Фарида БЫҚАЙ
Фарида БЫҚАЙ«Egemen Qazaqstan»
655 материал табылды

Сайлау • 26 Шілде, 2021

Ауылдықтар оң өзгерістер күтеді

Біздің облыста 44 ауылдық деңгейдегі әкімнің тікелей сайлауы 130 елді мекенде өтті. Үміткер болып 168 адам ұсынылды. Олардың 59-ын саяси партиялар ұсынса, 109-ы – өзін өзі ұсынғандар

Сайлау • 22 Шілде, 2021

«Ақымаққа – шапалақ» дегізбейтін әкім керек...

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолованың мәліметінше, өңірде ауыл әкімін сайлау 44 ауылдық округте өткізіледі. Жалпы саны 75 мың тұрғыны бар 130 ауылдық елді мекенде 52 мың сайлаушы бар.

Коронавирус • 19 Шілде, 2021

Карантин талаптары қатаңдатылды

Өңірде кезекті №16 қаулы жарияланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депар­таментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті. Шектеу­лердің күшейтілуіне індет жұқтырып, сырқаттанғандардың көбеюі және елдегі эпидемиялық ахуалдың нашарлауы себеп болған.

Тарих • 13 Шілде, 2021

Құдыққа тасталған құрбандар

Ашаршылық жылдары қазіргі Ертіс ауданы Ұйымшыл ауылында жалғыз қалған бір қарт аштан өлгендерді құдыққа жерлеген екен. Оған жергілікті тұрғындар 1998 жылы қоршау мен  тас белгі орнатқан. Жыл сайын  31 мамырда осы жерге келіп, аштық құрбандарын еске алып, Құран бағыштайды.

Коронавирус • 09 Шілде, 2021

Екпе салдырып, 1 млн теңге ұтып алды

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екпе алғандар арасында ақшалай сыйлық ойнату 26-маусымда басталды. Ұтысқа қатысу үшін павлодарлықтар індетке қарсы вакцина алуға келе бастаған. Тәулігіне 4 мыңнан астам адам вакцина алуға келген. Сөйтіп, 4 шілде күні ақшалай сыйлыққа Анастасия Гринченко ие болды.

Қоғам • 09 Шілде, 2021

Майкөбе мен Шөптікөл елді мекендеріндегі тиімсіз жоба

Павлодар өңірінің Баянауыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, былтыр Майкөбе ауылындағы су құбыры құрылысын теміртаулық «Дәнекер» ЖШС жүргізе бастаған. Ал Шөптікөл ауылына құны 1 млрд теңгеге жуық­тайтын жоба жасалып, дайындалған. Облыс әкімдігі Майкөбедегі су құбыры жұмысын аяқтауды, ал Шөптікөлдегі қымбат жобаны қайта зерттеуді тапсырды.

Аймақтар • 25 Маусым, 2021

«Біз Екібастұзда тұрамыз!»

Жуырда Үкімет тапсырмасына орай «Екібастұзды дамыту стратегиясы – 2021-2023» бағдарламасы басталды. Жоспарға сәйкес тұрғындар санын 200 мыңға дейін көбейтіп, қаланы дербес экономикалық орталыққа айналдыру керек. Өмірге жайлы қауіпсіз орта мен адами капиталды дамытуға мүмкіндіктер жасап, қала эконо­микасының құры­лымын эволюциялық түрде өзгерту қажет.

Білім • 24 Маусым, 2021

Дарынды оқушылар 245 медаль жеңіп алды

Өңірімізде жыл сайын оқу жылының соңында республикалық және халықаралық пән олимпиадаларында жүлдегер атан­ған жас дарындармен кездесу өтеді. Биылғы кездесуге олимпиадалардың 52 жеңімпазы және «Ең үздік олим­пиадалық мектеп – 2021» дипломының иегерлері – маман­дандырылған мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысты.

Қазақстан • 20 Маусым, 2021

«Жасыл аймақ» жасыл жайлау емес

Әлеуметтік желілерде жергілікті жұрт картоп қымбаттағанын жарыса жазып жүр еді. Енді эпидемиялық ахуалдың жақсара түсуіне байланысты осы сенбіден, яғни 19 маусымнан бастап облыс орталығында ауылшаруашылық жәрмеңкесінің өткізілуіне рұқсат етілді.

Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Екібастұзды дамытудың стратегиясында қандай кедергілер бар?

Биылғы қаңтар айында өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моноқалаларды дамытудың орта мерзімді стратегиясын әзірлеу қажет екенін айтып, «Екібастұзда энергетика мен өнеркәсіп саласында білікті техникалық мамандар көп.