Бақытгүл БАБАШ«Egemen Qazaqstan»
117 материал табылды

Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2019

Фариза – жыр

Атырауда ақын тойы салтанат құрды. Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына арналған апталық басталды. Облыс орталығының ең көрнекті жеріне орнатылған ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алған шаралар легі төрт күнге созылады.

Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2019

Мұнайлы аймақтың мүмкіндіктері мол

«Қуатты өңірлер – қуатты ел», – деді Президент халыққа Жолдауында. Осы маңызды құжатта көрсетілген міндеттер әр аймақта табысты іске асса, тұтас мемлекетіміздің дамуы да қарқынды, әлеуметтің әлеуеті жоғары болары анық. Бұл мақсатқа жету үшін Атырау облысында барлық мүмкіндік бар. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев актив жиынында Президент Жолдауын жергілікті деңгейде жүзеге асыру үшін атқарылатын шараларды айқындап, тапсырмалар берді.

Саясат • 09 Қыркүйек, 2019

Аида Балаева: «Билік пен бұқара арасындағы ашық диалог – қоғамдық сенімнің негізі»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықтың билікке деген сенімі оның нақты іс-әрекетіне қарай артады. Ел ішін жиі аралап, жағдайларын көзбен көру керек», деген болатын. Билік мен қоғам арасындағы өзара байланыстың өрістеуі – мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі. Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаеваның аймақтарды аралап, азаматтарды жеке қабылдауы жалғасуда. Өткен аптада Президент көмекшісі Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, сондай-ақ өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесті.

Президент • 06 Қыркүйек, 2019

Президент Қ.Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды тапсырма берді

Тәуелсіздіктің алғашқы жылында елімізде мұнай өндіру көрсеткіші 25 млн тонна ғана болған еді. Өткен жылы 90 млн тоннаға жетті. 1991 жылдан бері Қазақстанда 1,5 млрд тоннадан астам мұнай, 740 млрд текше метр газ өндірілді. Соның нәтижесінде ұлттық қорға 31,6 трлн теңге кіріс кірді. Бұл деректер Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте айтылды.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Ақкиізтоғайда керемет кітапхана бар

Қазір «кітаптан алшақтап кеттік, көркем әдебиет оқылмайды» деген пікір жиі айтылады. Бірақ Атырау облысы Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай ауылының тұрғындары бұл сөзбен келіспейді. Олар үшін кітаптан құнды қазына жоқ. Теледидар да, интернет те, тіпті ешқандай өркениет те қағаз кітаптың орнын баса алмайды, дейді. Сондықтан да болар, алақандай ауылдың үлкен-кішісі руханияттың құтханасына айналған кітапханаға жиі бас сұғады.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Кипрдегі «көкпар»

-Бір тылсымның бары рас, - дейді суретші. 2008 жылы кенепке майлы бояумен салған «Бақталас» атты туындысының бір бұрышына жай ғана қиялмен шетелдің картасын бейнелеген. Енді келіп қараса, дәл Кипрдің картасы. Осыдан он жыл бұрын Кипрге шақырту алатыны үш ұйықтаса түсіне де кірмеген. Тіпті ол картаның нақты қай елге тиесілі екені туралы да ойланбапты.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Жас мүсіншілер Мақатта жүр

Ғасырға жуық тарихы бар Мақат ауданының басты байлығы – мұнай. Биыл ауданның құрылғанына 95 жыл, ал қазақ мұнайының игерілгеніне 120 жыл толады. Осы мерейлі даталарға орай Мақат кентінде жас мүсіншілердің симпозиумы өтіп жатыр.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Отқа оранған театр жеке инвестициялар есебінен қалпына келтіріледі

22 тамыз күні Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ғимаратынан өрт шықты. Облыс орталығының ең көрнекті жерінде орналасқан өнер ордасы қас пен көздің арасында отқа оранды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Рашид Бляловтың айтуынша, өрттің шығуына ғимараттың екінші қабатындағы электрқалқанның ақауы себеп болған. Өрт туралы хабар аталған департаментке күндізгі сағат 13.30-да түсіп, сағат 18.00-де толығымен өшірілді. Қызыл жалын 1800 шаршы метр аумақты шарпып үлгерді.

Аймақтар • 23 Тамыз, 2019

Кәсіподаққа сенім нығайды

Жұмысшылар өздерін лайықты сезінулері үшін кәсіподақтар қозғалысы өз биігінде болуы тиіс. Елбасы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында тұрақтылық тірегіне айналған кәсіподақ жұмысын әлі де жетілдіруді атап өткен болатын. Бұл бағытта Атырау аймағында да біраз ілкімді іс қолға алынды. Қазір өңірдегі 12 салалық кәсіподақта 625 бастауыш ұйым бар. 80 мыңнан аса жұмысшы кәсіподақтар қатарында. 500 ұйымда жеке еңбек дауларын шешуге арналған келісу комиссиясы құрылды. 69 өндірістік кеңесте 125 техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігін бақылайды.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Атырауда жыл басынан бері 10 000-нан астам адам жұмысқа орналастырылды

2019 жылдың 1 тамызына дейін  жұмыспен қамту орталығына 14 420 адам хабарласып, оның 10 009 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.