
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019
Түркістан облысында мақта терімі басталды
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды. Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты «Нұржан» шаруа қожалығы 5,8 гектар жерге «Мақтаарал 47/27» мақта сортын еккен. Мақта терімін алғаш болып бастаған қожалық 27 центнерден өнім алуда.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019
Шәмші әндері Түркістан төрінде шарықтады
«Менің Қазақстаным» ән байқауы биыл Түркістан қаласында алғаш рет өтті. Жалпы осымен 23 рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі байқаудың биылғы ерекшелігі, қатысушы үміткерлер ұлы композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың кез келген әнін орындап, оны әлеуметтік желіге жариялау арқылы дауыс жинады. Көпшіліктің қолдауына ие болғандар ақтық кезеңге жолдама алды.
Руханият • 13 Қыркүйек, 2019
Күлтөбеден II-III ғасырларға тән бұйымдар табылды
Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ортағасырлық Күлтөбе қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған алтын, темір және қоладан жасалған бұйымдар, қыштар мен тиындар, органикалық заттар, тандырлы пештері бар тұрмыстық бөлмелер, ыдыс-аяққа арналған көптеген плиткалар, балалардың ысқырық ойыншықтары әр кезеңнің көрінісін айқындап беруде.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Өрт – тілсіз жау, апат айтып келмейді. Кешіксең – кешірмейді. Сәл тосылсаң, тажал әп-сәтте-ақ айналасын жалмайды. Сондықтан тілсіз жаумен күресетін азаматтың да ерік-жігері мықты, жаужүрек болғаны жөн. Күні кеше Түркістан қаласындағы «Royal Grand» қонақүйінде орын алған оқиғада өрт сөндірушілер осы талаптан табылып, кәсіби шеберліктерінің жоғары екендігін көрсетті.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2019
Арыста жөндеу жұмыстарының 99,3%-ы аяқталған
Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
Түркістан: Сарыағаш ауданында мал ұрлығына қатысты 14 қылмыстық топ құрықталған
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы сақшылары жүргізген жедел жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 14 қылмыстық топ құрықталған.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
Арыс: 10 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтап тұр
Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталуға жақын. Бүгінде 7149 – тұрғын және көпқабатты үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталса, қалған 15 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Дегенмен 10 нысан бойынша меншік иелерінің келіспеуінен құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019
Шымкенттік Ерлан Рахматуллаев жеке көлігін қалаға қолайлы етіп, қайта жасап шықты. Яғни, артық деп санаған бөлшектердің бәрін алып тастап, небәрі үш құрылғыны орналастырған. Электр қуатымен жүретін көліктің аккумуляторын Алматыдан, қозғалтқышын Қытай елінен, ток қуатын реттегішті Ресейден алдыртқан. Сөйтіп қоршаған ортаға зияны жоқ, қалтаға салмақ салмайтын үнемді көлік жасап шығарған.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019
Атаулы көмекті шын мұқтаждар алуы тиіс
Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты айтылып жүрген әңгіме көп. Көмекке мұқтаждардың арасында қол жеткізе алмай жүргендер де баршылық, керісінше жалған айтып жағдайын жақсартқысы келетіндер де аз емес. Мысалы, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биылғы сәуір-шілде айында тағайындалған 13226 отбасының 1350-іне берілетін қаржы тоқтатылған.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019
Ескі сарыннан арылып, елге шығу ұсынылды
Түркістан облысында «Азаматтар өтініштерін бақылау» бөлімі құрылады. Аталған бөлім барлық деңгейдегі арыз-шағымдардың мерзімінде жауап берілуіне бақылау жасайды.