Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1143 материал табылды

Спорт • 30 Сәуір, 2019

«Қазақстан барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу жарысы өтті

Түркістан облысы Шардара қаласындағы спорт кешенінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу жарысы өтті.

Қоғам • 30 Сәуір, 2019

Жалпытүркілік білім кеңістігіне қызмет ететін тың ұсыныстар талқыланды

Түркі әлемінің жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтердегі жағдайына талдау жасағанда, дүниежүзілік білім беру кеңістігінде тиімді бәсекелесу үшін әрі мемлекеттік, әрі Түркі кеңесіне мүше университеттер деңгейінде оқу орындары мүмкіндіктерінің және бастапқы позицияларының біркелкі еместігі байқалған. Осыған байланысты халықаралық рейтингтік агенттіктердің стандарттарына сәйкес университеттердің қызметін жетілдіру мақсатында өзара көмектесу және ынтымақтастықты дамыту жолдарын іздестіру қажет. Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жалпытүркілік аккредитациялау агенттігін құру да маңызды мәселе.

Аймақтар • 30 Сәуір, 2019

Суды үнемдеген субсидия алады

Мәжілістің Аграрлық мәсе­лелер комитеті Түркістан облысында «Суармалы жерлерді тиім­ді пайдаланудың өзекті мәселе­лері» тақырыбында көшпелі оты­рыс өткізді.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2019

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрына - 50 жыл

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының құрылғанына 50 жыл толып отыр. Осыған байланысты мерекелік шара ұйымдастырылып, Құрманбек Жандарбековтің бьюсті ашылды.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2019

Шерхан мен Насыр бауында «Таупістелі тағылымы» өтті

Түркістан өңірінде «Мархабат – мирас» қоғамдық қоры іргелі істерді қолға алып, танымдық-тәрбиелік мәні зор кездесулер мен конференциялар ұйымдастырып келеді.

Аймақтар • 26 Сәуір, 2019

Премьер-Министр құрылыс жұмыстарын тәулік бойы жүргізуді тапсырды

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысын бақылады. Сондай-ақ биыл 23 наурызда өңірге жұмыс сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды ескере отырып, қала құрылысын жалғастырудың кешенді мәселелерін қарады.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Азия чемпионына ат мінгізді

Мақталы Мақтаралдан шығып, еліміздің атын әлемге танытып жатқан спортшылар көбейсін деген ниетпен «Алпамыс батыр» орталық стадионына жиналған жұрт джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған Төлеген Атақұловқа қошемет көрсетті.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Туристік экспедиция Түркістан өңірінде

Ғалымдардың зерттеуінше, Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгіріндегі ауа адамның жүйкесін тыныштандырып, қан қысымын жақсартады. Бойдағы жағымсыз энергияны тартып алады. Үңгірдің осындай ерекше бір қасиетін туристік экспедиция құрамында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 700-ге жуық саяхатшы сезініп те қайтты.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2019

Кентаулық жастар қарияларды қамқорлыққа алды

Түркістан облысы Кентау қаласы бойынша бүгінде 10 ардагер, 800-ден астам тыл еңбеккері бар. Осы аға буынның амандығын ойлап, қамқорлық көрсетіп келе жатқан жастар «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында акция ұйымдастырды.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2019

Қаракөл елтірісі шаруашылығын қалай дамытамыз?

Қаракөл тон мен бөрік, жағалы пальтолар ілгеріде өте құнды болған. Бұл, әсіресе аға буынға жақсы мәлім жайт. Қаракөл елтірісінен тігілген тондарыңыз бүгін де сұранысқа ие. Алайда, құнды тондар шетелден әкелінуде. Қаракөл қой шаруашылығын дамытып, елтірі өңдеуге мүмкіндігі мол елімізде бұл салаға тиісті көңіл бөлінбей келе жатқаны өкінішті-ақ.