Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1258 материал табылды

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

Тілсіз жауды тізгіндеген түркістандық өрт сөндірушілер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталады

Өрт – тілсіз жау, апат айтып келмейді. Кешіксең – кешірмейді. Сәл тосылсаң, тажал әп-сәтте-ақ айналасын жалмайды. Сондықтан тілсіз жаумен күресетін азаматтың да ерік-жігері мықты, жаужүрек болғаны жөн. Күні кеше Түркістан қаласындағы «Royal Grand» қонақүйінде орын алған оқиғада өрт сөндірушілер осы талаптан табылып, кәсіби шеберліктерінің жоғары екендігін көрсетті.

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2019

Арыста жөндеу жұмыстарының 99,3%-ы аяқталған

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019

Түркістан: Сарыағаш ауданында мал ұрлығына қатысты 14 қылмыстық топ құрықталған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы сақшылары жүргізген жедел жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 14 қылмыстық топ құрықталған.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019

Арыс: 10 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтап тұр

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталуға жақын. Бүгінде 7149 – тұрғын және көпқабатты үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталса, қалған 15 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Дегенмен 10 нысан бойынша меншік иелерінің келіспеуінен құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.

Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019

Қалаға қолайлы көлік

Шымкенттік Ерлан Рахма­туллаев жеке көлігін қалаға қолайлы етіп, қайта жасап шықты. Яғни, артық деп санаған бөлшектердің бәрін алып тастап, небәрі үш құрылғыны орналастырған. Электр қуатымен жүретін көліктің аккумуляторын Алматыдан, қозғалт­қышын Қытай елінен, ток қуатын реттегішті Ресейден алдыртқан. Сөйтіп қоршаған ортаға зияны жоқ, қалтаға салмақ салмайтын үнемді көлік жасап шығарған.

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019

Атаулы көмекті шын мұқтаждар алуы тиіс

Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты айтылып жүрген әңгіме көп. Көмекке мұқтаждардың арасында қол жеткізе алмай жүргендер де баршылық, керісінше жалған айтып жағдайын жақсартқысы келетіндер де аз емес. Мысалы, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биылғы сәуір-шілде айында тағайындалған 13226 отбасының 1350-іне берілетін қаржы тоқтатылған.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019

Ескі сарыннан арылып, елге шығу ұсынылды

Түркістан облысында «Азаматтар өтініштерін бақылау» бөлімі құрылады. Аталған бөлім барлық деңгейдегі арыз-шағымдардың мерзімінде жауап берілуіне бақылау жасайды.

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019

Түркістанда азаматтардың өтінішін бақылау бөлімі құрылады

Аталған бөлім барлық деңгейдегі арыз-шағымдардың мерзімінде жауап берілуіне бақылау жасайды. Бұл жөнінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Президент Жолдауын іске асыруға арналған жиында мәлім етті.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Түркістан облысында «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы өтіп жатыр

Түркістан облысында 1000-нан астам полиция қызметкері бір ай бойы 904 мектептегі 488 мыңнан астам оқушының қауіпсіздігін қадағалайтын болады.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Түркістан облысында жаңа 7 мектеп ашылды

Білім күніне орай, Түркістан облысында жаңадан 7 мектеп ашылды, ал жыл соңына дейін 15 мектеп пайдалануға беріледі. Облыс көлемінде биыл 56 506 бала бірінші сынып табалдырығын аттады, жалпы білім алатын оқушылар саны 488 520-ға жетіп отыр.