минутта өтетін сабақ

Бүгінде еліміздегі оқушылар «Балапан» және «Ел арна» телеарналары арқылы берілетін бейнесабақтардан дәріс алып жүргені мәлім. Жас түлектерге биология пәнінен берілетін сабақ жүргізушілер арасында ақтөбелік 10 педагог бар. Олар өңірдегі ең білікті ұстаздардың арасынан таңдалып алынған.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Қаражатты тиімді пайдаланған қобдалықтар

Ел ішінде мемлекет тарапынан төленетін атаулы әлеуметтік көмекті әшейін келген нәрседей көріп, оңды-солды жұмсап жүргендер кез­деседі. Бұл – әлеуметтік қолдаудың қадір-қасиетін бағалай біл­меу­дің, отбасы табысын толықтыруға мойны жар бермеудің көрінісі. Мұндай жағдайда олардың кедейшілік шегінен шыға қоюы екіталай.