Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1264 материал табылды

Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Референдумға тұңғыш рет қатысқан түркістандық сыйлық алды

Түркістан қаласында таңғы 7-де жұмысын бастаған 50 референдум учаскесінде тұрғындардың алғашқы легі өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 02 Маусым, 2022

Ұлттық рәміздер – ұлттық мақтаныш

Елді танытар ұлттық құндылық – Ту, Елтаңба, Әнұран бүгінде төрткүл дүниеге кеңі­нен танылды. Айбынымызды асырған Мемле­кеттік Рәміздерді құрметпен ұлықтау – әр азаматтың парызы. 4 – маусым Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай еліміздің әр аймағында түрлі іс-шаралар бастау алды.

Спорт • 02 Маусым, 2022

Спорт білім алуға кедергі келтірмейді

Балаларды қорғау күні Шымкент Жастар лигасы жобасының жеңімпаздары марапатталды. Турнирдің салтанатты жабылу рәсімі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтті. Мектепаралық жарыстың қорытындысы шығарылмас бұрын, Лига финалына жолдама алған қос футбол командасы өзара бақ сынасты.

Қоғам • 02 Маусым, 2022

Баспаналы болу – бір бақыт

Қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаған. Түркістан өңірінің қайырымды азаматтары мұқтаж жандарға баспана сыйлап, ел алғысына бөленуде. Бұл бағыттағы қайырымдылық, әсіресе мектепті жиырма жыл бұрын бітірген түлектер тарапынан жиі жасалуда.

Саясат • 01 Маусым, 2022

Саяси жүйені реформалау ісі жалғасады

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшім­баев Түркістан облысында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында конституциялық реформаның мәні мен маңызы кеңінен сөз болды.

Қазақстан • 26 Мамыр, 2022

Ақынға ескерткіш қойылды

Өзіндік үнімен, суреткерлік қасиетімен танылған Қосжан Мүсірепов аз ғана уақыт өмір сүрсе де, әдебиетке іргелі шығармалармен олжа салды. Нәзік иірімдерге толы нәркез новеллалар жазудың да хас шебері болған. «Жоғалған ақ алмас», «Жарық дүние», «Намыс», «Асылық», «Өкініш», «Алтын анам», тағы басқа да новеллалары жүрек қылын шертеді, оқырманын иірімі терең мұңға орайды. Ақынның балаларға арнап жазған шығармалары да зерттеп-зерделеуді қажет етеді.

Референдум-2022 • 26 Мамыр, 2022

Cаll орталықтар – 7/24 режімде

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістан облысының Арыс және Шымкент қалаларында іссапарда болып, өңірлердің референдумға дайындығын бақылады.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2022

Шымкентте халықаралық мектеп пайдалануға беріледі

Биыл үшінші мегаполисте тұңғыш халықаралық мектеп пайдалануға берілмек. Заманауи мектепте оқушыларға жергілікті және шетелдік жоғары білікті педагогтер халықаралық стандартқа сәйкес үш тілде білім береді, деп жазады Egemen.kz.

Референдум-2022 • 25 Мамыр, 2022

Әділетті Қазақстан құрудың алғышарты

Мәжіліс депутаттары Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қайнар Абасов және Сырым Ертаев өңірлерге сапар аясында Түркістан облысына барып, халықпен кездесті.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2022

Түркістан – рухани өлке

Түркістан облысына «Рухани өлке – 2022» мәртебесі берілді. Әсіресе өңір халқы үшін қуанышты хабар мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде жария етілді.