Аймақтар • 12 Маусым, 2019
Сегіз қырлы ғимарат аршып алынды
Қызылорда облысының Қоғалыкөл ауылының маңындағы аршылып жатқан Қышқала қалашығының орнынан сегіз қырлы көне ғимарат табылды. XIII-XV ғасырларда атағы шыққан Қышқала қаласының орнынан табылған құрылыстың пішіні медресеге келеді.
Аймақтар • 11 Маусым, 2019
Адамдардың санасын тұмандатып, ақыл-есінен айыратын психотроптық заттарды сату қанша жерден тосқауыл қойылса да бәсеңдер емес. Оңайдан олжа іздегендер бұл ісінің заң алдында да, жаратқан алдында да қылмыс екендігін білгенімен тар пейілдеріне тоқтам сала алмайтын сыңайлы.
Аймақтар • 11 Маусым, 2019
Қызылордада еріктілер жалғыз басты анаға үй салып берді
Қызылорда облысында еріктілер жалғыз басты анаға үй салып берді. Анаркүл Беласарова екінші топтағы мүгедек. Қолы қысқа ана үй көтере алмай жүрген. Осының бәрін бағамдаған азаматтар жас кәсіпкерлерді тартып бір айда үш бөлмелі үйді тұрғызды.
Қоғам • 08 Маусым, 2019
Қазалы ауданындағы көп балалы аналар үйлі болды
Қазалы ауданында тұрмысы төмен, көп балалы бес отбасы үйлі болды. Бұл тұрғын үйлер «Жанқожа батыр» атындағы мешіттің жамағаттары құрған «Асыл Иман Ихсан» қайырымдылық қоры арқылы салынған. «Көп түкірсе көл» дейді халық даналығы.
Аймақтар • 08 Маусым, 2019
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиев «Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені полигонының құрылысы және сыртқы инженерлік желілерді жеткізу» жобасын мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында іске асыру жоспарланғандығы жөнінде айтты.
Аймақтар • 08 Маусым, 2019
Атаулы әлеуметтік көмек беру алдағы уақытта да жалғасын табады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов осылай деді.
Қоғам • 07 Маусым, 2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2014 жылдан бері өтіп келе жатқан «Мерейлі отбасы» байқауының мақсаты – береке-бірлігі айрандай ұйыған өнегелі отбасыларды елге таныстыру, ұлттық қасиетке арқау болған рухани құндылықтарды дәріптеу. Биыл Сыр өңіріндегі байқауға 372 отбасы ниет білдірген екен. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Аймақтар • 05 Маусым, 2019
«Су – тілсіз жау» дейді халқымыз. Күн ысығаннан кейін суға түсушілер қатары көбейіп келеді. Кейде оның арты ауыр апатқа соқтырып жатыр. Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне полиция қызметкерлерінен түскен хабарда «Аэрофлот» саяжайындағы «Қалғандария» көлінде белгісіз ер адамның денесі судың бетіне шығып тұрғаны айтылған.
Аймақтар • 05 Маусым, 2019
Пәтердің кілті мұқтаж отбасыларға берілді
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде Ораза айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Аймақтағы барлық мешітте уағыз айтылып, намаз оқылып, мерекелік дастарқан басында спорттық шаралар өткізілді.
Аймақтар • 05 Маусым, 2019
Балалар жазғы тынығу лагерьлерінде демалады
Биыл Қызылорда облысы бойынша 1-10 сынып аралығындағы 147750 баланың 144795-і жазғы тынығу лагерьлерінде демалатын болады. 1 маусымнан бастап аймақтағы сауықтыру лагерьлері өз жұмысын бастайды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.