Бақытгүл БАБАШ«Egemen Qazaqstan»
101 материал табылды

Қоғам • 13 Маусым, 2019

Шеберлікте шек жоқ

Өмірге деген, өнерге деген құлшынысқа ештеңе кедергі келтіре алмайды. Атырауда арбада отырып билеуден алғаш рет өткен ел біріншілігіне қатысушылар нағыз мұқалмас жігер мен ертеңге деген сенімнің үлгісін көрсетті.

Аймақтар • 12 Маусым, 2019

Бекіре балықтарының «төлқұжаттары» бар

Бекіре тұқымдас балық өсіретін шаруашылықтар өнімдерінің заңды екенін растау үшін генетикалық сараптама мен төлқұжаттандыруды жүргізулері тиіс.

Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Атырауда бокстан халықаралық турнир өтті

Айбынды батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухтарына арналған бокстан халықаралық турнир жыл сайын Жайық жағасына спортшыларды жинайды.

Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Атырауда «Жасыл ел» жасағының жұмысы басталды

«Жасыл ел» жасағының жұмыс маусымы басталды. Биыл Атырау облысында 16 мен 29 жас аралығындағы 2200 адам жасақ құрамында еңбек етеді.

Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Атырау қаласының әкімі: «Зарослый» елдімекеніндегі мәселе шешіледі

Атырау қаласының маңында орналасқан Зарослый елдімекенінің тұрғындары инженерлік коммуникацияның жоқтығынан бірнеше жылдан бері жаңа қоныстарына көше алмай отыр.

Саясат • 09 Маусым, 2019

Атырау облысында сайлау жалғасуда

Атырау облысының барлық жерінде Президент сайлауы жалғасып жатыр. Жергілікті сағат 9.00-де Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан өз сайлау учаскесіне аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев келді. Атырау облысының әкімі өңір тұрғындарын мерекемен құттықтап, дұрыс таңдау жасайтындарына сенім білдірді.

Президент • 05 Маусым, 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесті

«Атырау облысы – мәдени және адам әлеуеті мол, экономи­ка­лық мүмкіндіктері зор аймақ. Ең бастысы, бұл жетістіктер аймақ халқының өмір сапасы мен табысының өсуіне ықпал етуі тиіс», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнайлы аймақ жұртшылығымен кездесуде.

Қоғам • 03 Маусым, 2019

Шаттығы мол шаңырақтар

Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауды мақсат еткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы дәстүр бойын­ша биыл да жалғасын тапты. Жыл санап мәні мен мағынасы артып келе жатқан байқауға қатысуға Атырау облысынан 108 от­басы өтініш берген. Солардың арасынан 16 от­басы облыстық кезеңге жолдама алды.

Аймақтар • 01 Маусым, 2019

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа жобалар қолға алынды

Атырауда мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында жалпы сомасы 21,4 млрд теңгенің бес жобасы іске асып жатыр. Жақында облыстық мәслихаттың сессиясында тағы үш жоба мақұлданды: Құлсарының көшелерін жарықтандыру; Атырау қаласында бейне-фото тіркеу камераларын орнату; облыс орталығын кешенді көгалдандыру.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2019

Атырау саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Бүгін Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара өтті. Жиналғандар мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды.