Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1026 материал табылды

Президент • 05 Қараша, 2019

Түркістан ірі мегаполиске айналады

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында облыс орталығындағы мәде­ни-ағарту нысандарының, әртүрлі бақтар мен ар­баттың құрылыс жоспарымен танысты. Сонымен бірге Елбасына «Күлтөбе» қалашығы археологиялық паркін құру жоспары таныстырылды.

Аймақтар • 04 Қараша, 2019

Түркістан: Көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге атаулы шәкіртақы тағайындалды

Түркістан жоғары медицина колледжінде көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге атаулы стипендия тағайындалды. Үздік оқитын екі студент оқу жылында шәкіртақыдан бөлек 16 мың теңгеден атаулы стипендия алып отыратын болады. Үздіктерді ынталандыру елімізде жарияланған Жастар жылына орай ұйымдастырылып отыр.

Аймақтар • 04 Қараша, 2019

Түркістан: Мақта шаруашылығындағы негізгі мәселе – «ақ алтынның» бағасы.

Түркістан облысында биыл 131 мың гектардан 340 мың тоннадан астам мақта жинау жоспарланған. Оның 320 мың тоннасы жиналды.

Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Түркістан: Түлкібаста ғалымға баспана тарту етілді

Түлкібас ауданының Майтөбе ауылында профессор, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, бауыржантанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлына жерлестері үй сыйлады. Бар өмірін ғылымға сарп етіп, көз майын тауысып жүрген ғалымға тарту етілген баспананың салынуына аудан әкімі бастамашыл болған.

Қазақстан • 29 Қазан, 2019

Ұлт рухының ұстыны – Ордабасы

Шымкенттен Түркістанға барар жолда немесе батыс­тан оңтүстікке келер бетте алыстан менмұндалап тұра­тын төбеге Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев «Ордабасы – ел жүрегі, жер кіндігі» деген анық­тама берсе, халық жазу­­шы­сы Әбіш Кекілбаев «қазақ ру­хы­ның қағбасына» те­ң­еген бо­ла­тын. Елбасы Н.Назар­баев «Бола­шаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» бағ­­дар­­ла­­малық мақаласында Ұлы даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түр­­лі рөл атқарғанын атап өтті.

Аймақтар • 28 Қазан, 2019

Әлеуметтік мәселелерге назар аударылды

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Түркістан облысында болды. Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының орындалуын насихаттау мақсатында келген жұмыс тобы тарихи Отырар ауданын аралады.

Руханият • 22 Қазан, 2019

Түркістанда «Сыйға берілген жәдігерлер» атты көрме ашылды

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Сыйға берілген жәдігерлер» атты  көрме ашылды. Көрмеге  «Музейге сый»  акциясы  аясында жинақталған, экспозицияға шығарыла бермейтін 75 жәдігер қойылған.

Руханият • 22 Қазан, 2019

Тарихымыздың құты – Тайқазан

Иә, сирек кездесетін 7 түрлі металл қоспасынан құйыл­ған бұл Тайқазанға биыл – 620, ал оның Түркістанға әке­­лін­геніне 30 жыл толып отыр.

Аймақтар • 19 Қазан, 2019

Түркістан облысында 1304,9 млн көшет отырғызылады

Түркістан қаласы бойынша жоспарланған 197 мың көшеттің бүгінгі күнге дейін 49мыңы отырғызылған. Көгалдандыру мақсатында қала 16 секторға бөлінген болатын. Бүгінде әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

«Самұрық-Қазына» өңірде жаңа жобаларға қолдау көрсетеді

Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған төтен­ше жағдай кезінде алғашқы болып көмек қолын созған­дардың бірі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 7 млрд теңге қаржы бөліп, 68 нысанды қалпына келтірді. Оның ішінде 16 мектеп, 8 аурухана, 36 балабақша, 4 спорт нысаны, колледж, темір жол вокзалы, Даңқ аллеясы және Орталық алаң бар.