Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1058 материал табылды

Аймақтар • 01 Маусым, 2019

Түркістан: Мамыр айында екі үшем өмірге келді

Облыс орталығы Түркістанда мамыр айында екі үшемнің өмірге келуі алғаш рет тіркеліп отыр.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2019

Шардара СЭС-і қайта жаңғыртылуда

Түркістан облысында электр энергиясымен өңірді қамтамасыз ету мен өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие жоба жүзеге асырылуда.

Аймақтар • 31 Мамыр, 2019

Түркістан: Оқушылардың 70 пайызы сауықтыру орындарымен қамтылады

Жаз айларында Түркістан облысындағы 23 сауықтыру лагерінде 8 ауысымда 33 мың бала қабылданады. Ал республикалық лагерлерде өңірден 1100 бала демалмақ. Оқушылар мектеп жанындағы 902 лагерде де тынығатын болады. Жалпы өңірде 1-10 сынып аралығындағы 443 661 оқушының 311 мыңын, яғни 70 пайызын мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру орындарымен қамту жоспарланып отыр.

Қоғам • 30 Мамыр, 2019

Ережелермен реттелетін мәселе

Түркістан облысында бүгінгі таңда 24 748 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 21 608 отба­сы­на 4,7 млрд теңге төленген. Сонымен қатар қайта қараудың нәтижесінде 15 422 отбасына атау­лы әлеуметтік көмек мөлшері көбейтіле берілді.

Қоғам • 30 Мамыр, 2019

Ауыл ахуалы – әкімдер жұмысының көрсеткіші

Қазақтың қасиетті құтты мекені, алтын бесігі ауылдың әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында бүгінде өңірлерде «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда. Елбасы Жолдауында аталған жоба арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алу әкімдіктегілердің міндеті екенін атап көрсеткен болатын.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2019

«Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық конференция өтті

Түркістан облысы әкімдігі мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ұйымдастыруымен «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық конференция өтті.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2019

Түркістанда маусым айында - 660, тамызда 336 пәтер пайдалануға беріледі

Бүгінде Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда. Оның 11 нысанында жұмыс қарқынды. Жылдың соңына дейін 2351 пәтерлік 52 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Оның ішінде, 660 пәтер маусым айында тапсырылады. Ал 336 пәтер «7-20-25» бағдарламасы аясында тамыз айында пайдалануға берілcе, желтоқсан айында 1355 пәтердің құрылысы аяқталады.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2019

Түркістан: Жетісайда жаңа шағынаудан салынады

Бүгінде аумағы 80 гектар болатын жаңа шағынауданның жобалық сметалық құжаттары толық аяқталған. Алдағы уақытта 20 көпқабатты тұрғын үй, 1200 орындық мектеп, балабақша, спорт кешені сынды әлеуметтік нысандар бой көтермек. Шағынауданның өзіндік жеке газ, электр қуаты жүйесін реттеуіші, ауыз су мұнарасы, жылу қазандығы салынатын болады.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2019

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңынан табылған адам сүйектері басқа жерге жерленеді

Осыдан бір ай бұрын әлеуметтік желілерде тосындау бейнежазба жарияланып, жұрт арасында түрлі пікір туындаған болатын. Иә, Түркістанда басталып жатқан құрылыстың іргетасы үшін шұңқыр қазу кезінде адамның сүйектері табылған.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Түркістан: ауыл кәсіпкерлеріне төмен пайызбен 6,8 млрд теңге беріледі

Түркістан облысында ауыл кәсіпкерлерін жеңілдікпен қаржыландыру жұмысы нәтижелі жүргізіліп келеді. Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Түркістан филиалы тарапынан 6,8 млрд теңге заем беру жоспарланған. Оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында – 3,3 млрд теңге қарастырылған. Нәтижелі жұмыспен қамту қаражатын қайта инвестициялау арқылы 725,3 млн теңге, қордың жеке қаражатынан – 2,7 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.