Нұршат ТӨКЕН
Нұршат ТӨКЕН«Egemen Qazaqstan»
1049 материал табылды

Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Ата мұрамызды ардақтаудың үлгісі

Шымкенттегі «Түркістан» сарайы алдында Ұлттық домбыра күніне орай, төл өнеріміз төрге шығарылды. Бабамыздан мұра болып қалған домбыра аспабына арнап еңселі ескерткіш орнатылды.

Аймақтар • 11 Шілде, 2019

Түркістанда медициналық көмек көрсету жүйесі жақсарады

Қазіргі таңда Медициналық сақтандыру қорына еліміз бойынша 186,2 млрд. теңге көлемінде жарна аударылған. Жинақталған жарнаның 5,7 пайызы Түркістан облысының үлесіне кіреді. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталып, 2020 жылдан бастап МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдеді.

Спорт • 11 Шілде, 2019

Шымкентте «Ордабасы» және «Торпедо» командаларының баспасөз мәслихаты өтті

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің аясында, бүгін (11 шілде) сағат 20:00-де Шымкент қаласы, Қажымұқан атындағы орталық стадионда «Ордабасы» (Шымкент) мен «Торпедо» (Кутаиси, Грузия) күш сынасады. Осыған орай кеше «Rixos Khadisha» қонақүйінде матч алдындағы баспасөз мәслихаты өтті. Оған командалардың бас бапкерлері қатысты.

Аймақтар • 11 Шілде, 2019

Арыс қаласындағы дабыл және қауіпсіздік жүйесі жаңартылады

Арыс қаласындағы қауіпсіздік және дабыл жүйесі толығымен жаңартылып, ауыстырылады. Сонымен бірге Түркістан облысының даму бағдарламасы бойынша өңірдегі барлық аудан, қалаларда да осы бағытта жұмыс күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Арыс қаласындағы брифингте Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров мәлімдеді.

Аймақтар • 10 Шілде, 2019

Шымкентті дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру бойынша жиын өтті

Қала әкімдігінде шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен 2023 жылға дейін шаһарды дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру бойынша жиын өтті. Жиынға сала жетекшілері, басқарма басшылары қатысып, қаланың алдағы даму жоспарларымен танысты.

Аймақтар • 10 Шілде, 2019

Шымкентте дәстүрімізді дәріптейтін қос кітап жарық көрді

Шымкентте әр қазақтың үйінің төрінде тұруы тиіс тағы қос кітап жарық көрді.

Аймақтар • 10 Шілде, 2019

Түйткілді мәселелер тұрғындармен келісіп шешіледі

«Көп түкірсе – көл» демекші, Түркістанда әкімдік пен жер­гілікті тұрғындар суару және көгалдандыру мәселелерін бір­лесіп шешуде. Сондай-ақ түркі­стандықтар «тұрмысы төмен жандарға арналған дүкен» тәжірибесін барлық өңірге насихаттамақ.

Аймақтар • 09 Шілде, 2019

Шымкентте сәбилерге домбыра тарту етілді

Ұлттық домбыра күніне орай Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қаладағы перинаталдық орталықтарда «Қасиетті Домбыра» акциясын өткізді. Іс-шарада ассамблея мүшелері шілде айының бірінші жексенбісіне белгіленген ұлық мейрамда бірінші болып жарық дүние есігін ашқан ұл мен қызға ізгі тілек жазылған хат тапсырып, ата-аналарына домбыра мен арнайы сыйлықтар тарту етті. Әрі, домбыраның бұрауын келтіріп, бақытты ата-аналарға күмбірлете күй тартып берді.

Аймақтар • 09 Шілде, 2019

Непалдық кәсіпкер Шымкентте аквапарк салады

Непалдық миллиардер Шымкентте аквапарк салады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін тілшілерге Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті.

Аймақтар • 05 Шілде, 2019

Шымкентте «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды

Үшінші мегаполисте Болат Өтемұратов қорының «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды. Аталған орталықтың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, лентасын қиды.