Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
258 материал табылды

Ауыл • 24 Ақпан, 2020

Ауыл – ұлттың ұйтқысы дейді қаржы саласының ардагері Мұхит Қабылұлы

Қазіргі кезде еліміздің шалғай аудандары мен ірі елді мекендерінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өрелі өзгерістер болып жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Әйтсе де «көрмес түйені де көрмес» дегендей мұндай өміршең жобалар мен ауқымды істерді көргісі, елегісі келмейтін адамдар да жоқ емес. Керісінше ел ішіндегі жақсылықтар мен жаңалықтарды жаны сүйетін, оны мақтан тұта алатын ой-өрісі жоғары, парасат-пайымы биік азаматтар да жетерлік.

Қоғам • 23 Ақпан, 2020

Жалақының орташа деңгейі төмен

Адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық көңіл-күйіне тікелей әсер ететін факторлардың бірі –жалақы. Оның көлемі атқарылған жұмыстар мен төгілген маңдай тердің өтеуіне сәйкес келмесе, белгілі бір кәсіпорында қызмет жасайтын жұмысшылардың орынды талап тілектері мен наразылығын туғызуы әбден мүмкін.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

Ақтөбеде «Аналар аманатын» арқалаған көрме-сату алаңы ашылды

Бүгінде не көп, әр түрлі іс-шаралар мен жиындар, фестивальдар мен конференциялар көп. Алайда мұндай басқосулардың бәрі бірдей ел-жұртқа нақты пайдасын тигізе бермейтіні де жасырын емес. Әйтсе де биылғы ақпан айында Ақтөбеде өткізілген «көрпеfest» мегафестивалі жөнінде бұлай дей алмаймыз. «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, белгілі қазақстандық қолөнер шебері Ырза Тұрсынзаданың бастамасымен өткен үш күндік фестивалі кезіне жиырмадан астам үлкен қалың көрпе, 150 жастық және екі жүзден астам шағын-көрпе төсеніштер тігілген еді.

Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Жаңа жолда жүз ақау

Соңғы жылдары еліміздің барлық өңірінде жол салу құрылысы қарқын алып келеді. Бұл жөнінде жол-көлік логистикасы орталығына айналу бағытын ұстанып отырған Ақтөбе аймағында да атқарылған іс аз емес.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Баяғы жартас – бір жартас

Ақтөбе облысында КТҚ салу ісі қолға алынбай отыр

Қоғам • 19 Ақпан, 2020

Инклюзивті қоғам құру үшін...

Қазіргі кезде Ақтөбе аймағында есту мен сөйлеу қабілеттері қалыпты деңгейден төмен балаларды сауықтыру мен оңалтуға қатысты кешенді шаралар шоғыры жүзеге асып келеді.Ақтөбе облыстық білім басқармасынан алынған деректе  өңірде ерекше білім беруді қажет ететін 6370 бала бар екені көрсетілген. Сондықтан да осы санаттағы қоғамның жас мүшелері мен ата аналарына тегін кәсіби көмек көрсететін арнайы білім мамандарына деген сұраныс жылдан-жылға өсе түсуде.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппараттық отырыс өтті

Облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары, қала әкімінің орынбасары, аудан басшылары қатысқан жиында Ақтөбе облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Жұмамұрат Алдашев «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының таныстырылымын жасады. 

Абай • 19 Ақпан, 2020

Данышпан тойына бір тамшы үлес

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек дегендей,  Ақтөбеде Абайдың туғанына 175 жыл толу құрметіне өткізілген концерт жанрлық бағдарламасы және синтездік тұтастығымен көрермендерді баурап алды. Дана Абайдың өлеңмен бірге күй де шығарғанын екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Айрықша концерт ақынның «Торы жорға» күйімен басталуы да  өнер кешінің тақырыптық мәні мен мазмұнын ашып бергендей әсер қалдырды.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

«Көрпе FEST» – ұлттық қолөнердің қолдаушысы

Бү­гінгі жаһандану жағ­да­йынд­а ежелгі ұлттық қол­өнері­­­мізді қазіргі заман талап­та­рына сай қайта жаңғыр­ту­дың пайдалы тұстары мол. Бі­рін­шіден, осы арқылы оның екін­ші тынысы ашылмақ. Екін­шіден, мұндай өміршең көз­қарас әйел-аналар мен қыз-келіншектер арасын­дағы жұ­мыссыздық деңгейі­нің азаюы­на септігін тигізе­ді. Үшінші пай­далы тұсы, қолөнерлік кә­­сіп­тің бір тар­мағы – көр­пе-жастықтар ті­гіп, оны әзір тауар түрінде сау­да-сат­тық­қа ­шығару арқылы табыс көз­дерін толықтыру мүм­кіндігі туады.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Құжаттары мінсіз, істері өнімсіз

Биылғы жылдың қыс айлары да аяқталып келеді. Қыстың аты -  қыс. Оның бораны мен бұрқасыны, қары мен көктайғағы бір-бірімен алмасып келіп тұрады. Осындай табиғат құбылыстарынан кейін іле-шала тазалау жұмыстары немесе көктайғақтың қатерін жою жөніндегі шаралар жүргізілмесе, тұрғындардың тайып жығылып, аяқ-қолын сындырып алуы әбден мүмкін. Солай болып та жүр. Оның алдын алудың басты бір жолы көшелердегі қарды тиеп, қаланың сыртына тасымалдау және мұздақтың үстіне құм, немесе тұз себу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу болмақ.