Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1263 материал табылды

Аймақтар • 21 Сәуір, 2019

Кентаулық жастар қарияларды қамқорлыққа алды

Түркістан облысы Кентау қаласы бойынша бүгінде 10 ардагер, 800-ден астам тыл еңбеккері бар. Осы аға буынның амандығын ойлап, қамқорлық көрсетіп келе жатқан жастар «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында акция ұйымдастырды.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

Түркістан: Жобаларды жүзеге асыруға 3 669,4 млн теңге бөлінеді

Елбасы Н.Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға 90 млрд. теңге бөлуді тапсырған болатын. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі тарапынан республика бойынша анықталған 1753 перспективті елді мекеннің тізбесіне Түркістан облысынан 159 елді мекен еніп отыр. Бұл жөнінде Түркістан қаласында өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVIII конференциясында мәлім етілді.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

Түркістан облысында «Қызғалдақ фестивалі» өтуде

Түлкібас ауданы, Шұбайқызыл шоқысында қазақ даласының жауһары - қызғалдақты дәріптеу, қорғау мақсатында "Қызғалдақ фестивалі" жыл сайын өткізіліп келеді.

Сайлау • 16 Сәуір, 2019

ҮЕҰ өкілдері белсенділікке үндеді

Түркістан облысында тіркелген 700-ден астам қоғамдық бірлестіктің 577-сі – үкіметтік емес ұйымдар. Өңірде үкіметтік емес ұйымдардың бас қосып, өзекті мәселелерді талқылауына, жоспар-жобаларымен бөлісуіне мүмкіндік беретін 35 сұхбат алаңы жұмыс істейді.

Қоғам • 15 Сәуір, 2019

Батыр ана баспаналы болды

Өзге өңірлерді қайдам Түркістан облысында мектеп бітірген түлектер араға жылдар салып кездесу өткізетін дәстүр қалыптасқан. Сол кездесулерде түлектер өздері білім алған мектепке көмек көрсетіп, бүгінгі оқушыларға үлгі боларлық іс-шаралар өткізеді. Шардара ауданы Қоссейіт ауылындағы «Сырдария» жалпы орта мектебінің 20 жылдық түлектері ерекшелеу де игі іс жасап, 9 баласы бар сыныптасына баспана салып берді.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Түркістанда Әл-Фараби туралы анимациялық фильмнің таныстырылымы өтті

Түркістандағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына екі жыл толуына орай «Оқсыз оқиғасы» анимациялық фильмінің таныстырылымы өтті.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Түркістан: Жетісайлық диқандар Ресейге 20 тонна өнім жөнелтті

Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіндегі «Ықылас» шаруа қожалығы қырыққабат дақылының алғашқы 20 тоннасын Уфа қаласына жөнелтті.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2019

Мақтаарал ауданында «ақ алтын» 35 мың гектар жерге егіледі

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 35 мың гектар жерге мақта, 4,5 мың гектарға дәнді дақыл, 100 гектарға күнбағыс, 3,2 мың гектарға көкөніс, 11,5 мың гектарға бақша, 6 мың гектарға мал азықтық дақылдары егілмек.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2019

Сарыағашта 56 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі

Сарыағаштың шипажайларына келушілер қатары көбейе түсуде. Емдік суға, медициналық қызметке сұраныс болғандықтан жаңа шипажайлар қатары да артуда. Аудан бойынша 30 емдік - сауықтыру, балалар шипажайы, балалар сауықтыру лагері, гольф клубы, 20 қонақ үй қызмет көрсетеді.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2019

Облыс атынан өнер көрсетеді

Түркістан қаласындағы Мә­дениет үйінде «Бала да­уысы» ұлттық балалар ән байқауының 4-ші мау­сы­мының іріктеу кезеңі өтті. Музыкалық және шы­ғар­машылық дарыны бар балаларды анықтап қолдау көрсетуді, олардың шы­ғармашылық әлеуетін жү­зеге асыруға, бола­шақта та­лап-қабі­леттерін дамытуға кө­мек­те­суді мақсат еткен бай­қау­ға облыстың әр түкпі­рінен 100-ден аса бала қа­тысып, бағын сынады.