Бақытгүл БАБАШ«Egemen Qazaqstan»
16 материал табылды

Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Азаматтардың еңбек құқығы сақталуы тиіс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жұмыс сапары кеше Атырау облысында жал­ғасты. Өңірге келген бетте Мемлекет басшысы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2019

Мұнайлы аймақта мұғалім жетіспейді

Маман тапшылығы мәселесін шешу үшін Атырауға әлі 472 ұстаз керек. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратованың айтуынша, көршілес өңірлердегі жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізілген. Соның нәтижесінде жаңа оқу жылында облысқа 174 жас маман келмек.

Аймақтар • 23 Мамыр, 2019

Атырауда бұрын-соңды болмаған нысандар салынуда

Өткен жылы Атырау облысында тұрғын үй құрылысын салу көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті. Алып құрылыс алаңына айналған аймақта пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың да қатары көп. Қос құр­лықты жалғаған Жайық жағасы әдемі келбетке ие болды, заңғар көкпен таласқан зәулім ғимараттар, жаңа саябақтар мен алаңдар мұнай­лы шаһардың шырайын келтірді. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Облыс орталығында салынып жатқан жаңа нысандар­ды аралау барысында оң өзгерістерді көріп, көзіміз де, көңіліміз де қуанды.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2019

Инвестициялық ахуалды жетілдіру жолдары Атырауда өткен дөңгелек үстелде талқыланды

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы жыл санап артып келеді. Осы бағытта қолға алынған шаралардың нәтижесінде еліміз ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі мен Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтіндегі көрсеткіштерін жақсартты. Атырауда «Инвестициялық ахуал­ды дамыту: өңдеуші өнеркәсіп саласына стратегиялық инвесторларды тарту және экономиканың басым секторларында «зәкірлі инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар құру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті еліміздің инвес­тиция­лық ахуалына қатысты мәселелерді жан-жақты талқыға салды.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Тұлғалар аллеясы ашылды

Жалынды жыршы Мұрат Мөң­кеұлы, ел тарихында ерекше орны бар эт­нограф Мұхамбет-Салық Баба­­жанов, Алаш қайраткері Бақты­герей Құлманов, көркем сөздің зергері Ығылман Шөрекұлы, мемлекет қай­раткері, академик Салық Зи­манов, белгілі жазушы-академик Зей­нолла Қабдолов, әйгілі актер Нұрмұхан Жантөрин, заманымыздың заңғар тұлғасы атанған жазушы Әбіш Кекіл­баев...

Қоғам • 10 Сәуір, 2019

Ас берудің де әдебі бар

«Күдіксіз Алла ысырап ету­ші­лерді сүймейді». Қасиетті Құранда осылай жазылғанымен, мұны қаперге ала бермейтініміз рас. Өкініштісі, қазір қаралы үйде қазан көтеріліп, аста-төк дастарқан жаю «сәнге» айналып кетті.